Бірінші талап – әдістер қазіргі мектептегі оқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталуға тиісті. Білімнің жаңа мазмұнын оқушыларға ұғындыруда оқыту әдістерінің атқаратын рөлі ерекше.
Екінші талап: әдістер оқытудың тәрбиелік ықпалын арттыруға көмектеседі. Балалардың жалпы дамуына, ақыл-ой қабілеттерін және дүниетанымның қалыптасуына оқыту әдістерінің жасайтын ықпалы зор.
Үшінші талап: мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылым әдістерінің элементтерімен таныстыруға міндетті.
Төртінші талап: оқыту әдістері оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және дербес білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.