10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме



бет11/38
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#51928
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып,-dereksiz.org

Орфографиялық норма.
Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

10.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
10. 3.2.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу


Жазылым алды тапсырма.
Оқушылар мұғалім ұсынған санақ бойынша ақпараттар туралы (салт – дәстүрлердің сақталуы т.б. ) өзара әңгімелеседі. Келесіде оларға стикерлер немесе түрлі-түсті қағаз бен желім таратып беріңіз. Олардан қосымша құралдарды қолдана отырып митинг транспарантын жасауды сұраңыз. Артынан сол транспаранттарға тақырып бойынша идеяларын жазуларын сұраңыз. Содан барып оқушылардың орындарынан тұрып бейбіт ереуілге шығып, сыныпты аралап жүріп басқа оқушылармен өз идеяларымен бөлісулерін сұраңыз. Оқушылар шынайы ереуіл атмосферасы болуы үшін өз тұжырымдамаларын дауыстап қайталап айтып жүрулеріне болады.
Жазылым тапсырмасы.
Алдымен, оқушыларға сызықтық диаграмма ұсынылады. Диаграммада көрсетілген сандық, түрлілік ақпараттарды «Адам өмірінде адами құндылықтардың рөлі ерекше. Оның ішінде салт – дәстүрлерің орны бөлек. Олай болса, қазақ халқы ұлттық салт – дәстүрлерді қаншалықты сақтайды? » тақырыбында мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап орфограяиялық нормаға сай жазады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Парақты 9 торкөзге бөліп, оқушыларға таратылады. «Құндылықтардың адам өміріндегі рөлі» т.б тақырыбына қатысты сұрақтар жазып, торкөзді парақты топтарға жібересіз. Топ мүшелері 9 сұрақтың кем дегенде үшеуіне әртүрлі ресурс көздерінен тақырыпқа қатысты түрлі пікірлер келтіріп жауап жазады.
Бөлмені аралап жүріп, сұрақтарға сүйене отырып, өз көзқарастары бойынша ең қызық деген жауаптармен танысады. Соңында барлығы шеңберге тұрып, өздері қызықты деп тапқан жауаптар туралы әңгімелейді.

Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларының біркелкі жазылу нормасын белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық, орфоэпиялық, грамматикалық нормасын әрбір сауатты адамға қандай міндетті болса, сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті.

https://surak.baribar.kz/206027/
http://maturidi.kz/index.php/kz/ma-alalar/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет