1,083 млрд км3, ауданы 510 млн


Эллипсоид сфераға қарағанда



бет3/31
Дата27.05.2022
өлшемі83,91 Kb.
#35747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Топография и геодезия емтихан ЖАУАПТАРЫ))

Эллипсоид сфераға қарағанда Жер беті формасын дәлірек сипаттайды)
Эллипсоид сфераға қарағанда Жер беті формасын дәлірек сипаттайды. Геоид дегеніміз – Жер бетінің кез келген нүктесінде ауырлық күшінің ықпалы байқалмаған жағдайдағы (толысу жəне қайту, толқын, ағыс болмаған жағдайда) орта деңгейімен өтетін сызық
6. Балтық биіктік жүйесі. Жер бетіндегі нүктелердің биіктігі
7. Координаттар жүйесі туралы түсінік. Географиялық ендік және бойлық.( Геодезияда колданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазыктық жүйелері болып екіге бөлінеді.Координаталардың кеңістік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы-географиялык координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды географиялық ендік- және географиялық бойлық-λ дейді, Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялык меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0° тан 90°-қа дейін өзгеріп отырады. Геодезиялык бойлық (λ) бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0°-тан 180°-қа дейін салынады).

8. Географиялық және зоналық тікбұрышты координаттар жүйесі(Тік бұрышты координаталар жүйесінде X осі-абсцисса, ал У- ордината осьтері болып белгіленеді. Горизонталь жазықтық координата осьтерімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада колданылатын декарттык тік бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы-ширектердің оң жаққа карай нөмірленулері, яғни солтүстік-шығыс ширектен басталып, сағат тілінің бағытымен есептеледі. Әлбетте, мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.


Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Жер бетінің едәуір территориясын планға, картаға түсіру үшін жер бетіндегі нүктелерді эллипсоид бетінен жазық бетке кескіндеу қажет болады. Міне, осындай кескіндеу кезінде мына төменгі шарттар сақталуы керек: 1) жер бетіндегі арақашықтар өзгерістерінің ауытқу мөлшерінің шамалы болуы; 2) жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсірілуі; 3) географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу мүмкіндігі.)
9. Гаусс-Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлік проекциясы. Ординатаның түрленуі.
.(Гаусс проекциясы - жер эллипсоидінің бетін нүктелік сәйкестік заңы бойынша жазықтыққа кескіндеу әдісі. Гаусс проекциясында картографиялық проекциялардағы ауытқулар қарапайым және тұжырымды түрде есептеледі, Гаусс-Крюгер проекциясындағы аймақтарды санау гринвич меридианынан шығысқа жүргізіледі. Орта меридиан зонасы осьтік деп аталады.,,,,,,

  • 10. Географиялық карталардың құрылымы мен негізгі элементтері. .( Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі Картаны аумақты қамтуына қарай:

    • дүниежүзілік,

    • құрлықтық,

    • жеке елдер карталары, т.б.

  • Мазмұнына қарай:

    • жалпы географиялық

    • тақырыптық

    • техникалық

    • құжат, т.б.

  • масштабына қарай:

    • ірі масштабты — 1:200 000 және одан ірі,

    • орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1 000 000-ға дейін

    • кіші масштабты — 1:1 000 000-нан кіші, т.б. белгілеріне қарай бөледі

11. Жоспар (план), карта, профиль және бөлім туралы түсінік
(План
(лат.planum — жазықтық) —жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта(1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен)шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін сызба (топографиялық План); қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі; горизонталь проекция;
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу
Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру
жүргізуде,жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;
Профиль— география мен геология ғылымдарында кездесетін вертикалды (тік) қималар немесе кейбір рельеф
формаларының (аңғардың, таудың, теңіздің), геологиялық қабаттардың көлденең қимасы. Бұл вертикалды жазықтықта рельеф формаларьшың, жер қабығы құрылысымен құрамының өзгеруін зерттеуде картаны толықтыру үшін жасалады. Өсімдік, топырақ тағы басқалар. комплексті профиль ландшафт құрайтын әрбір табиғат элементтерінің байланыстарын түсіндіру үшін сызылады.

12. Масштаб. Оның түрлері


(Жер бетінің жазықтықта неше есе кішірейтілгенін көрсетілген сандық шама географиялық картаның масштабы деп аталады.. Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.
Сандық масштаб – алымы бірге тең, ал бөлімі карта ұзындығының азайтындысының дәрежесіне тең бөлшек; Мысалы 1:100000;
Атаулы масштаб (вербалды) – бұл картадағы 1 сантиметрге сәйкес сызықтың ұзындығын көрсететін жазу;
Сызықтық масштаб – 1 см немесе 2 см-ге жер бетіндеқанша метр (километр) бар екендігін көрсететін сызықтық шкала.
13. Карталар мен пландарда жер бетінің бейнесі. Горизонталь түрлері.
.( Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді.
Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.
Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.
14. Шартты белгілер және олардың жіктелуі
(графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді.)
15. Топографиялық картаның номенклатурасы

. .( Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан баска осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады.


Карталардың номенклатурасы негізін 1 : 1000000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет