Жазылым тапсырмасы. «Отандық сәулет өнерінің болашағы қандай?» деген тақырыпта мақала жазады.
Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Ыстық орындық». Жазған мақалаларын ортаға шығып оқиды, критерийлерге сәйкес бағалау жүргізіледі.
Дескриптор -мақала тақырыбын анықтап, талқылайды;
-дәлелдер келтіреді;
-стильдік және жанрлық ерекшеліктерді сақтап, мақала жазады.
-орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.
Мақала жазу әдістері:
Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.
Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.
Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
Әр сөздеріңізге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсініксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.
6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!