10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)

келтіріңіз: 
 
Толғау
 –
 қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының 
ауызша поэзиясында кең тараған жанр.
Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Негізгі бейнелеу 
тәсілі – дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды
тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, 
буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, біртіндеп 
тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір 
мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады. 
38.
 
І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа арналған шығармаларын 
атаңыз: 
«Көшпенділер» трилогиясы, «Шыңғыс хан», «Алтын Орда» т.б.
 
39.
 
 І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесі
:
 
Кенесары батыр барлық іс-әрекетімен, ашу мен ыза, кек пен 
қаталдық, ақыл мен айлакерлік сияқты қасиеттерімен айқындала көрінген 
образ. 
Белгілі мөлшерде Кенесары қазақ халқын патшаның және Қоқан 
хандығының құрсау қыспағынан құтқару үшін күрескен қайраткер болып 
көрінеді. Бірақ оның түпкі мақсаты бұл емес, оның арманы бұрынғы хандық 
дәуірді қайта орнату, қазақ елін Россиядан бөліп алып жеке хандық құру. 
40.
 
І. Есенберлиннің «Жанталас» романында қай хан тарих 
сахнасынан көрініс беріп, ерлігімен суреттеледі? 
Шапқыншылық емес, 
негізгі мақсат басқыншылықтан қорғану боп келетін дәуір бейнесі жасалған 
«Жанталас» романында Абылай әр қырынан суреттеледі, сан түрлі мінез, 
қасиетімен көрініс табады.
 
41.
 
 І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізгі өзегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет