№12 (58) 1 маусым 2016 жыл Ардагерлерге арналған республикалық газет Газет 2014 жылдан шығады



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата24.03.2017
өлшемі39,13 Mb.
#10351
1   2   3   4

Көпболсын БЕКМАҒАНБЕТ,

ҚР ІІМ-ңің Құрметті ардагері.

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ - ҚАЗЫНАСЫ БАР

Қазақ қоғамында ақсақалдар -

елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің

қайнар көзі. Қарттар қашанда елді

береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа

жұмылдыра білген. Халықтың

"Ауылыңда қартың болса, жазып

қойған хатпен тең", "Қариясы бар

елдің -  қазынасы бар" деген

сөздерінің мәнісі - ақылдың кені,

қазыналы қарттарды құрметтеу,

ақсақалдар қауымын ардақтау болып

табылады.

Бүгінгі күні еліміздің үлкен жетіс-

тіктерге жетіп, дүние жүзіне

танылған, стратегиялық тұрғыдан

сенімді әріптес, іргелі мемлекет

атануына ардагерлердің сіңірген

еңбегі зор. Ұлағатты ұрпақ тәрбие-

леген ардагерлер күні бүгінге дейін

қоғамдық өмірге белсенді араласып,

еліміздің елеулі азаматтары болып

отыр.

Ал өзім сөз еткелі отырған Алматы



облысы, Ұйғыр аудандық ардагерлер

ұйымы Республикалық, сондай-ақ

Алматы облыстық ардагерлер ұйым-

дарының басшылығымен және Ұйғыр

аудандық әкімшіліктің қолдауымен

бірлесе жұмыс атқарып келеді.

Ауданымыздағы ардагерлер ұйымы

1965 жылдан бері жұмыс істеуде.

Бүгінгі күні аудан халқының жалпы

саны 63 мың 400 тұрғын десек соның

ішінде зейнеткерлікке шыққаны 6882

зейнеткер, оның ішінде 4662 әйелдер

қауымы. Батыр аналар мен "Алтын

алқа" аналар 1685, Ұлы Отан соғысына

қатысқандардың қазір қалғаны 13

ардагер, оларға теңстірілгені 41,

Ауған соғысына қатысқандардың

саны 27 адам, Чернобыль зардаптарын

көрген 19 болса, Семей полигонынан

зардап шеккендер 4 адам, асырау-

шысынан айырылғандар 566, соғыс

жесірлері 10 адам, оның ішінде 3 жан

жүз жасаса, 69 адам тоқсанда, 1778

адам жетпістен асқандар.

Ауданымыздағы 2900-ден астам

шаруа қожалықтары мен 44 ұжым-

шардың жұмыстарының нәтижелі

болуына өз еңбектерімен, даналық

сөздерімен ауылдағы үлкен-кішіге

ақыл-кеңестерін айтып келе жатқан

жүздеген ардагер азаматтар бар.

Ауданның барлық 25 елді-мекен-

дерінде ауылдық округтердегі

ардагерлер кеңесінің төрағалары

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің

"Қазақстан жаңа жаһандық нақты

ахуалда: өсу, реформалар, даму" атты

Қазақстан халқына арнаған

Жолдауын басшылыққа  ала отырып,

кешегі өткен Парламент Мәжілісінің

барлық деңгейдегі мәслихат депутат-

тарын сайлау нәтижесі бойынша

сайлаудың әділ де ашық болған-

дығына, Елбасының Тәуелсіздігімізді

нығайту үшін, қабылданып жатқан "5

институтуттық реформа мен Ұлт

Жоспары - 100 нақты қадамын" іске

асыру бағытында жүргізіп отырған

саясатының жалпы ұлттық қолдауға

ие екендігін тағы бір рет айқындады.

Бүгінгі күні ата жасына жетіп,

ардагер атанып отырған қарияларымыз

бен ақ жаулықты аналарымыз

өздерінің істеген жақсылықтарына

орай лайықты сый-құрмет көріп отыр

ма? Өңірлердегі ардагерлер ұйымдары

олардың құрметке бөленуіне,

қоғамдық өмірге белсенді арала-

суларына қаншалықты үлес қосуда?

Жергілікті билік органдарының

ардагерлерге деген құрмет дәрежесі

қандай? - деген сұрақтар алдымыздан

көлденеңдеп шығатыны белгілі. Әрине,

өмірлік, соның ішінде басқарушылық

тәжірибесі мол, ақылман ақсақалдар

басқарып отырған ардагерлер ұйым-

дарында атқарылып жатқан шаралар

жоқ емес. Өткен жылдың қазан

айынан бастап Ұйғыр ауданының

барлық елді-мекендерінде белгіленген

кестеге сай ардагерлер ұйымдарының

есеп беру-сайлау жиындары өтті.

Ардагерлер ұйымдарының төра-

ғалары 2013-2015 жылдар аралы-

ғындағы істелген жұмыстарының

есебін берді. Оған аудан бойынша 965

адам қатысып, 87-сі сөз сөйлеп, өз

ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан

әкімшілігімен  келісе отырып, аудан-

дық ардагерлер ұйымының бекітуімен

тоқсан сайын алқа мәжілісі өткізіліп,

әрбір ауылдық округтердегі ардагерлер

кеңесінің төрағалары "Халықтар

достығы - береке кепілі", "Ардагер-

лердің ауыл мәдениетін өркендету

және зейнеткерлерді қоғамдық

жұмыстарға араласуын ұйымдастыру",

"Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына

қамқорлық көрсетуді ұйымдастыру"

тағы да басқа әртүрлі тақырыптардағы

есептері тыңдалған болатын.

Аудан мектептерінде сыныптан тыс

"Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат"

атты тақырыпта іс-шаралар өткізіліп

тұру дәстүрге айналды. Оның

қорытындысы облыстық ардагерлер

ұйымында шығарылып үздіктер

марапатталып келеді. Жыл сайын

ауданда үш мектеп ұдайы жеңімпаз

аталып марапатталады. Өткен жылы

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей-

тойында Ұлы Отан соғысының  4

ардагеріне ақысыз үй берілді. Сол

секілді соғыс және тыл ардагерлеріне

аудандық орталық аурухана қызмет-

керлері әрқашан жоғары деңгейде

медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Ауданда ардагерлердің атсалысуымен

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына "Ерлік -

елге мұра, ұрпаққа ұран", ал Ұлы

Жеңістің 70 жылдығына "Ұрпаққа

ұран болған - Ұлы Жеңіс" атты кітап-

тардың тұсаукесерлері болып өтті.

Ауылдардағы 25 елді-мекеннің 20-да

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға

арнайы қойылған ескерткіштері

күрделі жөндеулерден өткізіліп, төрт

ауылда ел-жұрттың көмегімен жаңа

ескерткіштер орнатылды.

Аудан орталығы Шонжы ауылын-

дағы монументте ҰОС-на қатысып,

туған ауылына аман оралған, кейін

қайтыс болған 2800 ардагердің аты-

жөні мәрмәр тасқа жазылды. Сондай-

ақ Ұйғыр ауданы әкімі Алимжан

Тохтасуновтың тікелей  басшылы-

ғымен мекеме мен қоғамдық ұйым-

дардың көмегімен Монументтің

қасына "Батырлар аллеясы" жасалып,

оған 70 түп қарағай көшеттері

отырғызылды.

Республика деңгейінде ардагерлер

ұйымының басшылығындағы "Арда-

гер айнасы" газетімен "Ардагер және

қоғам" журналына жазылу науқаны

кезінде белсенділік танытып, мекеме

басшыларының көмегімен бекітілген

жоспардағы тапсырманы артығымен

орындап келеміз. Аудан көлемінде

аудандық спорт бөлімі мен арда-

герлердің ұрпақтарының ұйымдасты-

руымен спорт жарыстары тұрақты

өткізіліп тұрады. Жастарға патриот-

тық маңызы бар іс-шара әскерге

шығарып салу рәсімін Ұлы Отан

соғысы монументі жанында шағын

митинг өткізіп, балаларға әкелік жылы

сөздерді айтып, шығарып салу дәс-

түрге айналған.

Алдағы уақытта да ардагерлер

қауымы еліміздің өсіп - өркендеуіне,

өз үлестерін қоса отырып, "Мәңгілік

Ел" ұрпақтарына өздерінің өмірден

алған мол тәжірибесін күш-қайраты

жеткенше жұмсай беретін болады.

Барлық әріптестерім мен заман-

дастарыма амандық тілеп, өсіріп

отырған ұл-қыздары мен немере-

шөберелерінің қызықтарын көруге

нәсіп етсін демекпін.



Нұрбек СЕЙІТОВ,

Ұйғыр аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы,

Алматы облысының Құрметті

азаматы.

Зерде

1 маусым  2016 жыл

4

Мақала авторларының пiкiрлерi



редакция көзқарасын бiлдiрмейдi.

Газет редакция компьютерiнде  терiлiп, беттелген.

 “Сыр медиа”  ЖШС баспаханасында басылды.

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі н/ж



Бас редактор

 Махмұтбай  ӘМIРЕҰЛЫ

Редакция мекен-жайы: 120018, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, М.Шоқай 8 үй.                          E-mail: syrmektebi@mail.ru



Меншiк иесi: «Сыр мектебі» ЖШС

Телефондар: Бас редактор- 21-50-75.

Тiлшiлер, есепшi - 40-06-72.

Газет айына екi рет шығады.

Газет Қазақстан

Республикасы Мәдениет

және ақпарат

министрлiгiнде 2013 жылғы

21 сәуірде тiркелiп,

№ 13557 - Г куәлiгiн алған.

Индексі 64562.

Құрылтайшы: «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі

   Өмірзақ Озғанбаев (Төраға),  Кеңес Бірманов,

Ескендір Елеусізов, Жеңісбек Мәуленқұлов,

Бекболат Мұқышев, Анатолий Ржавский, Ардақ

Сыдық, Амангелді Сыздықов, Кенжебек Укин,

Сейілбек Шаухаманов, Еренғайып Шайхұтдінов.

Ақылдастар алқасы:

Тапсырыс 605                Таралымы  4198

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ

Ардагерлер ұйымдарында

Шашубай Малдыбаев - қазақ

әдебиеті мен мәдениетіне және

журналистикасына  өзіндік үлес қосып

келе жатқан қаламгер азаматтардың

бірі. Өткен ғасырдың жетпісінші

жылдары Қазақ мемлекеттік универ-

ситетінің  филология факультетін,

сексенінші жылдардың басында

Алматы жоғары партия мектебін

тамамдаған Ш.Малдыбаев ұзақ жылдар

бойы Солтүстік Қазақстан облысында

бұқаралық ақпарат құралдары

саласында, әртүрлі әкімшілік қыз-

меттерде абройлы еңбек етіп,

басшылық қызмет атқарды. Өзінің

терең білімімен, іскер ұйым-

дастырушылық қаблетімен көзге түсе

білген айтулы  азамат облыс өңіріндегі

игі шаралардың басы-қасында жүріп,

сан алуан тарихи оқиғаларды жүзеге

асыруға мұрындық болды. Әсіресе,

қазақ халқының ұлы тұлғалары Абай,

Жамбыл, Мағжан, Сабит, Ғабит сияқты

кемеңгерлердің, Сафуан Шаймер-

денов, Ғалым Малдыбаев, Кәкімбек

Салықов, Есіләм Зікібаев, Герольд

Бельгер  сияқты ақын, жазушы

жерлестерінің  мерейтойларын,

Наурыз, Айтыс, Мүшайра,  "Тамаша",

"Жігіттің сұлтаны", "Қыз сыны",

"Атадан - аманат"  сияқты халықтық

АҚЫН. САЗГЕР. ӘНШІ

АҚЫН. САЗГЕР. ӘНШІ

АҚЫН. САЗГЕР. ӘНШІ

АҚЫН. САЗГЕР. ӘНШІ

АҚЫН. САЗГЕР. ӘНШІ

Өнеге өрісі

сипат алған мерекелерді шебер

ұйымдастырушы ретінде көпшілік

көңілінен шыға білді.

Шашубайдың шығармашылық

әлемі өз алдына бір төбе. Ол -қарымды

қаламгер ғана емес, сонымен қатар

әуенді әнші, әуесқой сазгер, ақын және

жеті шекті гитараны шебер  шертетін

өнер адамы. Отызға тарта әннің авторы.

Сонау студенттік шақтардан бастау

алған Шашубайдың бұл өнері күні

бүгінге дейін жалғасын тауып

келеді.Оның жүрек қылын тербейтін

сырлы сезімге толы әсерлі әндері

тыңдаушысын тылсым күйге бөлейді.

"Келші жаным", "Түнгі сыр", "Қыз-

ғанам", "Қарындастарым-қарлығаш-

тарым", "Жаз гүлім", "Майражан",

"Немерем әнім", "Бір кездесу бар алда",

"Сіз ғана", "Айнам-ау" , "Теңізден

сәлем", "Сезім сыры", "Қабыл ал,қалқа",

"Әлемнің мәні - әйелде" атты  әндері

орындаушысын, тыңдаушысын тапқан

шығармалар.

Ш.Малдыбаев "Жамбыл қоры" ән

байқауының жүлдегері. "Шуақ-шашу"

әндер жинағы кітабының авторы.

Қазақстан Республикасы Журна-

листер одағының құрметті мүшесі, ҚР

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрмет, Мақтау грамоталарының

бірнеше дүркін иегері.

Автордың көптеген әндері Қазақ

радиосының "Алтын қорында" сақтал-

ған.


Біз бүгін Ш.Малдыбаевтың "Жеңіс

жыры", "Немере - әнім" әндерін

оқырмандар назарына ұсынып

отырмыз.


ЖЕҢІС ЖЫРЫ

ЖЕҢІС ЖЫРЫ

ЖЕҢІС ЖЫРЫ

ЖЕҢІС ЖЫРЫ

ЖЕҢІС ЖЫРЫ

Жеңіс жыры - шырқа бүгін аспанға,

Үлгі болып жалындаган жастарға.

Жеңіс жыры - қуанышқа бөле сен,

Бейбіт елді болашакқа баста алға!

Бейбіт елді болашаққа баста алға!

Жеңіс күнін - жердің жүзі біледі,

Жеңіс күнін - бар халықтар тіледі.

Осы күнді - адамзатқа сыйлаған

Батыр түлға- жауынгердің жүрегі!

Батыр түлға - жауынгердің жүрегі!

Қайырмасы:

Жеңіс күні, жеңіс жыры,

Жеңіс жыры, жеңіс күні,

Жеңіс күнін жердің жүзі біледі.

Оралмады канды қырғын

жорықтан,

Жауға шапты жоқ жауынгер

қорыққан.

Қан майданда тэнін жерге

тапсырды,

Қыршын жастар Отан үшін төгіп

қан.

Қыршын жастар Отан үшін төгіп



қан.

Бас иеміз ардагерге ардақты,

Қастерлейміз жерде жатқан

аруақты.


Ал, қанекей тірі жүрген адамдар,

Еске алайық қаза тапқан солдатты,

Еске алайық қаза тапқан солдатты!

Ардагерлер шығармалары

Дін - ізгілік бастауы

Дін - ізгілік бастауы

Дін - ізгілік бастауы

Дін - ізгілік бастауы

Дін - ізгілік бастауы

Көз салсақ өткен тарих безбеніне,

Дінді бөлдік, ал одан өзгерді не.

Ата-анамыз дұға оқыса құдай бар деп,

Қол  жайдық түспей ешкім көздеріне.

Тәуелсіздік  төрлегенде  нұрын

шашып,


Дәстүрлі дін келді қайта есік ашып.

Имандылық  өркенді  өмір өзегіндей,

Бұрын  кез  жүре  берсек  белден  асып.

Шәкәрім  мен Абай  ақын  жырлап

ұдай,

Бәрін  десе  бақылап  тұрған  құдай.



Кешір, баба, бәрін де  кеш  ұғындық,

Көзімізге  шел  қаптамас бұдан былай.

Дініміз,  діліміз де, тіліміз де,

Ұмытылмайды  жүректе  тірімізде.

Дем  беріп, санамызға ұшқын  тастап,

Бәріміздің  құран  тұрсын  төрімізде.

Дінім,  тілім - тағдырым,  ар-намысым,

Кезінде  сан  қиындық  салғаны  шын.

Жүрегімнің  қанын  сығып  берер  едім,

Қазақтың  рухы  мен  арманы  үшін.

Дін  деген күре  тамыр  дүниеге,

Өзі  табар  лайықтаса  кімді  неге.

"Мәңгілік ел", "Нұрлы жол" - біздің

бағдар,


Қуанамыз  ел  бақытына  сүйінгенде.

Ұрпақ  үні

Ұрпақ  үні

Ұрпақ  үні

Ұрпақ  үні

Ұрпақ  үні

Дархан далам - ата-бабам мекені,

Кең жайлауы көңілімді серпеді.

Өз еліммен мақтанамын, уа ием,

Өз жеріме, өз еліме не жетеді...

Ата-бабам  көрегендік танытқан,

Бір аумаған қазақшылық қалыптан.

Тілі мен ділін сақтап өтер бір

жанмын,


Тамыры терең өзек тартқан

халықтан.

Тіршілік бар жаңарып, түрленген,

Ата-баба мұрасымен гүлденген.

Өмір - тіршілік, өткен тарих

жадында,


Ұрпағым бар ұлағатын меңгерген.

Дана халқым, дәстүрің бар тәлімді,

Бойға жинадым асыл тәрбие

нәріңді.


Ұрпақ жалғап мұрасындай

бабамның,

Елді сүю, жерді сүю - бәрі үлгі.

Ризамын


Ризамын

Ризамын


Ризамын

Ризамын


Ризамын өткен күніме,

Сайраңдап жүрген төрінде.

Ана боп ұрпақ өсіріп,

Еміреніп сүйдім өзім де.

Ұстаздық еттім жалықпай,

Шәкіртім көп-ау бүгінде.

Ризамын өткен күніме,

Балалықтың бал шағын-

Қимай бір өскен көгінде.

Жастық шақ деген албыртты,

Көгендеп тіздік кезінде.

Ризамын өткен күніме,

Қос ұлым, қызым ер жетіп,

Азамат боп өсті бүгінде.

Тәтті екеніне көз жетіп,

Ұрпағым өскен гүлім де.

Ризамын, ризамын, өткен күніме,

Ақ жаулықты, ақ әже болған

күйіме.

Мәңгілік ел болашаққа бастасын,



Елдің бірлігін сақтар данасы-

Елбасының сөзіменен қостасын.



Нағима УӘЛИҚЫЗЫ,

ардагер ұстаз.

Атырау облысы.

Елтай ауылы.

Газетіміздің келесі саны шілде айында шығады.

  

Түзету

Осы жылғы 4

мамырдағы  8 бет

болып жарық көрген

«Ардагер айнасы»

газетінің реттік са-

ны №10-11 болып,

түзетіліп оқылсын.



Қымбатты  ардагерлер!

"Ардагер айнасы" газетіне 2016 жылдың екінші жарты

жылдығына жазылу жүргізілуде.

Жазылу бағасы 6 айға:

Қалалар үшін - 1163,70 теңге.

Аудан, ауылдар үшін - 1198,98 теңге.

Жазылу индексі - 64562.

Газетке жазылу Қазпоштаның жергілікті бөлімшелері

арқылы жүргізіледі.

Н.Бекежанов атындағы музыкалық

драма театрында облыстық ардагерлер

кеңесінің ұйымдастыруымен "Қазақ-

тың келіндері-ай" атты тағылымды іс-

шара болып өтті.

Ата-енесін ардақ тұтып, әулетінің

береке-бірлігін арттырып, ынтымағын

жарастырып, туған-туысына келінге

тән иба, әдебімен жаққан келіндерді

көпшілікке үлгі қылу, оларға құрмет

көрсету мақсатындағы шараға облыс

әкімінің орынбасары Рауан Кенже-

ханұлы қатысты.

Салтанат сахнасына көтерілген

облыс әкімінің орынбасары шараның

көпшілік үшін, әсіресе, жас буын үшін

маңыздылығын атап өтіп, игілікті істі

алғаш болып қолға алған облыстық

ардагерлер кеңесіне алғысын білдірді.

-

Құрметті қауым, бүгін міне,



біздің елде "Қазақтың келіндері-ай"

деген аты да, заты да, мазмұны да

ерекше шара өтіп жатыр. Бұл

қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған,

салт-дәстүрді берік сақтанған Сыр елі

үшін мақтануға тұратын бастама

көпшілікке, өзге аймақтарға, тіпті,

республикаға үлгі ретінде көрсетуге,

таратуға лайықты шара деп ойлаймын.

Осы бастаманы ұйымдастырып, басы-

қасында жүрген облыстық ардагерлер

кеңесіне, оның басшысы Сейілбек

Шаухаманов ағамызға алғысымыз

шексіз. "Отан отбасынан басталады"

дейді. Олай болса, қазақ отбасында

келіндерге жүктелетін жауапкер-

шіліктің жүгі ауыр. Сондықтан да

керегемізді алтын қылып отырған

үлгілі келіндерді қалай құрметтесек те

жарасады, - деп атап өтті Рауан

Кенжеханұлы.

Өз кезегінде сөз алған облыстық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Сейілбек Шаухаманов шараның мән-

мағынасына тоқталды.

-

Кешегі қыз, бүгінгі келін,



ертеңгі ана, арғы күнгі әже. Қазақ:

"Келіннің аяғынан, қойшының

таяғынан" - деп бекер айтпаса керек.

Отбасын отбасы етіп, әулетті әулет

етіп, елді ел етіп отырған осы аналар -

келіндер. Халқымыздың бар жақсы

қасиеттерін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын,

салт-санасын, дәстүрін дарытушы,

дамытушы, насихаттаушы да әйел,

ана, келін. Сондықтан, облыстық

ардагерлер кеңесі үстіміздегі жылдан

бастап өңірімізде келіндердің

байқауын, таңдауын жүргізіп, жария-

лылығын қамтамасыз ететін болады, -

деді Сейілбек Шаухаманов.

Таңдаулы келіндерге "Қазақтың

келіндері-ай" арнайы дипломы табыс-

талып, "Үлгілі келін" алқасы тағылды

және сыйлықтар берілді. Сонымен

бірге үлгілі келіндердің есімдері

облыстық ардагерлер кеңесінде

ашылған "Құрмет кітабында"

жазылды.

Игі шара Сыр өнерпаздарының

концертімен жалғасты.

А.БАТТАЛОВА.

Т.БӨГЕНОВ.

ЖАҢА  БАСТАУЫШ

ЖАҢА  БАСТАУЫШ

ЖАҢА  БАСТАУЫШ

ЖАҢА  БАСТАУЫШ

ЖАҢА  БАСТАУЫШ

ҰЙЫМДАР АШЫЛДЫ

ҰЙЫМДАР АШЫЛДЫ

ҰЙЫМДАР АШЫЛДЫ

ҰЙЫМДАР АШЫЛДЫ

ҰЙЫМДАР АШЫЛДЫ

Облыстық ардагерлер кеңесінің

атсалысуымен қала ардагерлері

бастауыш ұйымдарына ұдайы қолдау

көрсетіліп келеді. Жақында осы

сөзіміздің айғағындай Семей атом

полигоны ардагерлерінің бастауыш

ұйымы құрылып, олардың алаңсыз

жұмыс жасауына қолайлы болуы үшін

қалалық ардагерлер кеңесі жанынан

арнайы бөлме ашылды. Ашылу

салтанатына облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов

қатысты.


Бастауыш ұйым басшысы Амандық

Өтегенов бүгінгі таңда атқарып жатқан

жұмыстары жөнінде жан-жақты есеп

берді. Оның айтуынша көктемгі

көркейту-көгалдандыру науқанында

өздерінің күшімен 500 түп саялы ағаш

отырғызылып, ардагерлер аллеясы

ашылыпты. Қоғам қайраткері, белгілі

ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас

Сүлейменовтың 80 жылдығына орай

мерейжас иесінің атына бастауыш

ұйымның ұйғарымымен құттықтау

жеделхат жолданыпты. Ұйымда 40

ардагер есепте тұратын көрінеді.

Олардың әлеуметтік жағдайына ұдайы

көңіл бөлініп, зерттеліп отырады екен.

Бастауыш ұйым бас қосуында

облыстық ардагерлер кеңесінің

төрағасы С.Шаухаманов сөз алып,

жаңадан құрылған ұйымдардың жан-

жақты жұмыс жасауы үшін

қамқорлық туғызыла беретінін

жеткізді. Сондай-ақ, қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

А.Әбдібаев жаңа ұйымның жақсы

жұмыс істеуіне қажетті жағдай

жасалатынын айтты.

                           ХХХ

Осы күні "Қызылорда жылу

электро орталығы" МКК мекемесі

жанынан да жаңа бастауыш ұйым

құрылып, ардагерлер бөлмесінің

салтанатты ашылуына облыстық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

С.Шаухаманов қатысып, сөз сөйледі.

Ұйым төрағасы Жамбыл Орманов

ұйымда 5 алқа мүшесі, 80 ардагер

есепте тұратынын, мекеме

басшылығының қолдауымен

ардагерлер бөлмесінде компьютер,

телефон орнатылғанын, алқа

мүщелері ай сайын бас қосып, өз

жұмыстарын талапқа сай жүргізіп

отырғанын жеткізді.

Бастауыш ұйымдардың

құрылуына арналған бас қосуға

облыстық ардагерлер кеңесі

төрағасының орынбасары

К.Ермағамбетова, қалалық ардагерлер

кеңесінің төрағасы А.Әбдібаев

қатысты.


Т.Нұржан-Балта.

Қызылорда қаласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет