12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет8/12
Дата13.04.2023
өлшемі47,22 Kb.
#82164
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Полиграфия өндірісінің негіздері

Кітап басылымдары - өзара біріктірілген және түптеу мұқабасымен қапталған мерзімсіз баспа шығарылымдар.
Кітап басылымдары түріне, пайдаланылуының мерзімдеріне, көркем-суретік материалдардың түрі мен сапасына, таралымына, күрделігіне, терімі мен көлеміне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Тарихи әдебиет.
2. Көркем әдебиет.
жеке шығармалар мен жинақтар;
• шығармалар жинақтары мен таңдамалы шығармалар;
3. Орта және төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтар.
4. Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарына арналған оқулықтар.
5. Өндірістік-нұсқаулық басылымдар.
6. Энциклопедиялар мен сөздіктер.
7. Мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балаларға арналған әдебиеттер.
8. Ресми-құжаттық және ресми-анықтамалық басылымдар.
Кітап басылымдары тақырыптық және алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес шығарылады.
Күнтізбе (лат.calendarium – ұзақ мерзімді кітап) апта күндерін, апталарды, айларды, жылды бірізділікпен келтіретін анықтамалық басылым.
Күнтізбелер қабырғаға ілетін, стол үстінде парақталатын және қалталық болып бірнеше топқа бөлінеді.
Альбомдар (фр.аІЬum) — көркемділігінің сипаттарына қарай, үш топқа бөлінеді:
- көркем өнер бойынша көркем суреттік, кескіндемелер бейнелеу өнерінің түрлері, сәулет өнері, мүсіндеу өнерлері бойынша альбомдар;
- фотоальбомдар (түрлі көріністердің, қоғамдық мәселелер жөніндегі оқиғалы тақырыптар, тарихи, туристік, жарнама каталогтары т.б.);
- ғылыми-техникалық альбомдар (ғылыми, өндірістік, техникалық, оқу т.б.); көркемделінген бояулылығы бірден алтыға дейін бола алады.
Альбомдар түптелінеді, кейде қосымша безендірілген тыстама мен қынапқа (футлярға) салынады. Көпшілік қолданымға арналған альбомдарға қаптамалар кигізіледі немесе арзан түптелінеді.
Репродукциялар (латынша: ге - қайта басылатын немесе қайталанатын әрекетті нұсқайтын қосымша және ргоduса - өндіремін) полиграфиялық тәсілмен алынған көркемсуреттер, кескіндемелер, штамп, көркем фотосуреттердің қолданбалы және халық өнері шығармаларының баспа таңбалары (көшірмелері). Мұндай репродукциялар көбінесе ақ-қара немесе түрлі түсті болып келеді. Оларды жеке парақтарға басып немесе жинақ түрінде шығарады.
Парақтық өнім түрінде шығарылатын репродукциялар қосымша өңдеуден өтеді: лактайды, пленка жапсырады, басып-ойып таңбалар салады, линзалық растр жапсырады, стерео немесе видеобейнелерді қосып қайта жаңғыртады.
Ашықхаттар — парақтық, жоғарғы көркемдікті түрлі-түсті өнімге жатады. Ашықхаттар - екі немесе төрт бүктемелі болып келеді. Әрлеудің бірнеше түрі қолданылады: лактау, пленка престеу, баспа-таңба түсіру, высечка, линзалық растрды престеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет