12-дәріс. Шешімдер қабылдаудың көп критериалды әдістерінің негіздері



бет4/7
Дата14.03.2023
өлшемі32,73 Kb.
#73948
1   2   3   4   5   6   7
Мәндері


Көрсеткіштер

𝑶𝒊
басымдылықтары

𝝎𝒊 салыстырмалы маңыздылық коэффициенттері

Жұмыс тәжірибесі

4

0,25

Автокөліктің жасы

3

0,19

Автокөліктің жағдайы

5

0,31

Қала сыртында жұмыс істеу қажеттілігі

4

0,25



Топтық сараптама


Маңызды шешім қабылдағанда әдетте келіспеушіліктер туындайды. Оларды жоюдың ең кең таралған және қарапайым әдістерінің бірі –
топтағы әртүрлі сарапшылар алған нәтижелерді орташалау. Әрбір сарапшы бірінші әдіске сәйкес процедураны орындауы керек. Әрбір сарапшы алған салыстырмалы маңыздылық коэффициенттерінің векторының шамаларын қосып, сарапшылар санына бөлу керек, яғни:

𝜔𝑖 =
𝑁


𝑛=1
𝑁
𝜔𝑖𝑛,

мұндағы 𝜔𝑖𝑛 n-сарапшының алған салыстырмалы маңыздылық коэффициентінің мәні, ал N – сарапшылардың саны.


Сапалық және өлшемділігі бойынша әртүрлі көрсеткіштерді бірыңғай шкалаға келтіру тәсілі


Бірнеше көрсеткіштермен сипатталатын баламаларды салыстыру есебін көрсеткіштерді алдымен өлшемсіз және нормаланған түрге келтіріп жеңілдетуге болады. Егер кейбір көрсеткіштер сапалы түрде ұсынылса, онда Харрингтон шкаласын немесе басқа ауызша-сандық шкаланы пайдалануға болады. Харрингтон шкаласы бойынша түрлендіру арқылы алынған көрсеткіштердің бағалаулары бірден аспайтын мәндерге ие. Нормалау деп

мәндердің әмбебап (универсал) масштабына көшу түсініледі. Әдетте [0,1] немесе [0,100] шкалаларына келтіруге тырысады. Нормалау процедурасын жүзеге асыру үшін келесі әдісті қолдануға болады. Қарастырылып отырған баламалар бойынша әрбір көрсеткіш үшін ең төменгі және ең жоғары мәндер айқындалады.
Егер l-ші баламадағы (нұсқадағы) i-ші көрсеткіштің бастапқы мәнін 𝑣𝑙𝑖 арқылы белгілесек, онда 𝑦𝑙𝑖 деп белгілейтін көрсеткіштің салыстырмалы (нормаланған) мәні келесі формулалар арқылы анықталады:



𝑣𝑙𝑖−𝑣𝑚𝑖𝑛
𝑦𝑙𝑖 = 𝑖 ,
𝑣𝑚𝑎𝑥−𝑣𝑚𝑖𝑛
𝑖 𝑖

(12.1)

𝑣𝑚𝑎𝑥−𝑣𝑙𝑖
𝑦𝑙𝑖 = 𝑖 ,
𝑣𝑚𝑎𝑥−𝑣𝑚𝑖𝑛
𝑖 𝑖

(12.2)

мұндағы 𝑣𝑚𝑖𝑛, 𝑣𝑚𝑎𝑥 – барлық баламалар үшін i-ші көрсеткіштің жоғарғы және
𝑖 𝑖
төменгі шекаралары (мәндері).
(12.1)-формула – көрсеткіштің оңтайлы мәні ең үлкен мәнге сәйкес келетін нұсқаға арналған формула, ал (12.2) - көрсеткіштің оңтайлы мәні ең кіші мәнге сәйкес келетін нұсқаға арналған формула.
Бұл әдіс көрсеткіштердің сандық мәндерін [0,1] шкаласындағы өлшемсіз түрге келтіруге мүмкіндік береді.
Мысал ретінде екі кестені келтірейік, 2-кестеде көрсеткіштердің бастапқы мәндері, 3-кестеде жоғарыда көрсетілген формула арқылы есептелген нормаланған мәндер көрсетілген.

  1. кесте



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет