ГЕТЕРОПОЛИСАХАРИДТЕР Гетерополисахаридтер- құрамы әртүрлі моносахарид молекулаларынан тұрады.
Хондроитин сульфаттары глюкурон қышқылы және ацетил галактозаминнің қалдығынан тұрады. Олар белокпен комплекс түрінде шеміршекте, теріде, көздің белокты мүйізгек қабығында кіндік бауырда кездеседі. Гиалурон қышқылына қарағанда тұтқырлық қасиеті төмен.
Гепарин-жануар мен адам тканьдерінде, бауырда, өкпеде, жүректе, қаңқа еттерінде кездеседі. Медицинада маңызы зор, қан ұюын төмендету үшін қолданады. Д-глюкурон және һ-идурон қалдығынан тұрады. Бауыр клеткасында синтезделіп, бүйректе ыдырау процесі жүреді.
Гиалурон қышқылы. Гиалурон қышкылы — жоғары сатыдағы жануарлар мен адам ағзасында кездесетін аса маңызды полисахарид мұны мукополисахарид деп те атайды. Гиалурон қышкылы өзара ß (1->3) байланысымен жалғаскан ß - Д — глюкурон қышкылынан және N ацетилглюкозаминнен тұратын дисахаридтік бірліктерден (мономерден) құралған. Бұл мономердегі N — ацетилглюкозамин қалдығы өзінің ß — көміртегі атомы арқылы келесі мономердеп ß—глюкурон қышқылының 4-көміртегі атомына жалғасады. Дисахарид бөліктері арасындағы ß (1-»3) — және ß (1-44) — байланыстары аркылы осылайша сан рет кайталау нәтижесінде созылғыш полимер гиалурон қышкылының үлкен молекуласы түзіледі. Ерітіндісінің тұтқырлық қасиетіне байланысты микробтарға қарсы қорғаныш қызметі жоғары болады.
1--жұмыс Крахмал мен гликогеннің иодпен реакциясы
Әдістің негізі. Крахмал мен гликогеннің иодпен реакциясын ашу.
Қажетті құрал -жабдықтар: Люголь реактивін (J2 – KJ), крахмалрітіндісі, гликоген ерітіндісі, NаОН, NаCI, этил спирті,спиртшамы, пробиркалар, пипетка.
1.Жұмыс барысы:крахмал ерітіндісінің 2-3 мл-не 1-2 тамшы Люголь реактивін (J2 – KJ) қосады. Ерітінді көк түске боялады. Пробирка ішіндегісін 3 бөлікке бөледі. Бірінші бөлігіне 1-2 мл 10 %-дық NаОН, екіншісіне 2-3 мл этил спиртін қосады, үшіншісін қыздырады. Барлық жағдайда көк түс жойылады, бірақ үшінші сынамада салқындатқанда түс қайтадан пайда болады. Реакция амилозаның иодпен тұрақсыз адсорбциялық қосылыс түзуіне негізделген.
2.Жұмыс барысы:Пробиркадағы 2-3 мл гликоген ерітіндісіне 1-2 тамшы Люголь ерітіндісін қосады, араластырады. Қызыл-қоңыр түс пайда болады. Натрий хлоридінің бірнеше кішкене кристалын қосқанда түс қаныға түседі, бірақ NаОН ерітіндісін қосқанда немесе қыздырғанда жойылады.Иод-крахмал және иод-гликоген комплекстері түсіндегі айырмашылық крахмал мен гликоген құрылымының өзгешелігін көрсетеді.