12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет6/12
Дата13.04.2023
өлшемі47,22 Kb.
#82164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Полиграфия өндірісінің негіздері

1 тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


    1. Полиграфияның даму тарихы және қазіргі жағдайы

Полиграфия сөзі гректің poligraphia (роlus-көп, grapho-жазамын) сөзінен шықкан және орыс тіліне XVIII ғ. француз тілі арқылы енген. Қазіргі кезде ол халық шаруашылығы саласының атауы мағынасында қолданылады, бұл арада полиграфия өндірісі деген тіркесті қолданған дұрыс болады.



Полиграфия — бұл баспалар мен басқа да ұйымдардан келіп түсетін түпнұсқалар бойынша әр түрлі баспа өнімдерін көптеп жасап шығарумен айналысатын өнеркәсіп саласы.
Түпнұсқа (латынның огіginals – бастапқы) дегеніміз полиграфиялық техниканың көмегімен басып шығаруға арналған мәтіндік және көркем суреттік материалды айтады. Түпнұсқа автордың (жазушының, ғалымньң, суретшінің) немесе авторлар ұжымының шығармашылық еңбегінің нәтижесі болып табылады. Мәтіндік түпнұсқа қызметін көркем суреттер және басқа да баспалармен қоса, авторлық немесе баспалық түпнұсқаның құрамдас бөлігі болып табылатын мәтін, сызба немесе графика арқылы жасалатын суреттер (фотобейнелеу) фотосурет, көркемөнер туындысы және т.б. қолданыс табуы мүмкін.
Баспа өнімдері — бүкіл баспа өнімдерінің және полиграфия қндірісінің басылымдарының жиынтығы. Оның ішіне кітап, кітапша, журнал, газет өнімдері ғана емес, сонымен қатар, ашық хаттар, күнтізбелер, альбомдар, репродукциялар, акциденциялық өнімдер, орама және қаптау материалдары т.б. біріктіретін барлық полиграфия баспа өнімдері мен басылымдарының жиынтығы.
ХІ ғ. ортасында Қытайда қалың бұқара арасынан шықкан Би Шэн есімді дарынды кісі жеке иероглифтерді бірнеше мәрте пайдалана отырып, басу тәсілін ойлап шығарады. Ол бір түйір жабысқақ балшық алып, одан кеспелер жасап, олардың үстіңгі беттеріне иероглифтердің бейнелерін сызып салады да, оларды отқа күйдіреді, сөйтіп, оларды басу үшін қалып ретінде пайдаланды.
Европада жылжымалы литерлерді пайдалану арқылы кітап басу ХVғ. бірінші жартысында пайда болды. Қазіргі тарихшылар еуропалық түңғыш кітап басуды ойлап табушы немістің Майнц қаласының тұрғыны Иоганн Гуттенберг деп санайды.
«Жылжымалы литерлер» — бұл әріптер мен белгілердің бедерлерін арнайы құю қалыптарын пайдалана отырып, нәтижесінде металл бетіндегі олардың кері кескіндерін алу. Гуттенберг осы кескін білеулерді жиыстырып тұңғыш рет болашақ кітап жолдарын, яғни сөзқұю машинасын (станок) ойлап тапқан. Әріптердің бейнелерін құю үшін қалып ретінде мысқа ойып түсірілген белгінің бейнесін - матрицаны қолданған. Матрицаны жасау үшін болат қалып - пуансон пайдаланған.
Берік болаттан жасалынған “жылжымалы литердің” ұшына белгінің шығыңқы кескіні ойып салынған. Матрица алмалы-салмалы құю калпына орналастырылған. Қалып жабық тұрған кезде, оның ішінде кішігірім дұрыс параллелепипед тұрғыдағы қуыс пайда болған; жоғарғы жағынан қалып матрицамен жабылған, ал оның екінші жағында ерітілген металды құю үшін тесігі болған. Металл суып, қалыпты ашқан кезде одан металл кесінді —литерлер алынған. Литерлерді жеткілікті етіп құйып алып, олардан қажетті мәтінді құрастырып, оны басуға пайдалануға мүмкіндік туған.
Гуттенберг басып шығарған алғашқы ірі басылым — Библия, - адамзат мәдениетінің ұлы тарихи ескерткіші. Осыдан бастап Еуропада кітап басып шығару тез тарала бастады. 1461ж. Бомберг пен Страсбургте баспаханалар жұмыс істей бастады. 1465ж.— Италияда, 1468ж. — Швейцарияда, 1469ж. — Нидерландыда кітап шығару басталды. 50 жыл ішінде жалпы таралымы 10 млн. жуық данамен басып шығарылған мыңнан аса баспаханалар құрылды.
Нақты жылы көрсетілген тұңғыш орыс баспа кітабы Мәскеудегі Иван Федоровтың «Апостолы» болды. 1563ж. 19-шы сәуірде ол өзінің жақын көмекшісі Петр Мстиславецпен бірге аталған кітаптың мәтінін теріп, басуға кірісті. Бір жылға таяу уақыт өтіп, 1564ж. 1-наурызында тұңғыш орыс кітабы «Апостол» басылып шықты. Шығарылымның техникалық сапасы тұрғысынан «Апостол» кітабы тамаша өнер туындысы болып саналады. Бұл кітаптың қаріптері орыстың қолжазба кітаптарына сай ұқсас жасалынған. Екі бояумен басылған басылым, көркемделген басәріптер, тақырыптар, суреттер өздерінің әсемдігімен көз тартады.
«Жылжымалы литерлер» мен баспа станогін ойлап тапқаннан бері полиграфия үлкен даму жолынан өтті және қазіргі кезде кітаптарды, газеттерді, журналдар мен полиграфиялық өнімдердің басқа да түрлерін шығаруда бұқаралық ақпарат көзі ретінде жетекші орын алады.
Полиграфиялық техника мен технологияның қарқынды дамуы ХІХғ. соңы — ХХғ. басына тұспа-тұс келді. Құрал-жабдықтарды, қаріптерді басуға дейінгі процестер технологияларын жасау, шығару мен жеткізіп беру ісіне Мегgеnтhаlег Ргіntіng Со фирмасы үлкен үлес қосты. 1886ж. Балтимор қ. (АКҚ) тіркелген осы фирманың иесі Оттмар Мергенталлер он тоғызыншы ғасырдың 80-ж. соңында бірнеше мәрте пайдаланылатын матрицалы жолқұятын жартылай автоматты линотип ойлап шығарып, ұзақ жылдар бойына теру құралының атасы атанды.
1863ж. орыс өнертапқышы П.П.Княгининский перфолентада алдын-ала даярланған бағдарлама бойынша дайын литерлерден терім жасайтын, бірақ жолдарды қолмен ауыстырып отыратын автомат машина ойлап шығарды. Машина іс жүзінде қолданыс таппады. Сондай-ақ, 1869ж. автоматты теретін әріп кұятын машинаны — монотипті ойлап шығарған американдық өнертапқыш Т.Лэнстон де мәтінді алдын-ала даярланған бағдарлама бойынша автоматтық теруді өндіріске енгізді.
Біраз уақыт өткеннен кейін «New York Tribune» газетінде тұңғыш практикада пайдалануға жарамды жолқұйма Linotype Вlоwег nth3v машинасының презентациясы өткізілді, ал 1889ж. Lіnоtуре Sim1ех үлгісіндегі теру машинасы жасалынып, көптеп шығарылуға жіберілді де, көп ұзамай, полиграфияда кеңінен қолданыс тапты.
1890ж. Нью-Йоркте (АҚШ) Мегgеntһаlег Рzinting СО фирмасының терушілер мектебі ашылды, ол Манчестерде (Англия) Европадағы тұңғыш Lіnоtуре терім машинасын шығаратын зауыт іске қосылды. Lіnоtуре машинасын пайдаланып басылған тұңғыш еуропалық газет 1894ж. «Niderlansche Ғіnаnсіег (Амстердам, Голландия) болды. Кейінірек Мегgеntһаlег Рzinting Со. Фирмасы Lіnоtуре АҚ деп атала бастады.
1924ж. тұңғыш рет Германияда Linotype AG фирмасы ұйымдастырған терушілер мектебі ашылды. Осы жылы фирма қазіргі күнге дейін әлдеқайда сәтті қаріптерінің бірі болып есептелінетін жаңа Ехsеlsіог қарібін ұсынды.
1954ж. О.Мергенталлердің туғанына 100 жыл толу мерекесі атап өтілді. Осы кезде дүние жүзінде 100000 астам Lіnоtуре терім машинасы пайдала-нылуда болатын. Полиграфиялық құралдардың Drupa 54 (Дюссельдорф, ГФР) халықаралық көрмесінде фирма автоматтандырылған теру жүйесінің жаңа құрылымдарын Linoguick - System және Teletypeseeter көрсетілді. Сол, 1954 жылы фирманың даму және терім техникасы жаңа кезеңінің басталғандығын білдіретін терімнің күрделі түрлерін орындауға арналған тұңғыш фототерімдік автомат - Linofilmdi жасап шығаруға кірісті. Linofilmdi фототерімдік автоматта перфолентада кодталған ақпарат бірінен соң бірі, екі шифр арқылы оқылатын құрылғылармен есептелінді. Біріншісінде - сөз араларындағы бос орындар есептелінсе, екіншісінде - белгілерді әріптер бойынша фотосуреттеу жүзеге асырылады. Қаріптасымалдаушы қызметін белгілердің негативтік бейнелерін тасымалдайтын қозғалмайтын қаріптік жақтау атқарады. Linofilm фототерімдік аппараты электр жазу машинкасы, екі қосалқы басқару пернетақта, тұйықтауды есептеп шығаратын электрондық құрылғы және перфоратордан тұратын терім бағдарламалау машинасынан құралады. Корректуралық машинада жазған таңба мен фототерім автоматын басқару үшін, толық кодты перфолента дайындалатын.
Фототерімдік машиналардың төрт құрылымы жарық көрді. Алғашкы құрылым машиналары терім-құю машиналарының негізінде жасалынды да, технологиялық процестің барлық негізгі жұмыстарын механикалық құралдармен іске асырылды. Бұл топтағы машиналардың фотосуреттеу жылдамдығы — 8-10б/с болды. Екінші құрылымға электронды-механикалық принцип бойынша жұмыс істейтін машиналар жатқызылады. Бұл машиналарда негізгі технологиялық жұмыстары электрондық құрылғы-лардың, ал кейбір жұмыстары механикалық құралдар көмегімен іске асырылады. Бұл машиналардағы фотосуреттеу жылдамдығы 100б/с дейін жетті.
Машиналардың үшінші құрылымы — электронды-сәулелі түтікшелері (ЭЛТ) бар фототерімдік машиналар. 1967ж. аса жылдам фототерім аппараты Linotron шығарылды, онда фотоматериалға мәтіннің бейнесін көшірмесін алу үшін, электронды-сәулелі түтіктің (ЭЛТ) экранында белгілерді қалып-тастырудың растрлық тәсілі, белгілердің негативтік бейнелері бар жақтау түріндегі қаріп тасушымен қоса қолданылды. Бұлар - «Линотип-Паул-Лимитед» фирмасының (Англия) Линотрон-505С, Хелл фирмасының (ГФР) Дигисет SОТІ жүйелері. Олардың фотосуреттеу жылдамдығы секундына бірнеше мың белгіге жетеді.
1971ж. перфолентадағы фототерім автоматын басқару бағдарламасын түзету үшін тұңғыш бейнетерминалдық құрылғы Соггесеег М-100 жасап шығару және оны фототерім жүйесінде қолдану терім процесінде түзетудің көп еңбек қажет етуін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді. Linotron-606 фототерім машинасы өнімділігі шамамен 5 млн. б/с жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істейтін автомат болды және фототерім жүйесінің негізін құрады. Қаріптік және сызба ақпаратты бейнелеудің сандық (цифровая) тәсілі кең форматты ЭЛТ автоматының экранында тек мәтінді ғана емес, сонымен бірге, штрих пен жартылай реңдік көркемсуреттерді қайта көшірмелеуге мүмкіндік берді - бұл басуға дейінгі процесті автоматтандырудағы жаңа жетістік болды.
1976ж. Linotyhe AG фирмасы 90 жыл бойы айналысып келген терімдік жолқұятын машиналарды шығаруды тоқтатты. Фототерім машиналарының төртінші құрылымына лазерлік жарық сәуле көзін пайдаланатын автоматтар жатады. 1984ж. Linotyhe AG фирмасы фототерім техникасын дамытуда жаңа қадам жасап, лазерлік фототерім Linotronic-100 және – Linotronic-300 автоматтарын шығара бастады. Терім — басу техникасының жаңа түрі ХХғ. 80-ші жылдары пайда болды. Ол оптикалық оқитын құрылғының (сканердің) көмегімен бейнені санға айналдыруға немесе электрондық «қарындаштар» мен «қылкаламдардың» көмегімен тікелей бейнетерминалдың экранында бейнелер пайда болып, оларды мәтінмен бірге құрастыруға мүмкіндік береді. Мәтін экранда сыйымдылығы 15-20 жол бейнетерминалмен кодталады. Әрбір жолға, әдетте, 80 белгіге дейін сияды.
Бейнетерминалдың экранында электрондық терім мен басылымдарды рәсімдеу технологиясы «меню» түрінде бекітілген нұсқаулар тізімін пайдалануға байланысты «іздеуіш» манипуляторы т.б. пайдалануы да мүмкін. Бұл технология басылымдарды жеке компъютерлерде (ПЭВМ) жедел түрде өңдеу және артынан лазерлік басу құрылғыларында түпнұсқа үлгілерін немесе фотоқалыптарды) алу үшін қолданылады. Бір мезгілде мәтін фототерім автоматтарында одан әрі қарай өңдеу үшін, иілмелі магниттік дискілерге (дискеттерге) шығарыла алады. Лазерлік принтерлер әдетте форматы А4 мәтінді бетті 10-15сек. басып шығаруды қамтамасыз етеді.
Жолдарды тұйықтап дайындау жұмыстарының орындалу барысы ПЭВМ бағдарламалық жүйелерімен қамтамасыз етіледі. «Алфавиттің» бір бетіндегі белгі орындарының ассортименті 256-ны құрайды, ал мұндай беттердің саны іс жүзінде шектеусіз болуы мүмкін. Осылайша, 1985 жылы баспада отырып, мәтін және көркемсуреттердің барлық жұмыстарын орындау, сондай-ақ:
• репродукцияланған түпнұсқа - үлгі;
• магниттік дискіге жазылған ақпарат;
• мөлдір астарға (оны қағаз орнына жұмсағанда) түсірілген фотоқалып алу мүмкіндігі туды.
Жаңа технологияны кеңінен енгізуге мүмкіндік берген техникалық жетістіктер катарына:
• қуатты микро-ЭВМ жаңа түрлерінің пайда болуын;
• лазерлік принтерлер мен фототерім құрылғыларын басқару үшін «беттерді сипаттау әдістерінің» жасалуын;
• салыстырмалы арзан лазерлік басу құрылғыларының пайда болуын;
• қарапайым басқарушы бағдарламалардың жасалуын;
• оптикалық оқитын құрылғылардың (сканерлердің) жасалынуын жатқызуға болады.
XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап компьютерге сканерден тікелей енгізілетін, онда растрланып, мәтінмен бірге арнайы фотоқалыптарға шығарылатын, баспа қалыптарын даярлауға қалыптық көшірілетін мәтін мен көркем-суреттерді өңдеу пайда болды.
«Компьютерден басылым қалыбына дейінгі» әдісі бойынша толық пішінді басылым қалыптары тікелей компьютерден көшіріледі. Көпшілікке арналған басылым өнімдерінің жаңа түрлері өздерінің ерекшеліктеріне сәйкес оқырмандарға жедел жеткізу болып табылатын өнімдер — газеттер, брошюралар, анықтамалар, сөздіктер және жартылай дайын өнімдерді өңдеу, пайдаланатын басылым машиналарына жоғарғы тиімділіктен сапалы өнім басу талаптарын қойған. XIXғ. екінші жартысында дамып келе жатқан полиграфия өндірісі саны күннен-күнге көбейіп отырған жаңа станоктар және машиналармен (басылым және басылымнан кейінгі) жабдықталды. Полиграфиялық технологиялардың дамуына Ресей полиграф шеберлері де қомақты үлес қосты. Дарынды, өздігінен білім алған И.И.Орлов 1890 ж. бір басылым қалыбымен бірнеше бояу басу әдісін ойлап тауып, ол үшін арнайы машина құрастырды. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзіне танымал, орлов басылымының машиналары қағаз ақша белгілері мен басқа да мемлекеттік құжаттарды басып шығару үшін қолданылып, оларды жалған жолдармен жасап шығаруға мүмкіндік бермей келеді.
Әскери полиграфист А.В.Янов 1907ж. ойыңқы басатын элементтері бар көптаралымды басуға төзімді жазық басу қалыптарын алу тәсілін ойлап тапты, ол осы кезге дейін офсеттік басылымда кеңінен қолданылып келеді. Патша шенеуніктері мен олардың халық арасынан шыққан дарын иелеріне менсінбей қарауларының салдарынан, кейбір орыс өнертапқыштарының полиграфия саласындағы еңбектері өз отанына қарағанда шет елде жарық көріп отырды. Мысалы, 1897ж. В.А.Гассиев ойлап шығарған фототерім машинасының және 1916ж. фотограф Е.Е.Горин ойлап тапқан электрографияны 1942ж. АҚШ-та Карлестон патенттеген, ХХғ. басында еңбекті ең көп кажет ететін процестер: қағазды машинаға жеткізу, парақтарды бүктеу (фальцовка) мен кесу механикаландырылды, көпбояулы басылым пайда болды, баспа құралдарының жылдамдығы артты. Соңғы 15-20 жыл ішінде полиграфияда өндірістік жұмыстар кешендерін орындайтын агрегаттар мен ағын желілері пайда болып, баспа өнімдерінің жеке түрлерін шығару жөніндегі автоматтандырылған полиграфия кәсіпорындары құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет