1-тарау. Негізгі ережелер 1. Осы "Геодезиялық қызмет және құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру" Қазақстан Республикасының құрылыстағы басшылық құжаты (бұдан әрі – Басшылық құжат) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2-тарау. Геодезиялық қызметтің (геодезиялық бөлімнің) міндеттері мен қызметтері 2. Құрылыс ұйымы геодезиялық қызметінің (геодезиялық бөлімінің) негізгі міндеттері осы ҚР ҚБҚ талаптарымен анықталады. 3. Геодезиялық қызметтің негізгі міндеттеріне мыналар жатады құрылыс өндірісін жобалау, дайындау және геодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезеңдеріндегі жоба авторларымен жобалау және құрылыс шешімдерін талқылау және келісу; құрылыс ұйымдарымен әзірленген жұмыс жүргізу жобаларын (бұдан әрі – ЖЖЖ) талқылауға және келісуге қатысу. геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізу және бақылаудың технологиялық карталарын талқылау және келісу; жобалау ұйымдарынан объектінің бөлу негіздері мен техникалық құжаттамасын акті бойынша қабылдау, оларға далалық тексеріс жүргізу; ұйымдарға геодезиялық бөлу негіздерін, сұлбаларды, сызбаларды түсіндірме жазбахатпен акті арқылы өткізу; топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау, аяқталған техникалық операцияларды аспаптық қабылдау, құрылыс объектілерін геодезиялық қамтамасыз етуді тексеру, техникалық құжаттаманы есепке алу және сақтау, өлшеу құралдарының жағдайын бағалау; өлшеу жүргізудің және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды бақылаудың жаңа әдістемелер мен техникалық карталарды құрылыс процесіне енгізу және құру; ұйымдық шешімдерді және ақпараттық-компьютерлік технологияларды жүзеге асыру, геодезиялық қызметті әдістемелік басқаруды сақтау; жаңа геодезиялық әзірлемелерді, спутниктік, навигациялық жүйенің инновациялық технологиясын, электрондық тахеометрияны, аэро және жер беті фотограмметрияны сандық фотограмметрияның автоматтандырылған жүйесін пайдалану арқылы енгізуге көмек көрсету; құрылыс ұйымына заманауи геодезиялық жүйе мен аспаптарды (электрондық тахеометр, теодолиттер, лазерлік қашықтық өлшеуіштер, визирлер, нивелирлер, ротациялық нивелирлер және тағы басқалары) енгізу; геодезиялық қызметті (геодезиялық бөлімді) аспаптармен, құралдармен және қажетті жабдықтармен жарақтандыруды есепке алу, оларға қажеттіліктерді анықтау, геодезиялық аспаптар мен қосымша құралдардың орташа мерзімін ескерумен оларды жөндеу және тексеруді бақылау;