№12 (5983) Сенбі, 21 наурыз, 2015 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата08.01.2017
өлшемі14,14 Mb.
#1445
1   2   3   4   5   6

Жезді кентіндегі тау-кен және

балқыту ісі тарихы музейі 

қорының  материалдары 

бойынша әзірлеген  

З.ҚАЗАНБАЕВА.

Суретте: 

1. Публицист, 13-ші армия 

21-ші саперлер ротасының 

взвод командирі Б.Бұлқы-

шев,

2. Б. Бұлқышев оқыған 

Қарсақбайдағы ФЗО мектебі. 

1932 ж.

3. Баубектің соңғы хаты. 

1944ж.

 21 наурыз, 2015 жыл 

 №12 (5983)

Ұлытау өңірі



22 наурыз — Ұлыстың Ұлы күні

6

Қазақ  тарихында  Наурыз  ме-



рекесі  –  бағзы  заманнан  ұлттық 

мейрам  ретінде  аталып  келген. 

Ол  –  ешқандай  да  діни  мейрам 

емес,  дінге  тіпті  еш  қатысы  жоқ! 

Ұлтымыздың  бостандығын,  ер-

кіндігі  мен  азаттығын  аңсап  өт-

кен  Алаш  арыстары  Міржақып 

Дулатов: «Наурыз қазақтың шын 

мағынасындағы  ұлт  мейрамы. 

Наурызды  қазақтан  басқа  күн-

шығыс жұрттарының көбі мейрам 

етеді.  Бірақ  бұлардың  бәрін  са-

лыстырғанда Наурызды біздің қа-

зақтың мейрамы етуі – айрықша 

сыйымды, артықша дәлелді. Неге 

десеңіз,  марттың  ескіше  9-ында, 

жаңаша  22-сінде  күн  мен  түн 

теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, ша-

руа  кенеледі»  десе,  Мағжан  Жұ-

мабаев:  «...  Қазақ  Жаңа  жылын 

«Наурыз»  дейді.  Наурыз  әули-

енің,  әнбиенің  аты  болмаса  ке-

рек. Сондықтан қазақтың Науры-

зы  –  дін  мейрамы  емес,  тұрмыс 

мейрамы,  шаруашылық  мейрам-

ды тұрмыспен, ғылыммен байла-

ныстырып  қоғамға  пайдалы  игі 

іс  жасайтын,  ауыл,  адамдармен 

ұйымдастыратын мейрам ету ке-

рек...»  деген  тұжырымдарымен 

Наурыз  мерекесінің  шынайы 

мән-мағынасын,  сипатын  ашып 

берді.  Наурыз  мейрамын  қазақ 

халқы  ерекше  көңіл-күймен,  қа-

тарынан  бірнеше  күн  тойлаған. 

Тек Қазан төңкерісінен кейін ғана 

«жаппай  орыстандыру»      сая-

сатын  жүргізген  Кеңес  үкіметі, 

«Наурыз  –  діни  мейрам»  деген 

желеумен  мұсылман  қауымның 

бұл  мерекесін  тойлауға  тыйым 

салды. Нәтижесінде қазақ халқы 

өзінің  маңдайына  біткен  жалғыз 

ұлттық  мейрамын  жасырын, 

тығылып отырып қана тойлайтын 

күйге жетті. Ұлтымыз үшін бұдан 

асқан қорлық, бұдан өткен мазақ 

жоқ  еді,  әрине...  Шіркін,  «Қазақ 

–  ғажайып  сенгіш  һәм  қорған-

сыз  халық»  деп  Мұстафа  Шоқай 

қалай  дәл  тауып  айтқан  деген 

ой  еріксіз  оралады  екен  осын-

дайда?!  70  жылдан  астам  уақыт 

бойғы  бодандық,  осылайша  ұлт-

тық  құндылықтарымыздың  (тіл, 

дін, діл, салт-дәстүр, әдет-ғұрып) 

құрып кете жаздауына ықпал ет-

кені белгілі. Сонау 80-жылдардың 

соңында  ғана  елімізде  Наурыз 

мерекесін  атап  өту  бұқаралық 

сипат  алып,  кең  көлемде  тойла-

на  бастады.  Алайда  ұлан-бай-

тақ  Қазақстандағы  аймақтардың 

климаттық  жағдайының  әртүр-

лілігіне байланысты көктемнің әр 

айында,  әр  өңірде  бөлек-бөлек 

өткізілуі  –  Наурыз  мейрамының 

маңызын,  мәртебесін,  ұлттық 

болмысын  шынайы  ашып  көр-

сете  алмаған-тын.  Еліміз  Тәуел-

сіздік алып, етек-жеңін жиған соң 

ғана нағыз ұлттық мерекеге айна-

лып отыр!

Шығыс күнтізбесі бойынша 22 

наурыз  –  Жаңа  жылдың  бірінші 

күні. Әз-Наурызды атап өтудің де 

өз жолы, жөн-жоралғысы бар. Ақ 

қар,  көк  мұздың  құрсауынан  бо-

саған Жер-Ана көктегі Күннің шу-

ағына малына маужырайды. Тір-

шілік атаулы жасарып-жаңғырған, 

ерекше түрленген бір күйге енеді. 

Алты  ай  қыста  көріспеген  ел-

жұрт, бір-бірімен төс қағыстырып, 

құшақтаса  амандасады.  Ағайын 

арадағы араздықты ұмытып, бір-

бірінің  кінәларын  кешіріп,  тату-

ласады.  Тамылжыған  табиғат  та 

осындай шаттыққа үн қосып, жал-

пақ  жұртшылықтың  қуанышына 

ортақтасқандай әсер қалдырады. 

Ошақ құрылып, қазан көтеріледі, 

самаурын  қойылады.  Дарқан 

дастархан  жайылып,  саналуан 

ұлттық тағамдармен сықа толты-

рылады.  Әлбетте,  дастарқанның 

ажарын  ашатын,  Наурыз  тойы-

ның  мәні  де  сәні  –  Наурызкөже 

орналасады ортаға. Міндетті түр-

де ең кемі 7 немесе 9 түрлі дәм 

қосылып әзірленетін Наурызкөже 

– келген жылдың молшылық пен 

тоқшылық,  ырыс-береке  жылы 

болуының  ырым-жоралғысы  бо-

лып саналады. Халықтық дәстүр 

бойынша  Наурызкөжеге  бидай, 

тары, сүт, сүр ет, бұршақ, су, тұз, 

т.с.с.  дәм  қосылып,  кеңдеу  ыды-

ста  мол  етіп  әзірленеді.  Көненің 

көзін  көрген  кейуана  әжелеріміз 

дайындаған таңсық ас, кім-кімнің 

болмасын  таңдайын  қақтырар-

дай,  тіл  үйіретін  дәмді  болары 

сөзсіз.


Наурыз  тойы  –  ойын-сауық 

пен  ән-жырдың  мерекесі,  ұлт-

тық  ойындардың  алаңы.  Ауыл 

жастары ән шырқап, би билейді, 

көпшілік серуен құрады. Ауылдың 

көрікті  де  көрнекті  жеріне  алты-

бақан  құрылып,  маңайы  жастар-

дың күміс күлкілері мен жарасым-

ды әзіліне бөленеді. Аударыспақ, 

теңге ілу, көкпар, жамбы ату, т.б. 

ұлттық  спорт  ойындарынан  сай-

ыстар  ұйымдастырылып,  нағыз 

білекті де жүректі жігіттер анықта-

лады.  Осының  барлығы  иісі  мұ-

сылман қауымның Ұлық мерекесі 

–  Әз-Наурыздың  мәртебесі  мен 

мән-маңызын  айшықтаса  керек. 

Әйтеуір,  ендігі  уақытта  ұлтымы-

здың  көне  мейрамы  –  Наурыз 

тойының  қадір-қасиеті  кемімей-

тіні, керісінше әлем жұртшылығы 

алдында  абыройы  арта  түсері 

айдай анық!

«Бұл әнім басқа әндерден өз-

гешерек»  дегендей,  2015  –  Қой 

жылғы  Наурыз  мейрамы,  қат-қа-

бат  тарихи  оқиғалар  қарсаңын-

да  келіп,  айрықша  мағынаға  ие 

болып,  мерейі  еселеніп  отыр. 

Биыл еліміз Қазақстан халқы   Ас-

самблеясының  және  Ата  Заңы-

мыздың  20  жылдықтарын,  Ұлы 

Отан  соғысындағы  Жеңістің  70 

жылдығы  мен  Қазақ  хандығы-

ның 550 жылдық мерейтойларын 

атап  өтеді.  Осы  аталған  тарихи 

даталар  момақан  Қой  жылын  – 

ұлан-асыр  той  жылына  айнал-

дырмақшы.  Лайым,  тойымыз 

таусыла  көрмесінші  өзі!  Мұның 

сыртында,  құрылғанына  биыл 

20  жыл  толған  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  Саяси  Кеңесінің 

бастамасымен  2016  жылы  өт-

кізілуге  тиісті  ҚР  Президентінің 

сайлауы,  биыл  2015  жылдың  26 

сәуірінде  өтетін  болды.  Елбасы-

мыз  Н.Ә.Назарбаев  11  наурыз 

күні  Астанада  өткен  «Нұр  Отан» 

партиясының  кезекті  XVI  съезін-

де,  сайлауға  түсуге  өз  келісімін 

берді.  Президенттіктен  үміткер 

ретінде  Орталық  сайлау  комис-

сиясына барып тіркеліп, тіпті ана 

тілімізден арнайы тесті де тапсы-

рды.  Лингвистикалық  комиссия 

Нұрсұлтан Әбішұлының жауапта-

рына ең жоғары баға берді. Қазақ 

елінің  келешегі,  халқымыздың 

алдағы  тағдыр-талайы  үшін  аса 

маңызды рөл атқаратын бұл сая-

си  науқан  да,  Қой  жылы  Наурыз 

тойына ерекше бір сипат беретін-

дей, тегі...

Иә, тіршілікті түлетіп, халыққа 

шат-шадыман  қуаныш  сыйлаған 

тойлы  жылдың  Әз-Наурызы  да 

келді  елімізге.  Мерекелі  жылдың 

Наурыз  тойы  –  жыл  бойы  қа-

зақстандықтардың  көңіл-хошын 

келтіретін,  еңбек  ырғағына  сер-

пін беретін бір құдіреттің бастауы 

болса игі. Өйткені халық, әсіресе 

ауыл қазағы табалдырық аттаған 

Қой  жылынан  ырыс  пен  мол-

шылық,  береке  мен  бірлік,  көп 

жақсылық күтеді...

Момақан 


Қой 

жылының 


Әз-Наурызынан  басталған  қуа-

ныштарыңыз құтты болсын, ағай-

ын! Ұлыстың Ұлы күнімен, қадірлі 

жерлестер!

Төрге оз, тойлы жылдың Әз-Наурызы!

Рахымжан ӘДЕНҰЛЫ

Міне, иісі мұсылман қауымның ең ұлық мерекесі – 

Ұлыстың Ұлы күні де келіп жетті. Шығыс күнтізбесі 

бойынша Жыл басы болып саналатын бұл күнді, жұмыр 

жердегі барлық түркітектес халық асқан сән-салта-

натпен атап өтеді. Наурыз айының 22 жұлдызы – Жаңа 

жылдың алғашқы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Са-

марқанның көктасы жібиді. Жер-Ана қысқы ұйқысынан 

оянып, бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, жан-жануарлар 

мен жасыл өсімдіктерге ерекше сезім, қуат, қасиет 

нұры құйылады. Дүние біткен жаңарып-жаңғырады, 

жасарған кейіпке енеді. «Наурыз» деген сөздің өзі парсы 

тілінен тәржімалағанда, «ноу» – жаңа және «рууз» – 

күн деген мағынаны білдіреді екен.

Бұл мұсылман халқы-

ның асыға күтетін бір жылда 

бір-ақ келетін қасиетті күн. 

Ұлтымыз бұл күнді ғасырлар 

бойы тойлап келеді. Кешегі 

Қызыл империяның қылышы 

қылпылдап тұрған кездің 

өзінде жария тойламаған-

мен әркім өз отбасында 

жасырын болса да атап өтті. 

Жоқшылық кездің өзінде 

Ұлыстың Ұлы күнін атаусыз 

қалдырған жоқ. Бұл күннің 

қасиеті зор. Алла Тағаланың 

құдіретімен Самарханттың 

көктасы балқуының өзінен-ақ 

әз-Наурыздың қасиетін көруге 

болады. 22 наурызда ескі 

жыл шығып, жаңа жыл кіреді. 

Күн мен түн теңеледі. Дүние 

жаңарып жасарады. Көктемнің 

шуағына бөленіп, жан-жануар 

рахат күнге енеді. Адамдар 

бір-біріне деген көңілдеріндегі 

кірбіңнен арылып, бір-бірімен 

татуласады. Бұл Ұлыстың Ұлы 

күні бірлік пен береке, тату-

лық пен бауырмалдық, жан 

тазалығы мен сезім сергектігін 

әкелетін күн.

Аллаға мың шүкірлік! 

Еліміз егемендік алып, тәуел-

сіз мемлекет болғаннан бері       

жоғалтқанымызды тауып, 

ұмытқанымызды еске түсіріп, 

ұлттық ерекшеліктерімізді 

қалпына келтіруге кең жол 

ашылды. Мұның өзі ҚР Тұңғыш 

Президенті, Елбасы Н.Ә.На-

зарбаевтың дана басшылығы, 

салиқалы саясатының, алысты 

болжайтын көрегендігінің арқа-

сы. Ұлыстың Ұлы күні Мәңгілік 

елдің қасиетті мейрамы болып 

қала береді.

Мен аудан халқын, кәсіп-

керлерді 22 наурыз – Ұлы-

стың Ұлы күні мейрамымен 

шын жүректен құттықтай-

мын. Әр шаңыраққа шаттық, 

өздеріңіздің кәсіптеріңізде 

толағай табыс, өмірде бақыт 

тілеймін. Мереке құтты бол-

сын, жәмиғат!

Г.АУҒАНОВА,

аудандық кәсіпкерлік және 

өнеркәсіп бөлімінің 

басшысы.

Ұлыстың Ұлы күні



21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі



22 наурыз — Ұлыстың Ұлы күні

Жылқы ежелден ер қанаты 

саналатындықтан қазақтың бұл 

жануарға деген сүйіспеншілігі 

ешқашан өшпейтіндігі хақ, деп қу-

аттаған имам, тай құлағы-

на жармасып, бас үйретіп 

жүрген балаларды күнде 

көріп жүретіндігін айтқан 

болатын. Олай болса тай 

иелерімен келісіп, ша-

бандоздарды жинақтауды 

атбегі азаматымыз  Бағлан 

Омарбекұлына тапсырай-

ық, мен жүлделі орын-

дарға берілетін тарту-та-

ралғыларға демеушілер 

табайын,–деп құлшыныс 

білдірген еді жаны таза, 

мұсылмандықтың өнегелі 

өмірі жолында жүрген 

имам. Әкім де қарап 

қалмай мамандармен 

бірлесіп, шабандоздар ай-

налым жасайтын көше оралымда-

рын белгілеп қойған еді. Тайғанақ 

тұстарға «Шайтантас» карьерінің 

басшысы Ө.Балшықбаевқа өтініш 

білдіріп, қиыршық құм төсет-

кізіп тастаған. Жарысқа түсетін 

тай-тұяқтардың да денсаулығын 

тексеруді О.Қапаров басшылық жа-

сайтын мал дәрігерлері М.Қайда-

уылов, Ж.Башарларға тапсыруды 

ұмытпады. Кей жағдайларда дәрі-

герлік көмек керек болып қалатын-

дығын ескерген кент әкімі ауруха-

наның бас дәрігері Ә.Құланбаевқа 

тапсырма берген еді. Тапсырмалар 

ыждағаттылықпен орындалып, бар 

шаруа сақадай-сай болып тұрды.

Тай жарысы өткізілетін көктем 

күні жадырай жай-

нап, аспанда бір 

шөкім бұлт болған 

жоқ. Мешіт маңын-

дағы орталық көшеге 

алғашқылардың бірі 

боп ұстаздарымен бір-

ге келген екі мектептің 

оқушылары жол жаға-

лауын қоршап тұрды. 

Тай жарысын қызықта-

уға делебесі қозған 

қыз-жігіттер мен ауыл 

қариялары да мо-

лынан жиылыпты. Бір 

мезетте Құрманғазы 

күйі даланы   жаңғыр-

та ойнай жөнеліп, тай 

мінген балалардың 

қарасы көрінді. Жампоздардың 

бәріне қамқор боп жүрген атбегі 

Бағланның астындағы аты ауыз-

дығын қарш-қарш шайнап барып, 

әулетті қолдың шірене тартуымен 

әрең тоқтағанда ғана, қойған 

сұрағымызға жауап беріп жатты. 

Оңтайлы сәтте Б.Мырзабековпен 

тілдескенімізде астындағы аты 

Көкдауылдың талай бәйгеден озып 

келген сәйгүліктің тұқымынан екен-

дігін білдік. Ол бізге жарыс мешіт 

қасындағы сөреден басталып, үш 

айналымнан соң осындағы мәреге 

жетіп аяқталатынын айта сала 

тайға мінген балалардың ер-тұр-

мандарын тексеріп, оларды жарыс 

жолына дайындап жатты.

Құрметті жерлестер, қадірлі 

қонақтар!–деп бастаған кент әкімі 

сөзін: – өздеріңізге белгілі қазақ 

тарихы мыңжылдықтарға ұласып 

жатыр. Алайда, өз алдына жеке 

отау құрып, туын көтеріп елдігін, 

мемлекеттігін дүниежүзіне паш 

еткендігіне, яғни Қазақ хандығын 

құрғандығына 550 жыл. Айтулы 

мерейтой жылы қарсаңында тай 

жарысын ұйымдастыруға деме-

ушілік жасаған азаматтарға үлкен 

алғысымды білдіремін. Жарысқа 

қатысушы шабандоз балалар! Оза 

шауып бәйге алуға тілектестігімді 

білдіре отырып, мерекені тойлауға 

өз септіктеріңді тигізіп отырсыздар. 

Бәріңе сәттіліктер тілеп, «тек қана, 

алға» деді. Осы бір сәтті пайдала-

на отырып кент әкімі Түркияда діни 

оқуда болып, мезгілінде қолымызға 

түспеген еді, енді бүгін көпшілік 

көзінше өзіміздің бас имамымыз 

Дәулет Жалбырға Алғыс     хаты-

мызды табыстағалы отырмыз, –

деп, ондағы жазылған мәтінді оқып 

берді. Алғыс хатта: Сіз Ұлытау, 

Жезді жерінде көп жылдар бойы 

ата дініміз исламды бейбітшілікті 

түлеткен, мемлекетіміздің ты-

ныштығы мен тұрақтылығын басты 

назарда ұстауда ұрандатқан дін 

екендігін жұртшылыққа насихаттап 

жүргеніңізге, Мемлекет басшысы 

Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» 

идеясын жүзеге асыру жолындағы 

бағасыз еңбегіңіз үшін шын жүрек-

тен алғыс білдіреміз, делінген.

Жылқыны жанындай сүйіп, өле-өл-

генше ат үстінен түспеген Әлихан 

әкейдің ұрпағы, бұл күндері жет-

пістің бел ортасына келген Совет 

Сәркенов тай жалына жармасқан 

батыл балаларға сәттіліктер тілеп, 

өркендерің өсіп, ауылымыздың 

үлкен азаматтары болыңдар,–

деп батасын берді. Әлгінде ғана 

жарыстың басталуына алаң болған 

балалар төрешісі О.Қапаровтың 

белгі беруімен таймен қатарла-

стыра қойып, сапқа тұрып жатты. 

Жалаушалап төреші белгі беруі 

сол-ақ екен, шабандоздар алға 

қарай шаба жөнелді. Көкдауылын 

мінген Бағлан да олардың соңынан 

бақылауға еріп кеткен-тін. Әр 

көшенің бұрылыстарын күзетіп 

тұрған полиция сақшылары бейта-

рап жүрген автокөліктердің жолын 

бөгеп, тосқауыл қойды. Сөре 

сызығында сап түзеген біразы бас 

үйреніп, адамдарға үйірсек болып 

қалған екен, тыпыр етпей тыныш 

тұрды. Енді біреулері айналасын-

дағы елден үркіп, сайыскер бала 

тізгінін босатқанша мазасы кетіп, 

тыпыршып тұрды. Осы сәт төреші 

жалауын сермеп, белгі берген-

де шаба жөнелген сайыскерлер 

ілезде айналымнан асып, көрінбей 

кеткен болатын. Алғашқыда алта-

удың ішінен қатарласа оза шапқан 

үш тайдың аяқ алыстары жақсы 

болса, келесі үшеудің елден үркіп 

оздық-создық болып тежеліп келе 

жатқандығы байқалды. Жылқының 

жас төлі алғашқы шақырымдар-

дан шалдығып қалмаған сыңай-

лы, алайда алдағы айқай-шудан 

зәрезап болған асаулар бастарын 

ала қашып, басқа жаққа беттегісі 

келіп-ақ тұрды. Екінші айналымда 

үркектік көрсеткен тайлар соңғы 

айналымға жетпей тайсақтай 

бастаған. Үшінші мәрте 

қатарласа келе жатқан күрең- 

төбел, қаракер тайлар жеңіс 

сызығынан бірдей кесіп өткен-

дей болған. Бүйірден қараған 

төрешіге қаракер тайдың 

тұмсығы сөреге бірінші ілінгені 

айқын көрініп тұрды. Олардан 

қалыс келе жатқан торықасқа 

болмаса ІІІ-орынды иелен-

геніне жұрттың бәрі куәгер 

еді. Сонымен бірінші бәйгені 

жеңіп алған қаракердің иесі 

Еркебұлан Тұрғанбеков 

болса, күреңтөбелдің бапта-

ушысы Оспан Хасенов болып 

шықты. Ал Айғазы қарттың 

немересі Төребектің күтіп-баптаған 

торықасқасы түбі биік шоқтықты 

нағыз жүйрік сәйгүлік болады деп 

жатты жылқы малының     ег-

жей-тегжейін білетіндер. Сонымен 

тай жарысы аяқталып, марапат-

тау кезеңі басталғанда І-жүлдені 

Асылан Қадырға жезқазғандық 

кәсіпкер, «Лавазза» халал ка-

фесінің иесі, авар ұлтының өкілі 

Азат Ғамзатұлы Патшалов арнайы 

әкелген сый-сияпатын табыс етті. 

Бәйге иеленген шабандоз бала 

төбесі көкке жетіп, атасы мен 

әжесіне жымыңдай қарап тұрды. 

Немересінің мәртебесі көтеріліп 

жатқанына қуанған Қ.Құлахметов 

пен әжесі Р.Жұмабаевалар Ұлытау 

ауданының 70 жылдық мерейтой-

ымыздағы бәйгеден 

ІІ-орын иеленген 

тағы бір немересі 

Темірханның да 

жолы болғандығын 

айтып, таныста-

рымен қауқылдасып 

жатты. Ал жүлделі 

ІІ-орынның иегері 

болған күреңтөбелдің 

үстінде құстай ұшқан 

Т.Базарбаевқа жеке 

кәсіпкер Б.Ниязбе-

ков тағайындаған 

сыйлық ұсынылса, 

торықасқада шапқан 

Жанкелді Берікұлына 

жезділік жерлесіміз 

Арман Қыдырбектің,  

«осы бір тайлар бір кездері өзгені 

шаң қаптырар сәйгүлік болып, 

бәйгенің алдын бермей иесінің 

көсегесін көгертері айдан анық», 

деп дайындаған қаржылай сый-

лықтарын табыстады. Үлкендердің 

бәрі де, айналайын, тайың өсіп, 

тұлпар болсын, өзің өсіп азамат 

бол,–деп жатты. Жылқы малы 

ғажап қой, шіркін! Жылқы баптап, 

желмен жарысқандардың бойында 

да бір қасиет болар-ау тегі! – деп 

ойлайсың осындайда.

Тай жарысы өтіп жатқанда тағы 

бір жақсылықтың куәсі болған-быз. 

«Кармарганец» АҚ-нан келген 

кәсіподақ төрайымы Н.Кагасимова 

мен осы қоғамның Жездідегі өкілі 

З.Боранбаевалар бұрындары 

кеніште еңбек етіп, зейнеткерлікке 

шыққан әйелдерге себетке толы 

сый-сияпаттарын үлестіріп, төл 

мерекелерімен құттықтап жатты.

Иә, мұсылман қауымы сағына 

күткен Ұлыстың Ұлы күні де келіп 

жетті, бүгін Қазақтар да жыл басы 

боп саналатын 22 наурыз күні 

нағыз ұлттық нақышта, тамаша 

дәстүрімізбен тойлана бермек!

Жезді кенті.



Мұхтар ДӘУІТОВ

ҰЛЫС КҮНІ ТАЙ 

ЖАРЫСЫМЕН ҰЛЫҚТАЛДЫ...

Үстіміздегі жылдың қаңтарында «Ерлік пен Даңқ»       

патриоттық айлығы жоғары деңгейде өтсе, кент 

әкімінің ендігі мақсаты 8 наурыз әйелдер мерекесін той-

лау мен елімізге қуат-береке әкелетін Ұлыстың Ұлы күні          

әз-Наурызды түрлендіре қарсы алу болатын. Құс қана-

тымен ілесе келген көктемнің алғашқы күндерінің бірінде 

тай жарысын өткізуді жоспарлаған кент әкімі Б.Әбдірайы-

мов мешітіміздің бас имамы Д.Жалбырмен ақылдасып, бір 

шешімге тоқталған болатын.

Қой жылы – он екі жылдық жыл санау жүйесіндегі се-

гізінші жыл атауы. Дәстүрлі түсінік бойынша, он екі 

жылдың әрқайсысының белгілі жануарға тән өзіндік 

ерекшеліктері бар деп саналған. Яғни, Қой жылы қойдың 

мінезі тәрізді «қоңыр», яғни, жуас, мал мен жанға жайлы, 

құт-берекесі мол жыл деп есептелінеді. Қой жылы жа-

уын-шашыны мол жылдардың қатарына жатады. Сон-

дықтан шөп шүйгін шығады және астықтың түсімі мол 

болады. Бұл жыл төрт түліктің өсімі үшін де қолайлы 

жыл ретінде ерекше қастерленеді. Жылдардың сипаты-

на қатысты айтылатын «жылан жылы жылыс болды, 

жылқы жылы ұрыс болды, қой жылы зеңгір тоғыс бол-

ды» деген сөздер халықтың сан ғасырлық күнқайыру 

тәжірибесінен туындаған.

ҚОЙ ЖЫЛЫ ТУРАЛЫ 

НЕ БІЛЕСІЗ?

Қазақша  жыл  санау  ха-

лықтық жыл санау есебінде 12 

жыл  аты  бар  болса,  олар  ту-

ралы  деректер  VIII  ғасырдағы 

«Күлтегін»  ескерткіштері  мен 

ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  Мах-

мұт  Қашқаридың  еңбектерін-

де  кездеседі.  Қазақша  жыл 

санау мен жыл қайыру кестесі 

бойынша,  жылдар  бірінен  соң 

бірі  былай  аталады:  тышқан, 

сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, 

жылқы,  қой,  мешін,  тауық,  ит, 

доңыз.  Жыл  басы  қазақтарда 

тышқаннан  және  Наурыз  айы-

ның  22-сінен  басталып,  ол  он 

екі жыл бір айналғанда мүшел 

жасты құрайды. Алайда, адам-

ның алғашқы мүшелі - 13 жас.

1966-67  қой  жылында  Қа-

зақстанда  миллиард  пұттан 

астам  астық  алынды.  Құнан-

бай  қажы  қой  жылы  туып, 

Шоң  би  қой  жылы  қайтыс 

болған.  Қазақстан  1991  қой 

жылы  тәуелсіз  ел  атанған. 

Ахмет 


Байтұрсынов 

қой 


жылы  (1873)  дүниеге  келген.

Халықтық пайымға қараған-

да, Қой жылы туған жандар қа-

рапайым, жуас, бірақ сыншыл, 

тынбай ізденгіш жігерлі болады 

екен деседі. Қой жылы туылған 

адамдардың  мінез-құлқы  жай-

лы  ел  арасында  сәл  нәрсеге 

ашуланады,  қисайған  бетінен 

қайтпайды  деген  сыңайдағы 

сөздер  де  бар.  Өзін  жарға 

жығатын мінезі – шешімді тым 

асығыс қабылдайтындығы. Қой 

жылы туғандардың бәрі ондай 

пікірде  деген  ойдан  аулақпыз. 

Қой  жаймашуақ,  қоңыр  мі-

нездің  иесі  болғандықтан,  бұл 

құбылыс оларға да әсер етеді. 

Қой  жылы  туғандар  өзгелер-

мен тез тіл табыса біледі, сәнді 

киінуді  ұнатады.  Сезгіш,  өнер- 

тапқыш,  қиялға  бай  болады. 

Алайда,  ерке,  қыңыр,  құбыл-

малы болады. Бұл жылы туған-

дар суретші, актер, бағбан сын-

ды мамандықтарды таңдайды.

– Сәбидің тілі мезгілінде 

шықпаса, нағашысының үйіне 

апарып, қой сойдырып, соның 

тоқ ішегін мойнына байлап 

береді. Сонда баланың тілі 

шығады деп саналады;

– күйеу жігіттің «есікашар» 

дәстүрі орындалған соң, қыз 

ағасының үйінде өлі-тіріге 

арнап күйеу жігіт алып келген 

еркек қой сойылып, әруақтарға 

арналады. Ауыл ақсақалдары 

шақырылып, табақ тартылады. 

Бата сұралады. Өлі-тіріге сой-

ылған қойдың етінен қалың-

дық дәм татпауға тиіс. Халық 

сенімі бойынша, дәм татқан 

қыз ауруға шалдығады;

–  қазақта қой қырқып, жүн 

сабаған және киіз басқан кезде 

жел соқса, жүнді ұшырып 

кетеді деп екі тал шиді немесе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет