Рамалы фильтр- пресс: 1-маңлайша;
2-рама;
3-плита;
4-бөрене;
5-жылжымалы маңлайша;
6-гидравликалық қондырғы;
7-құюға арналған саңылау;
8-шүмек.
Культуралды сұйықтық қысым арқылы каналға беріледі және одан раманың қабырғадағы саңылауы арқылы ішкі кеңістікке беріледі және ішкі раманың бетімен беріледі. Мицелия осы кеңістікте ұсталады, ол натрий ерітіндісі фильтрлеуші сорғыш (салфетка) арқылы өтеді, содан соң науа мен канал арқылы шүмектен науаға ағады. Фильтраттың бірінші бөлігі мөлдір болмайды, оны культуралды сұйықтықтың жинағышына қайтарады. Одан кейін матаға тұнба қабатына жиналады, сол арқылы фильтрленеді. Фильтрат осы кезде мөлдірленеді.
Фильтрленгеннен кейін мицелияны жуады. Жуу мақсаты – тұнбадан натрий ерітіндісін ығыстыру, антибиотиктің толық мицелиядан натрий ерітіндісіне ауысуын қамтамасыз ету. Мицелияны жуып болғаннан кейін фильтрге сығылған ауамен үрлеп тұнба саңылауынан жуылған су шығарылады. Содан соң жылжымалы плитаны жылжытады. Плитаны және раманы жылжытып және тұнба бункерге жіберіледі, филтрлеуші шыт мата сумен жуылады.
Фильтрлеу процесі 0-ден 0,2-0,3 дейін МПа қысыммен фильтрдің жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етеді, мұндай жағдайда барлық уақытта жоғары қысымда болады. Жоғарғы қысыммен фильтрлеудің алдыңғы кезеңінде фильтрлеуші матаның және топырақ қабаттың кеуектеріне тұнбаның майда бөлшектерінің енуін тудырады және оның нығыздалып бітелуі фильтрлеу жылдамдығын төмендетеді.
Рамалы фильтр-престің кемшілігі болып, физикалық жұмыстың жоғары болуы, қызмет етушілерде санитарлық жағдайының ауыр болуы және фильтрлеу жылдамдығының төмен болуы саналады.
Рамалы фильтр–престің артықшылығы, құрылысы қарапайым, жылжымалы бөлшектердің болмауы, сондай-ақ мөлдір фильтрат алу мүмкіндігі.
Барабанды вакуум - фильтрдің жұмыс істеу сызба нұсқасы І-фильтрлеу, ІІ-кептіру, ІІІ -жуу және кептіру, ІV-үрлеу және ұлпа регенерациясы Барабанды вакуум-фильтр вакуумның жұмыс істеуінің әсерінен үздіксіз жұмыс жасау қамтамасыз етіледі. Фильтрде көлденең перфорирленген барабанның болуы, фильтрлеуші мата қаптама қамтамасыз етілген.
Барабан өзінің нысана бойымен жәймен айналады, культуралды сұйықтық ыдыстың бетіне 0,3-0,4 үздіксіз беріліп отырады. Фильтрлеуші барабанның беті бір қатар тік бұрышты ұяшықпен бөлінген, бір–бірінен оқшауланған. Ұяшықтар таратқыш қондырғы арқылы қосылған. Әрбір ұяшық тізбектеле фильтрленеді, бірінші құрғату, жуу, екінші құрғату, тұнбаны жою, және ұлпаның регенерациясы.
Фильтрлеу аймағында культуралды сұйықтық ұяшыққа жанасады және түтіктің аузымен жалғасады, ол вакуум көзі болып саналады. Мұндай кезде фильтрат түтік арқылы жинағышқа жіберіледі, ал ұяшықтың бетінде тұнба пайда болады.
Фильтрде тұнба бірінші атмосфералық ауамен жанасқан құрғату аймағында болады. Вакуумның әсерінен сұйықтық тұнба саңылауынан ығысады және фильтратпен бірігеді.
Жуылатын аймақта құрғатылған тұнбаға бүркігіш қондырғы арқылы су беріледі. Жуылған сұйықтық түтік арқылы жинағышқа жіберіледі.
Тұнбаны жоятын аймақта ұяшық түтіктің аузымен қосылады, ол сығылған ауамен бірігеді. Сығылған ауаның әсерінен фильтраттың қарама – қарсы жағына жіберіледі, тұнба ыдырайды және матадан ажыратылады, содан соң пышақпен сылынып алынады. Регенерация аймағында мата сығылған ауамен үрленеді, ол түтік арқылы ұяшыққа келіп түседі де сығылған ауамен бірігеді.
Бекіту сұрақтары:
Бекіту сұрақтары:
Бастапқы қоректік ортаның құрамынан ферментация процесінен кейінгі культуралды сұйықтықтың құрамын немен ажыратады?
Өндіріс аппаратында культуралды сұйықтықтағы микроорганизм биомассасының қандай санын алады?
Культуралды сұйықтықтағы жасуша биомассасын бөлу әдісін қай топқа жатқызуға болады?
Қандай микроорганизмді концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады?
Бір сатылы флотатордың жұмыс істеу принципін түсіндір.
Сепараторда культуралды сұйықтықтан биомассаны бөлу қандай күштің әсерінен жүргізіледі?