12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Блоктардың механикалык бекітіпуі



бет124/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Блоктардың механикалык бекітіпуі - бұл кітап типтес блоктарды металл немесе пластмасса бекіту детальдары мен құрылғыларын пайдаланып бекіту тәсілдері. Блоктың түп аймағында саңылаулардың жасалуы түрі мен бекіту детальдары мен құрылғыларының типіне қарай блоктарды бекітудің механикалық тәсілдерін спиральдармен және тарақтармен бекіту, бұрамалар және тойтармалармен бекіту, құлып қысқыштармен және құрсаулармен бекіту деп бөледі.
Блоктарды спиральмен бекітуді іске асыру үшін екі операция жасау қажет: түп аймағында тесіктер тесу мен спиральдерді перфорация тесіктеріне кигізу. Ірі және орташа сериялық өндірісте перфорациялауды «Джеймс Берн Интернейшнл» фирмасының (Швеция) EX 380, 610 және 700 типті автоматтарында орындайды, оларда перфорацияны жеке парақтарда немесе 3 тен 30 дейін парақтан тұратын бумаларды жасауға болады. Кішігірім серияда кеңселік үстел үстілік перфораторлар немесе ГУПБ-50 типті әмбебап перфорациялау және бүгіліміз салу станоктары (Харьков Зим, Украина) пайдаланылады. Металл немесе пластмасса спиральмен бекіту үшін диаметрі шамамен 2-Змм (әрбір 6,35мм сайын әр дюймге төрт тесіктен) кішкене дөңгелек тесіктер теседі. Спиральдарды блокқа енгізу Ренц фирмасының (Германия) 52 Е типтік жартылай автоматтарында немесе қолмен орындалынады.
Сым тарақтарды даярланған қатырма блогына енгізу және оларды түп аумақтың жиегін толық орайтын тұйық сақиналар жасау үшін қысу сағаттық өнімділіктері А4 пішімдегі 1 мыңдай блок үшін «Ренц-Аутобинд» жартылай автоматында орындалады немесе орындаушы механизмдерін қолмен қимылдататын үстел үстілік шағын көлемді құрылғылар пайдаланылады.
Пластмасса тарақтарды шығарушы фирмалар түтіктерге майыстырылған түрде жеткізіп береді, сондықтан оларды перфорация тесіктеріне салғанда Айтакокомбо супер (Халықаралық Атталус корпорациясы) типті станоктарда тарақтардың тістері перфорация тесіктеріне енулері үшін оларды жазады. Пластмасса тарақтарды сығу полимердің негізгі құрауышының жоғарғы иілімділікті деформациясының қалпына келтірілуі есебінен іске асырылады.
Блоктар спиральдарын және тарақтар арқылы бекітудің артықшылықтарына, олардың технологиясының жоғарғы дәрежедегі кызмет керсетуді талап етпейтін қарапайымдығын, оларды шағын кәсіпорындар мен кеңселерде пайдалану мүмкіндігін, кітап өнімінің толық (180°-қа) ашылатындығын, әртүрлі құрылымдағы тыстамаларды қолдануға болатындығын жатқызуға болады. Блоктарды спиральдер және тарақтармен бекітудің кемшілігі - түп жиегінің бөлігін пайдалану, бұл қағазды пайдалану пайызын біршама төмендетеді. Спиральдер және тарақтармен бекіту қабырға күнтізбелерін, күнделіктерді, түрлі каталогтарды, нота және жалпы дәптерлерді, қойын дәптерлерді, ал шетелдерде кейбір оқулықтарды шығаруда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет