1,083 млрд км3, ауданы 510 млн


Геометриялық нивелирлеудің екі әдісі бар: «ортадан», «алға»



бет5/31
Дата27.05.2022
өлшемі83,91 Kb.
#35747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Геометриялық нивелирлеудің екі әдісі бар: «ортадан», «алға».
Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир нүктелер арасына, ал рейкалар сол нүктелерге орнатылады. Содан кейін нүктелерде тұрған рейкаларға кезекпен қарап, дүрбінің көздеу сәулесінің осы нүктелерден биіктіктері а және в деп есептеліп алынады. Егер А нүктесін артқы, ал В нүктесін алдыңғы нүкте деп белгілесек, онда а – рейкадан алынған артқы есеп те, в – рейкадан алынған алдыңғы есеп болады:


Һ = а – в (14.1)


Мұнда, һ - биіктік өсімшесі.
Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артқы және алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.
Егер а>в болса, онда h–тың оң таңбалы, ал а<в болса онда h–тың теріс таңбалы болғаны.
Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін осылайша анықтауды «ортадан» нивелирлеу деп атайды. Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық нивелирлеу жұмысының дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты болады және де екі қашықтық бір-біріне тең болуы қажет.
Алға нивелирлеу әдісінде нивелир дүрбісінің окуляры мен нүкте бір тіктеуіш сызық бойында орналасады да, есеп алынатын рейка екінші нүктеге орнатылады. Бұл жағдайда көздеу осінің нүктеден биіктігін рулетка немесе рейка арқылы өлшейді. Алдыңғы нүктеден есеп алынады:


Һ = і – в (14.2)


Мұнда, і – аспап биіктігі.
Демек, алға нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі аспап биіктігінен алдыңғы есепті алғанға тең.
Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктігін мына формула арқылы анықтауға болады:


НВ = НА + h (14.3)


Яғни келесі нүктенің биіктігі алдыңғы нүктенің биіктігіне өсімшені қосқанға тең.
Деңгей жазықтықтан аспаптың көздеу осіне дейінгі тіктеуіш сызықты аспап горизонты АГ деп атайды.
Аспап горизонты былай анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет