11 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы полисахараидтер қысқаша теориялық мәліметтер



бет6/7
Дата03.12.2023
өлшемі1,16 Mb.
#133684
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-зертхана Биохимия 2

Қажет құрал- жабдықтар. Су моншасы, штативтер, пробиркалар, пипеткалар.
Қажет реактивтер. 1% –крахмал, тұз қышқылы, 5% –NаОН, 5% –СuSО4, Ниландер реактиві, Фелинг реактиві.
Жұмыс барысы: 2 пробиркаға 2-3 мл-ден 1%-тік крахмал ерітіндісін құяды. Бір пробиркаға 2-3 тамшы күшті тұз қышқылын құйып, ал екінші пробиркаға 2-3 тамшы су тамызып, екеуінде қайнап тұрған суға салып, 10-15 минут қыздырады. Суыған сон, Троммер, Фелинг, Ниландер реак-цияларын жасау керек.
Пробиркадағы сұйықтың түсін байқап, реакциялардың қорытындысын дәптерге жазыңдар.





3- жұмыс Агар-агарға реакция
Әдістің негізі Агар немесе агар-агар (малай тілінде агар-агар – балдыр) - кейбір қызыл теңіз балдырларынан алынатын полисахаридтер қоспасы; құрамына полисахаридтер енетін, қызыл балдырлардан алынатын өсімдік қоллоиды; судағы ерітіндісін суытқанда тығыз сірне түзеді;биологияда, медицинада және кондитер, цемент өндірісінде қолданылады. Микроағзаларды және бактерияларды өсіру үшін дақылдық орта дайындау үшін қолданылады. Агар полимері құрылысы:

Қажетті құрал -жабдықтар:
Жұмыс барысы:Агар-агар түйірін алып үстіне 4-5 мл су қосып қыздырамыз. Пайда болған ерітіндіні екіге бөлеміз. 1-ге Фелинг сұйықтығын қосып қыздырамыз. 2-ге 0,5-1 мл концентрлі HCl қосып, қыздырады. Суытып нейтралдайды. Сосын Фелинг сұйықтығын қоссақ, оң реакция береді.

4- жұмыс Крахмал мен гликогеннің иодпен реакциясы


Әдістің негізі Крахмал мен гликогеннің иодпен реакциясын ашу.
Қажетті құрал -жабдықтар: Люголь реактивін (J2 – KJ), крахмалрітіндісі, гликоген ерітіндісі, NаОН, NаCI, этил спирті,спиртшамы, пробиркалар, пипетка.
1.Жұмыс барысы: крахмал ерітіндісінің 2-3 мл-не 1-2 тамшы Люголь реактивін (J2 – KJ) қосады. Ерітінді көк түске боялады. Пробирка ішіндегісін 3 бөлікке бөледі. Бірінші бөлігіне 1-2 мл 10 %-дық NаОН, екіншісіне 2-3 мл этил спиртін қосады, үшіншісін қыздырады. Барлық жағдайда көк түс жойылады, бірақ үшінші сынамада салқындатқанда түс қайтадан пайда болады. Реакция амилозаның иодпен тұрақсыз адсорбциялық қосылыс түзуіне негізделген.
2.Жұмыс барысы: Пробиркадағы 2-3 мл гликоген ерітіндісіне 1-2 тамшы Люголь ерітіндісін қосады, араластырады. Қызыл-қоңыр түс пайда болады. Натрий хлоридінің бірнеше кішкене кристалын қосқанда түс қаныға түседі, бірақ NаОН ерітіндісін қосқанда немесе қыздырғанда жойылады.Иод-крахмал және иод-гликоген комплекстері түсіндегі айырмашылық крахмал мен гликоген құрылымының өзгешелігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет