XVI тарау. Полиграфия өндірісініц дамуының негізгі бағыттары, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі.......................................316
16.1. Полиграфия өндірісінің негізгі даму бағыттары.....................................316
16.2. Қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі...................................322
Терминдерді түсіндіру...............................................................................................................332
Орыс тілінде қабылданған терминдер...............................................................332
Ағылшын тілінде қабылданған терминдер.......................................................349
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................373
КІРІСПЕ
Ұсынылып отырған «Полиграфия өндірісінің негіздері» оқулығының негізіне көп жылдар бойына ҚазҰТУ-дың «Полиграфия өндірісінің машиналары мен технологиясы» кафедрасында оқылған курс алынды. Оқулық полиграфиялық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен колледждердің, лицейлердің оқушыларына сонымен қатар полиграфистерге арналған.
Оқулықтың мақсаты — баспа өнімдерін жасап шығару барысында қолданылатын технология мен полиграфиялық құрал-жабдықтар туралы жалпы түсінік беру. Оқырмандар сонымен бірге полиграфиялық материалдар мен басылымдарды басуға дейін, басу барысында және басып шығарғаннан кейінгі өңдеу технологиялары мен басылым процестері жөнінде кейбір мәліметтер алады.
Соңғы онжылдықтардағы ғылыми-техникалық прогрестің жалпы жеделдеуі проблемалардың кең кешенді қамтитын полиграфия өідрісінің техникасы мен технологиясында күрт өзгерістерге алып келді.
Болашақ маманның басылым өнімдері өндірісінің негізгі принциптерін білуі, оның өз мамандығының жалпы өндірістегі орны мен ролі туралы толық түсінігі болуы қажет. Бұл принциптік негіздерін ұғыну жас маманға қажетті дүниетанымын қалыптастыруға, оның келешекте таңдап алған өз білімін салада еңбек қызметінің барысында тереңдете түсінуіне көмектеседі.
Соңғы жылдары бүкіл дүние жүзінде кітап, газет, журналдар мен басқа да басылым өнімдерінің таралымдары артып, оларды басып шығару мерзімдері қысқаруда, сонымен бірге полиграфияда техникалық революция орын алуда. Полиграфия өнімдерін шығару, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уакыттың ішінде өндірістің нақты өсуіне қол жеткізген Қазақстан экономикасының салаларының бірі болып табылады. Полиграфия мен жарнама өндіріс құрал-жабдықтарын жұмыстың барлық кездерінде үнемі жаңарту мен жетілдіріп отыруды және мамандардың аса жоғарғы біліктілігін талап ететін аса күрделі салалар. Қазіргі кезде Қазақстанның полиграфия, өндірісінде кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау істері байқалып отыр. Бұл көптеген факторларға, оның ішінде басылым өнімдерінің сапасына қойылатын талаптардың артуына, жарнамалар мен қаптамалар шығару көлемдерінің ұлғаюына, өнімнің жеке түрлеріне мамандандырылған немесе әмбебап көптеген шағын кәсіпорындардың пайда болуларына байланысты болып отыр. Тек қазіргі замандық техника мен технологияны өндірісті басқарудың, жаңа әдістерімен ұштастырғанда ғана кәсіпорындар бәсекеге төтеп беріп, полиграфиялық нарықтық қызметтер көрсету ғана табысқа жете алады.
Қазақстанда кеңестік дәуірден мұраға қалған полиграфиялық базаның тозығы жеткен. Көптеген аймақтық баспаханалардағы жұмыс сапасы дүниежүзілік стандарттар мен қазіргі талаптардан артта қалған. Пайда-ланылатын құрал-жабдықтар ескіріп-тозған, ал саланың проблемалары оларды казіргі талаптарға сай шешуді қажет етеді. Біздің бүгінгі міндетіміз Қазақстанның полиграфиялық базасын жедел дамыту, барлық полигра-фиялық кәсіпорындарды қайта құру мен қайта жабдықтау және жаңа кәсіпорындар ашу болып табылады. Басты мақсат — мерзімдік басылымдардың сапасын арттыруға, халыққа ақпарат беруді жеделдетуге қол жеткізу, сонымен бірге жоғарғы білікті мамандарға жаңа жұмыс орындарьн құру.
Қазіргі кезде қаражаты бар кәсіпорындар үшін техника алу киын мәселе емес. Қазақстанға, ТМД-нің басқа елдеріне де дүние жүзінің жетекші фирмалары шығаратын полиграфиялық құрал-жабдықтардың небір түрі көптеп түсуде. Отандық полиграфистер осы машиналардың көпшілігіне жоғарғы баға беруде. Қазіргі. полиграфиялық өндірісте мәтіндік және бейнелеу акпаратын (оның ішінде баспалық редакциялауда) өңдеуді ақпараттық технология саласына жатқызады. Өнімді жасап шығару кезеңдері мұндайда шартты түрде басылуға дейінгі, басылу кезіндегі және басылғаннан кейінгі өңдеу процестерге бөлінеді. Компьютерлік техника полиграфиялық өнімді көшірмелеу процесін жетілдіруге түрткі болып отыр.
Басылымдарды шығарудың жеделдігі ақпаратты қазіргі электрондық құралдардың көмегімен алыс қашықтыққа жылдам жеткізу мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі. Шығармашылық-авторлық, баспа және баспаханалық еңбек салаларының өзара әрекеттесулерінде де маңызды өзгерістік орын алуда.
Басылып шығатын өнімдерді шығарудың жоспарын түзетуден бастап таралымын белгілеу, басылымның өндірістегі технологиялық әдісін тандау, беттеу сияқты мәселелердің басым көпшілігін қазіргі кезде автор мен баспаның ынтымақтастығымен орындауға болады. Оның үстіне, баспаға қажетті материалдармен қамтамасыз ету және сақтау, таралымды тарату, полиграфиялық базамен байланысты мәселелерін шешуге тура келеді.
Басылымға дейінгі процесстер модульдік принципі бойынша өнімді өңдеу кезінде мынадай мүмкіншіліктер береді;
- мәтінді автоматты түрде өндеуді, оның ішінде орфогафиясын, ауда-рылуды тексеруді, рефераттау жұмыстарын орындайды;
- графикалық (оның ішінде түрлі-түсті) бейнелеу ақпаратын жасауға және редакциялауға;
- түске бөлінген қалыптарды жасап шығаруға;
- сандық (цифровая) басу құрылғыларында үлгі сынама көшірмесін алуға;
- қалып жасау процесінсіз бейнені (мәтін және көркем суретті) тікелей басу бөліміне көшіруге мүмкіндік береді.
Басу процестері мен құрал-жабдықтары да түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұл басудың сандық технологияларының түрлі-түсті компью-терлік принтерлер ғана емес, көптеген баспа машиналары саласында да пайда болуынан көрініс тапты. Мұндай басылым машиналарында басу мен басылым қалыбын жасау процестері бір машинаға біріктіріледі немесе басылым қалыбын дайындау процестері бір машинасына көшіріледі. Осы өзгерістердің нәтижесінде әрбір баспа-таңбаларды жеке дараландыру мүмкіндігі пайда болды.
Осымен бірге жаңа технология мен құрал-жабдықтың көп жағдайда ескі технология мен техникаға қарағанда қоршаған орта үшін қауіпсіз екен-діктерін атап кеткеніміз жөн болар. Өндірісті ұйымдастыруға экологиялық талаптар тұрғысынан алғанда бұл өте маңызды фактор болып саналады.
Басылымнан кейінгі процестер, яғни кітапшалау — түптеу жұмыстары кітаптарды, журналдарды, кітапшаларды және басқа да полиграфия өнімдерін жасап шығарудың технологиялық процесін аяқтайды, бұдан кейін ол өнімдер қосымша өңдеу мен безендіру жұмыстарын талап етеді.
Полиграфия өндірісі — бұл кешенді күрделі өндіріс. Ол ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдаланып толассыз дамып, жетілдіріліп отырады. Мұндай үздіксіз жетілдірілу полиграфистердің жалпы деңгейі мен арнайы даярлығын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Оқулық авторы бұл оқу құралын полиграфия негізінің өндірісі бойынша арнайы курс-тардың толық материалдарын беретін базалық оқулық ретінде қабылдауды мақсат етпейді. Басылымда қысқаша түрде полиграфия өндірісінің қазіргі жағдайымен таныстыруға, кәсіпорындарда жартылай дайын және баспа өнімдерін жасап шығарудың негізгі тәсілдерін баяндауға талпыныс жасалынды.
Оқулықты даярлау барысында бұрын әр жылдарда шығарылған полиграфия оқулықтарының сызбалары, суреттері, фотосуреттер және түрлі баспалар мен фирмалардың соңғы жылдары шығарған техникалық құжаттары, проспектілері мен каталогтары пайдаланылды. Автор осы басылымда байқалған кемшіліктері мен дәлсіздіктері туралы оқыр-мандардың кез-келген ескертпелерін ризашылықпен кабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |