Шарттар
Баламалар
|
Қалың тұман
|
Ашық ауа-райы
|
Пойыз
|
-12
|
-12
|
Ұшақ
|
-28
|
-2
|
Сапарға кететін уақытты өлшеу үшін теріс сандарды пайдалану бұл жерде өте орынды болып көрінеді. Оң сандарға өту үшін матрицаның әрбір элементіне 28 санын қосу арқылы бастапқы матрицаны эквивалентті матрицаға түрлендіру қажет. Нәтижесінде төмендегі кестені аламыз.
кесте
Шарттар
Баламалар
|
Қалың тұман
|
Ашық ауа-райы
|
Пойыз
|
16
|
16
|
Ұшақ
|
0
|
26
|
Ауа-райының ықтималдығы пойыздың немесе ұшақтың таңдауына байланысты емес болғандықтан, ашық ауа-райының ықтималдығын біле отырып, қалың тұманның ықтималдығын есептеуге болады. Егер бірінші ықтималдық р-ға тең болса, онда екіншісі 1 − 𝑝-ға тең болады, өйткені бұл оқиғалар оқиғалардың толық тобын құрайды. Егер тұман мен ашық ауа-райы оқиғаларының пайда болу ықтималдылақтары тепе тең болса, онда ықтималдық матрицасы өте қарапайым пішінге ие болады:
0.5 0.5
| |
0.5 0.5
Бірінші таңдаудың (пойыз) күтілетін пайдалылығын анықтау үшін пайдалылық матрицасы жолының сәйкес элементтерін ықтималдық матрицасының сәйкес элементтеріне көбейту және нәтижелерді қосу қажет.
Екінші таңдаудың (ұшақ) күтілетін пайдалылығын есептеу де осы жолмен жүзеге асырылады. Жалпы формула
𝑊𝑙 = ∑ 𝑢𝑙𝑗 ∙ 𝑝𝑙𝑗
𝑗∈𝐽
түріне ие болады.
Берілген мысал үшін пайдалылық мәндері:
Пойыз үшін 𝑊1 = 16 ∙ 0.5 + 16 ∙ 0.5 = 16;
Ұшақ үшін 𝑊2 = 0 ∙ 0.5 + 26 ∙ 0.5 = 13
болады.
Есептеулерден шешім қабылдаушы тұлға бірінші нұсқаны (баламаны), ол ең көп күтілетін пайдалылыққа ие болғандықтан, таңдауы керек.
𝑊𝑜𝑝𝑡 = max 𝑊𝑙 ⟹ 𝑊𝑜𝑝𝑡 = 𝑊1.
𝑙∈𝐿
Келтірілген мысал Бейес ұсынған шешімдер қабылдау моделінің негізгі идеяларын көрсетеді. Сондай-ақ бұл модельді әрбір саналы адам қолданатын шешім қабылдаудың интуитивті тәсілімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |