«Кәсіпорын өкілдерімен сұхбат»
Жазылымалды тапсырма
2-тапсырма. Берілген мәтіндерде еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өкілдерімен арнайы шағын сұхбат берілген. Сұхбат берушілердің жауабын мұқият оқып, мазмұнына сай сұрақ жазыңыз.
1-cұхбат.
(«LED Solution» ЖШС жылына 60 000 шырақ жағады.)
Есімім Асылбек Бақыттөлеуұлы, компанияның менеджері болам. Иә, біз ақылды жарықтандырудың қазақстандық үлгісін қалыптастырдық. Біздің компания негізінен көшелер мен аулаларды жарықтандырумен айналысады. Жарықтандыру жүйесі негізінен электр қуатын үнемдейтін жарықтандыру құралын шығарады әрі қауіпсіз. Біз жақында жаяу жүргіншілерге арналған ақылды бағдаршам мен жолақтарды ойлап таптық. Мысалы: көше бойында жаяу жүргінші жолағы бар делік. Адам жолаққа шыққан уақытта кәдімгі қара асфальтқа қызыл түспен (STOP!) деген жазу пайда болады.
2-сұхбат.
(«Сапа Су» ЖШС құбырлары 100 жыл бойына пайдалануға жарамды).
Есімім — Әсел Жанболатқызы, осы «Сапа Су» ЖШС-інде инженер болып қызмет атқарамын. Біздің кәсіпорын таза отандық кәсіпорын. Өнімдеріміз тек Қазақстандық шикізаттан дайындалады. Жұмыс істеп келе жатқанымызға бес жыл болды. Өнімдер жоғары сұранысқа ие деп айтсам, қателеспеймін. Себебі зауыт отандық нарықта бәсекеге қабілетті. Келесі жылдан бастап, экспорт мәселесімен де айналысуды көздеп отырмыз. Әзірге Қазақстандағы ірі қалаларды құбырмен қамтудамыз.
Ал бұл құбырлар көбіне ірі қалалардағы кәріз сулары мен өзге де қалдықтарын қала сыртына шығару үшін пайдаланылады. Бір құбырдың өзінің қолданылу мерзімі 100 жыл. Сондықтан сапалы өнім қашан да қажет деп ойлаймын.
3-сұхбат.
(1000-ға тарта ойын алаңын жасап, балаларды қуантқан «Темір Астана» ЖШС)
Есімім Хамзин Дамир, кәсіпорында инженер боламын. Көп жағдайда қазір пластик пен темірден жасап жатады. Темір тоттанып шіруге бейім болса, пластик өнімдер қыста қатты аяз бен жаздың аптап ыстығына төтеп бере алмай қалуы мүмкін. Сондықтан біз ағаш өнімін өңдеп, оны қалың етіп күн мен жаңбырға шыдамды сыр қаптамамен қаптаймыз. Сол кезде өнімдеріміз кем деген де 10 жыл өз қалпын ұстап тұруға қауқарлы күйге келеді. Сондай-ақ біздің компанияның өнімдері экологиялық таза өнімдер. Барлық шикізат еліміздің түкпір-түкпірінен тасымалданады. Ал ағаш өнімін біз Көкшетау өңірінен әкелеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |