65. Қышқылдар, жіктелуі, алынуы, қасиеттері. Қышқылдар ( электролиттік диссоциация көзқарасы тұрғысынан) электролиттер, судағы ерітіндіде сутек катионына ( Н+ )және қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады.Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бейэлектролиттер. ( Демонстрациялық жұмыс).
Алынуы.Қышқылдарды көп жағдайда қышқылдық оксидтерге су қосып немесе алмасу реакциясы көмегімен және тікелей жай заттардан синтездеу арқылы алады.1. Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады:
SO3 +H2O = H2SO4
P2O5 +3H2O=2H3PO4.2. Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелей әрекеттесуі (синтез әдісі) бойынша алады:H2 + Cl2 =2HCl.H2 + S = H2S
3. Кейбір ұшқыш, тұрақсыз және ерімейтін қышқылдарды олардың тұздарынa концентрлі қышқылмен әсер етіп алуға болады:
Na2SiО3 + 2HCl = H2SiO3 ↓ + 2NaCl
Физикалық қасиеттері: Кәдімгі жағдайда қышқылдар сұйық және қатты күйде болады. Көптеген қышқылдар суда жақсы ериді, тек кремний қышқылы ерімейді. Қышқыл әсерінен күлгін лакмустың түсі қызарады, ал метилоранж қызғылт түске боялады.
Химиялық қасиеттері:1. Қышқылдарды суда еріткенде түссіз ерітінділер түзеді, олар иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).Қышқылдардың диссоциациясы:HCl -> H++Cl-.HNO3 -> H++NO3-
Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады. Қышқылдан қанша ион сутек ерітіндіге бөлінсе, қышқыл қалдығының заряды сонша (теріс) зарядты болады.H2SO4H++HSO4-.HSO4-H++SO42-
Қышқылдардың жіктелуі:Органикалық (Сірке қышқылы, лимон қышқылы, алма қышқылы, құмырсқа қышқылы);Бейорганикалық (Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышықлы т.б.)
66. Комплексті қосылыстар.
Кешенді қосылыстар немесе координациялық қосылыстар — жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар.Кешенді қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO4·5H2O, аммиактар CaSO4·4NH3, ашутас KAl(SO4)2·12H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады.Кешенді қосылыстарда орталық орын алып тұрған ион немесе атом кешентүзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық саны деп аталады. Кешентүзуші ион және лиганд ішкі сфераны құрайды, оны кешенді ион немесе кешен деп атайды. Координациялық сан немесе валенттілік ол орталық кешентүзуші ионнның айналасына координацияланатын лигандтар саны. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебралық қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды. Негізгі кешен түзушілерге хим. элементтердің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан d-элементтері жатады. Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б. Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.