10 тапсырма тәтіқараның Абылай ханға байланысты туған жырларындағы заман көрінісі



бет2/3
Дата08.11.2022
өлшемі19,72 Kb.
#48537
1   2   3
Байланысты:
10тапсырмаҚазхан

Тәтіқара — Абылай ханның тұстасы болғандықтан жауынгер сарбаз ретінде қалмақтара қарсы жорықтарға да қатысып, сол жорықтарды жырға қосқан. Оның бір өлеңін кезінде орыс тіліне аударған Шоқан Уәлиханов Тәтіқараның ірі ақын болғанын айтып, ақын Абылай ханның ғана емес, ол басқарған сарбаздардың жыршысы екенін ескертеді және Абылай қолының жаудан беті қайтқан бір шағында айтылған өлеңнің мазмұнын баяндайды. (Ш.Уәлиханов. 5 т. шығ. жинағы.1-ші том. А.,1961). Ақын-жыршылар шығармашылығын терең зерттеген ғалым Есмағамбет Ысмайылов Бұхар жырау мен Тәтіқара ақынды Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шыншылдықпен жырлаған ақындар деп атап көрсетеді. (Е.Ысмайылов. Ақындар. А., 1956.) Академик Әлкей Марғұлан Тәтіқара жырау ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы- импровизатор екенін атап айтып: «оның өлеңдері мен жырларынан тек ауыз әдебиетінің ерекшеліктері ғана емес, жазба әдебиетке тән сипаттар да байқалады» - деген анықтама берген. Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова Қостанай өңірінде тұратын кісілердің аузынан Тәтіқара ақын жырларын жазып алған. Кезінде «Үш ғасыр жырлайды» (кейін «Бес ғасыр жырлайды») антологиясына енген осы жырлар.
Абылай қолы тығырыққа тіреліп, алдан жау, арттан су қысқан сәтте Тәтіқараның суырып салып айтқан жыры сарбаздардың рухын көтереді:
«Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза,
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы,
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын,
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт.
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт

2. Тәтіқара жырларындағы тәуелсіздік рухы.

Ақынның «Кеше тоқыраулы судың бойынан...» деп басталатын өлеңінен сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастардың бір қыры аңғарылады. Хан мен халық арасындағы байланыстың сол замандағы қазақ жұртында ор­ныққан ерекше үлгісін аңдау үшін Абылай ханға арнала айтылғаны анық танылатын осы өлеңді саралай зерделеп көрелік.


Өлеңнің мазмұнын құрайтын жағдайларды рет-ретімен топтастыра, бөлікке бөлер болсақ, олардың жалпы жүйесі былай түзіледі: Абылайдың дүниеге келу ерекшелігі, бала кезінің көрінісі, ерлігі, ерлікті елдің бағалауы, құрметтеген елге хан көзқарасының өзгеруі, ел жауабы.
Өлеңнің алғашқы бөліктерінде, яғни «Кеше тоқыраулы судың бойынан...» деген тармақтан «...Хан көтеріп еді» деп аяқталатын тармаққа дейінгі аралықта айтылатын жәйттер өзге де жырауларда кездесетіндіктен және олардың бейнелеу тәсілдеріндегі ерекшеліктер болмаса, жалпы мазмұндарында үлкен айырмашылық жоқ болғандықтан, соңғы екі бөлікке қатысты ой тарқатқан абзал. Бұл бөлік:
«...Үш жүздің баласын Бір баласындай көрмеді»
және
«Ат құйрығын сүзіңдер, Аллалап атқа мініңдер, Хан-талау қылып алыңдар!» – деген жолдардан тұрады.
«Әдебиет – дәуірдің көркем бейнесі», «Ақын – өз дәуірінің өкілі» деген қағидаларды басшылыққа ала отырып, осы үзіндіден танылатын сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік қырым-қатынастардың көрінісіне назар аударсақ, хандық дәуірдегі Дала демократиясын көреміз.
Ал «Дала демократиясының көрінісі» дегенде, бұл өлеңнен нені көреміз?
Көретініміз – өз билеушісін елдің өзінің таңдайтыны, оның әрбір әрекетін ұдайы қадағалап отыратыны, бұра тартқан жағдайда ел болып дұрыс жолға бағыттайтыны және билеуші ақылға жүгінбесе, елдің айбат танытудан да тайынбайтыны. Хандық дәуірдегі қазақ қоғамында осы мазмұндағы Дала демократиясының салтанат құрғанын басқа жыраулардың жыр-толғауларынан да кезіктіреміз.
«Осы үзіндіден танылатын өмірлік шындық қандай?» деген сұраққа жауап іздесек, мәтінде бейнеленген өмір шындығы төмендегідей: қазақ-жоңғар соғысында елдің даңқын асырып, жеңіске жетелеген Абылай хан көңілінде масаттану, даңққа масайрау сезімі бел алғандықтан, елдің сөзін елемей, өктемдікке жол бере бастаған (яғни, Үш жүздің баласын өзінің бір баласындай көрмеу); сол себепті ел де ханды әділдік жолына шақыруға ниетті. Ал бұл тұста ақын – осы шындықты бейнелеуші. Тәтіқара ақынның бүгінге дейін жеткен шығармаларынан оның реалист екендігі анық танылатынын есте тұтсақ, бұл ретте де оның өз ұстанымы – шындықты айтудан ауытқымағаны анық.
Ақынның тұрмыс-тірлігінің шама-шарқын, мінез-жаратылысын аңғартатын шығармасы – «Ассалаумағалейкүм, жайсаңдармен қасқалар...» деп басталатын өлеңі.
Өлең ақынның өзіне етене таныс ел жақсыларын үйінің жанында кезіктіріп қалған сәтте дереу суырып салған импровизация тәрізді. Себебі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет