1.3. Кітап басып шығару процесінің негізгі кезеңдері Кітап шығарудың біздің заманымызға дейін келіп жеткен және соңғы кездерге дейін бірден-бір болып келген жалпы сұлбасы: автор-баспагер-басушы-түптеуші-кітап сатушы.
Автор — кітап жасаудағы басты тұлға. Ал баспа және баспахана - кітап, газет, журнал, плакаттар және басқа да өнімдерді редакциялап баспаханаға дайындайтын мекеме. Өнім шығару процесі мынандай үш үлкен кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең — бұл мазмұны жағынан құнды шығарма (көркем, техникалық, оқулық т.б.) жасау.
Екінші кезең — баспалық өңдеу, яғни басылымның ішкі және сырткы элементтерін даярлау.
Үшінші кезең — полиграфиялық (баспаханалық) жұмыстарды орындау, яғни авторлық шығарманы сапалы өнім ретінде баспалық басылым түрінде көбейтіп шығару.
Басып шығару процесіне баспаның үш негізгі бөлімі: редакциялық, көркемдік-техникалық редакциясы және өндірістік бөлімдері тікелей қатысады. Өз шығармасын аяқтап, автор қолжазбасын баспаға тапсырады. Осыдан кейін қолжазбамен редакциялау жұмысы басталады. Ең алдымен, баспа шығармаға баға беру қажет. Мұндай бағалаудың мақсаты — шығарманың идеялық, ғылыми және көркемдік құндылығын анықтау.
Редакциялау жұмысының бұл бөлігі қолжазбаны рецензиялау (пікірсараптау) деп аталады. Аса күрделі қолжазбаларды бағалауға ғалымдарды және тәжірибелі мамандарды тартады.
Қолжазба мен редакциялық жұмыстың екінші бөлігі - оны безендіру. Баспаның өнімді безендіру жөніндегі жұмысы мынадан тұрады: баспа болашақ кітаптың сыртқы және ішкі пішінінің кандай болуы керек екендігін анықтайды. Кітаптың безендірілуі оның пішімін, қалай басылатынын, қандай көркем суреттер, әшекейлер, суреттер енгізілетіндігін, оның мұқабасын, қандай қағазға басылып, қандай материалдармен түптелетіндігін анықтайды.
Кітапты безендіруде, оның полиграфиялық орындалу әдісі мен басу жұмыстарының сапалық деңгейінің маңызы ерекше. Сол себепті, қандайда болмасын кітапты басып шығару үшін, баспаханаға тапсырыс бере отырып, баспа оған кітапты қайтіп және қалай безендіру қажет екендігі туралы анық нұсқау бере отырып, оған қажетті мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті. Бұл мәліметтердің барлығы әрбір тапсырысқа жасап шығарылатын өнімдерді сипаттайтын қосымша құжаттарда (технологиялық картада) көрсетіледі. Кітап шығаруды полиграфиялық орындау тікелей баспахананың міндеті болғанымен де, бұл кезенде баспаның, әсіресе, оның өндірістік бөлімінің рөлі де өте жоғары. Өндірістік бөлімнің жұмысы бір жағынан, баспаның редакциялық және безендіру бөлімдерімен, екінші жағынан, баспахананың жұмысымен тығыз байналысты. Кітапты басып шығару барысында баспахана баспаға оның бақылау баспа-таңбаларын тексеруге (тузетуге) жібереді. Тексеруді автордың қатысуымен баспаның редакторлары, техникалық редакторлары мен корректорлары жүргізеді. Сонымен бірге, баспа баспаханадан түпкілікті тексеру және жарыққа шығаруға рұқсат беру үшін қолжазбаны, міндетті түрде баспаның бас редакторы кітаптың алғашқы данасын бекітеді.
Өндірістік бөлімнің ең манызды міндеттерінің бірі — ол баспаның тапсырыстарын дер кезінде орындау үшін баспахананы қағаз, бояу, түптеу материалдарымен қамтамасыз ету. Өндірістік бөлімнің даяр өнімді қабылдар кезінде оның полиграфиялық орындалу сапасына ерекше бақылау жасауының маңызы үлкен.
Оқырман қауым мен кітап саудасы кызметкерлері үшін кітаптың мазмұны мен идеялық бағыты жағынан құнды мәселенің маңызы ерекше. Бұл мәселелерден жеткілікті дәрежеде хабардар болуы үшін, кітап саудасы қызметкерлері бұл салаға бағдар беретін маңызды мемлекеттік құжаттармен таныс болуы керек. Ол, сонымен бірге, кітаптың полиграфиялық орындалу мен безендірілу сапаларын дұрыс ажырата білуі тиіс. Осы мәселелерді жақсы меңгерген кітап саудасы қызметкері басылымдардың сапасы мен безендірілуіне оқырмандардың назарын аударып, кітап сүйер қауымның қажеттілігін орындай алады.