12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет103/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Ризография дегеніміз не нәрсе және ол неге негізделінген?


2. Ризорграфия басу процесі.
3. Басылым құнының арзандығы не нәрсеге негізделінген?
4. К180 дамуы, ризографияның соңғы жетістіктері.


12.7. Орлов басылымы

Орлов басылымы - бейнелердің элементтерінде бір түстің екіншісіне өтуі қарастырылған басылымның ерекше арнайы түрі. Процестің мәні көп түсті бейнелердің басу бояуларын шығыңқы басылымның түске бөлінген басу қалыптарынан құрама қалыпқа - клишеге мұнда түсті бейне алынады, көшіру, одан соң оны бір айналым ішінде басылушы материалға беру жолымен қалыптасатындығында. Сонымен бірге, өту шекарасы ап-анық, штрихтар қисаю-үзілусіз, бір түс екіншісінің үстіне түсіп жатқан жоқ.


Бұл басылым әдісін 1890 жылы өнертапқыш И.И.Орлов ойлап шығарды, оның құрметіне Орлов тәсілі деп аталған. 1893 жылы тұңғыш Орлов басылым машинасы жасалынып, іске кірісті. Алғашқы рет Орлов басылымы 1894 жылы 25 рубльдік кредит билеттерін басып шығаруға қолданылды. Орлов басылымының беретін нәтижесін басылымның дәстүрлі әдістерімен жаңғырту мүмкін емес, себебі бұл үшін оны пайдалануға мемлекеттік лицензиясы бар фирмалар ғана иелік ететін аса күрделі жоғарғы дәлдікті машиналар ғана қолданылады. Орлов басылымында алдымен «құрама» цилиндрде алынған көп бояулы бейне басылым қалыбына (шығыңқы басылым қалыбына) көшіріледі. Бұдан соң ол екінші офсеттік цилиндрге беріледі: мұндайда көп бояулы анық сызылған гильоштарды басуға да болады.
Машинаның конфигурациясы бет жағын бір қысымша офсеттік бояумен Орлов әдісімен (шығыңқы басылым) және қарсы жағын төрт офсеттік басу машинасынан офсеттік әдіспен басуға мүмкіндік береді. Үйлестіру дәлдігінің дәрежесін қамтамасыз ету үшін «құрама цилиндрлі» арнайы басу секциялары мен «бірмезгілде басатын» басу секциялары жасалынып шығарылған.
Бұл құрылғыларда бейнелеу элементтері төрт қалыптық цилиндрден бір резеңке (құрама) цилиндрге жиналады да, олар бір мезгілде одан басу материалына көшіріледі. Басу парағы немесе басу төсемі екі «құрама» (офсеттік) цилиндрдің арасынан өткізіледі. Бүл әдіс барлық сегіз басу қалыптарының араларында біркезде орнатылған үйлестіктің басу барысында көп уақыт бойына өзгермей тұруына кепілдік береді. Қағаздың әр түрлі дәрежедегі ылғалдығы мен деформациясының ешқандай әсері жоқ. Басу тек резеңке цилиндрдің тұрақты бетінде аралық тұрақты бейнесі алынған кезде ғана басталады. Тұрақты жоғарғы дәлдіктегі үйлесімнің алынуының алғышарты (0,004мм аз шекте), басу машинасындағы цилиндрлердің арнайы құрылғылары (мысалы, тістергіштер араларындағы саңылаулардың барынша тар болуын камтамасыз ету үшін) бар екендігінде. Машина цилиндр мен осьтік жетектің орналастырулары мен үйлестірілулерін, сонымен бірге, парақтың бет және қарсы жақтарын басуды реттестіруші механизмдермен жабдықталған.
Банкноттарды жалған жолмен жасауды қиындату үшін, кейбір қалыптық цилиндрге бірнеше бояу беріледі. Ол үшін бояу жәшігі басу бағытына кесе-көлденең бір бояуды екіншісінен бөліп тұратын сегменттерге бөлінеді. Бұл бір бояу жәшігінен бірнеше бояумен басуға (ирис басылымы деп аталатын) мүмкіндік береді. Осы бояуларды олардың бір-бірлерімен үйлесімдерінің жоғарғы дәлдігімен (түйіссіз) басу үшін басу процесінің барысында кезегімен екі бояу жәшігі қолданылады. Басу аппаратында, офсеттік цилиндрдің үш сегментінде көп бояулы бейненің барлық бөлімдері жиналады да, олар кейін тікелей қағазға басылады. Орлов басылымының мысалы ретінде ресей ақшаларын келтіруге болады. Олардың бет жағы сол тұсынде және қарсы жағының оң тұсынде Орлов басылымы әдісімен орындалған ою-өрнек жолағы бар: штрихтық элементтердің әртүрлі түстері бір-бірлерімен үзіліссіз және жылжымай орналастырылған. Ақшаны жарыққа тосып қарағанда бетінің және қарсы жағының бейнелерінің элементтерінің бос аралық және боялған фрагменттері жаңа өрнек түзіп, үйлескен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет