12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет102/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Сандык басылымның мәні неде?


2. Сандық технологиялардың қандай артықшылықтары бар?
3. Сандық басылымның кемшіліктері.


12.6. Ризография

1946 жылы Жапонияда құрылған К180 фирмасы сандық дубликаторлар өндірісінде әлемдік көшбасшы болып саналады және үнемі сандық дубликаторлар нарығында жоғарғы стандарт орнатады.


Шапшаңдығы, жеделдігі мен үнемділігі жағынан ризограф әдеттегі көшіргішті басып озады, ал басудың өзіндік құнының арзандығы мен қарапайымдылығы жағынан офсеттік басылым әдісіне бәсеке құра алады. Кәсіби компьютер мен интерфейс, сандық басылымға қосылып, орташа және үлкен таралымдар үшін жоғарғы сапалылығы мен өнімділігінің арқасында қолданушыларға түрліше мүмкіндіктер береді.
Ризография технологиясы трафареттік басылым әдісіне негізделінген кез-келген бейнені дюймге 600x600 нүктеге ажыратқыштық қабілетімен қағаздағы түпнұсқасынан көшіріліп немесе компьютерден интерфейс арқылы алуға болады. Алғашқы сынама басылым 17 секундтан кейін даяр болады. Басу процесінде қағаз айналып тұратын басу барабанының астынан өтеді, барабанға басудың бар екендігін және оның басылушы бетке бөлінуін бақылайтын датчиктер орналастырылған. Бояу барабанға керілген мастер-пленкада термобастиекпен жасалынған тесік арқылы сығылып енгізіледі де, қағазға жағылады. Бояушы барабанды алмастыру арқылы түс оңай өзгертіледі. Ризографтың механизмінің сенімділігі қағазды мыжымай, минутына 130 көшірмеге дейінгі жылдамдықпен тез және тұрақты басу процесін қамтамасыз етеді.
Мастер-пленка мен бояуды Ризо компаниясы жасап шығарады. Олар ризографта басудың жоғарғы пайдаланушылық сипаттамасы мен жоғары сапасына кепілдік береді. РизоМастер-пленкасы мен бояуының құрауыштары мен шығару процесінің экологиялық тазалығы Бт /30 9002 сертификаттарымен куәландырылған. Басу жұмыстарының өзіндік құнының төмендігі ризографтың негізгі артықшылықтарының бірі болып саналады. Жиырма көшірме таралымнан жоғары қарай ризографта басудың құны офистік көшіргіштерде басудың орташа құнынан төмен болып келеді.
Ризографты пайдаланған кісі басу шығындарын үнемдейді. Оңтайлы нәтижеге мәтін мен жартылай реңді бейнелерді (фотографияларды) минутына 60 тан 130 көшірмеге дейін жылдамдықпен басқан жағдайға қол жеткізуге болады. Ризограф 8 минутта 1000 көшірме басып шығарады.
Шығыс материалдарын үнемді пайдалану, құрылысының қарапайымдылығы және механизмнің сенімділігінің арқасында, ризограф қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, әрі көп жыл бойына қызмет етеді. Ол тәулігіне 24 сағат бойына пайдаланушыға ешқандай қосымша жүктеме салмастан (қағаз жиырылмайды), жұмыс істеуге қабілетті, ризограф кез-келген материалды таралымдауға аса қолайлы құрал болып табылады. Батырманы бір басып қалсаңыз - сіз көшірмелерінің көлемі пошта ашық хатынан (А6) постерлердің пішіміне дейін (A3) 46 т/м ден 210 т/ м дейін қағаз бен қатырмаға 15 аса бояу түсін пайдаланып, ғажайып жылдамдықпен баса аласыз.
Мастер-пленканың түсті барабаны мен рулонын оңай және тез ауыстыруға болады.
К180 компаниясының корпоративтік философия іргетастарының бірі іске асырылған қоршаған ортаны қорғауға қамқорлық болып табылады. Piso бояуы су-сабынды эмульсия, сондықтан да ешбір зиянсыз. Ризограф жұмыс кезінде энергияны өте аз, әдеттегі көшіргішке қарағанда, орта есеппен 98%-ға пайызға аз жұмсайды, ол ешқандай зияанды бөлшектер, жылу шығармайды, тораптарын тазалау үшін қауіпті химиялық құрамдарды қажет етпейді.
Лазерлік принтер
сапа
жоғары
орташа
Осы ерекшеліктерінің барлығы жиналып, ризографияны дәстүрлі басу мен көшіру процесінен ерекшелейтін, экологиялық жағынан абсолюттік таза технология ретінде сипаттайды.
Ризографияның дамуы терең ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделінген. Сандық басылым жүйесінің әрбір құраушы К180 фирмасының өзінде ыждықатты жасалынып, шығарылады. К180 фирмасының бәсекелестерінен ең басты айырмашылығы осында. Нәтижесі
тек, жеке-жеке модульдердің жиынтығы емес, ең жоғарғы талғамды қанағаттандыратындай толық іріктірілген шешім.
Ризографияның соңғы жетістіктері Riso-ның 1995 жылы топтама өндіріске жіберген ризографтар топтамасы болды. Топтама алты әр түрлі модельден тұрады, ең соңғысы ОК.3770 рұқсат етілетін қабілеті 600x600 бр кәсіби баспа секторы үшін мәтіндер мен фототүснүсқаулардың оңтайлы сапасын береді. Қарапайым ОК.1610 моделі - ризографияның қолданудың ең арзан мүмкіндігі - білім беру және басқа да нарықтарда кеңінен қолданылуда.
Ризографтар К180 фирмасының басқа да офсеттік құрал-жабдықтарымен бірге қолданылады. Сорттаушы, пайдаланушының идентификаторы, парақ жинағыш, дизайнер планшеті сияқты еңбекті жеңілдетуші модульдер дизайнерлік және басудан кейінгі өңдеуге мүмкіндік беріп, ризография тұжырымдамасын аяқтайды.
К180 жинақтаушы және шығыс материалдарын әрбір модельге дәлме-дәл іріктейді және пайдаланушылардың талаптарын барынша толық қанағаттаныдру мақсатында үнемі жетілдіріп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет