10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме


Мақала жазуда басшылыққа алатын нұсқаулық



бет14/38
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#51928
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Мақала жазуда басшылыққа алатын нұсқаулық:

Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.
Тақырып қойыңыз.
Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.
Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз.
Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Топтан екі ерікті таңдалады. Олар сайлауда ауыл әкіміне кандидат болады (рольге енеді). Топ алдында өз бағдарламаларын ұсынып, сөз сөйлейді. Жүргізуші оларға сөз арасында өз сөздеріне қосып айтуға тиіс сөздерді көрсетіп тұрады. Мысалы (мәдениет, тұрмыс - тіршілік, сақтау, рухани құндылығымыз, бірге болу, құрметтеу, қоғам, заман т.б.) Басқа тыңдаушылар сайланушылардың әңгіме құрастыру шеберлігін бағалап, дауыс береді.


Мақаланың жоспары
Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз. Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз. Мысалы, газетке шығатын мақала баяндау формасында, тым ғылыми емес болуы керек. Бірақ ауызекі сөздерді пайдаланбау керек


https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474/





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет