10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме



бет7/38
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#51928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Т/А4 Негізгі ойды анықтау
ӘТН
Грамматикалық норма

10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық – саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру.
10. 4.4.1- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу



Тыңдалым алды тапсырма.
Сыныптың әр бұрышына мұғалім «Мәдениет. Өнер. Өркениет т.б.» қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. ЖЖ
Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар алдымен, шағын топтарға біріктіріледі. Одан кейін « Музей – мәдениет пен өркениет ордасы» тақырыбындағы бейнекөріністі көреді. Ортақ талқылауға «Бейнекөріністе көтерілген мәселе қандай ортада кездеседі? «Музей – мәдениет пен өркениет ордасы» деген пікірге қаншалықты қосыласыз? Неліктен?» т.б. сұрағы беріледі. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Соңында жинаған мәліметтерімен өз тобының мүшелерімен бөліседі. Бұл тапсырманы орындағаннан кейін, бейнематериалдың маңызды бөліктерін еске сақтап, негізгі ойды басшылыққа алып мәтін құрастырады Оқушылар бұл түйткілді тақырыпты таразыға салып, өзекті мәселенің мәніне үңіліп, мәселеден шығу жолдарын қарастырады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Жоғарыдағы тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар тыңдалым материалын тағы бір тыңдап, сөз тіркестерінің жүйелік заңдылығына сай төмендегі кестені толтырады.



Сөз тіркестері

Матасу

Қиысу

Қабысу
















Өркениеттің дамуы

Құндылықтар жалғасуда

Мәдени орын



















































Дифференциация тапсырмасы
Топқа тақырып бойынша
(мәдениет және өркениет т.б.) мәтін немесе ресурс материалы, суреттер беріледі. Оқушылар осы ресурс бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша
5 идея айтуы тиіс.Спикер топтың идеяларын жазып алып, басқа топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет