Қайталау үшін сұрақтар
1. Бекітудің негізгі тәсілдерін атаңдар және оларға сипаттама беріңдер.
2. Сьммен түптеп тігуді сипаттаңдар, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
3. Сыммен желбегей тігуді сипаттаңдар.
Ол қандай басылымдар үшін қолданылады?
4. Сыммен тігу қандай жағдайларда қолданылады?
5. Жіппен блок бойынша бекітудің дәптер бойынша бекітуден қандай
айырмашылығы бар?
6. Жіппен жай және айқара тігулерге сипаттама беріңдер.
7. Блоктарды терможіптермен бекіту дегеніміз не? Тігусіз бекітудің түрлері.
8. Тігусіз бекіту тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
9. Блоктардың түптерін оймалап желіммен тігусіз бекіту.
10. Блоктарды бүгілімдерін ішінара бұзып, желіммен тігусіз бекіту.
11. Блоктарды бүгілімдерін бұзусыз, желіммен тігусіз бекіту.
12. Кітап блоктарын тігіп-желімдеп бекіту.
13. Кітап блоктарын механикалық бекіту.
14.4. Блоктарды тыстамалармен (кітапқап) біріктіру және басылымдарды кесу
Блоктардың тыстамалармен біріктірілуін блоктарды тыстамамен жабындау деп атайды. Ол үш түрлі болады: желбегей, қарапайым және тарқама. Желбегей жабындау, бұл салмалы тәсілмен жинақталынған блокты тыстамамен біріктіру. Мұндай жабындау басылымдарды жинақтау және сыммен, сирегірек жіппен бекіту процесінде іске асырылады, сол себепті, төменде тек қарапайым және тарқама жабындаулар ғана қарастырылады.
Іріктеумен жинақталынған блоктар, әдетте, тыстамалармен оларды бекіткеннен кейін желіммен біріктіріледі (тігусіз бекітуде біріктірілетін жиекті тыстамалардан басқалары). Қарапайым жабындауда тыстамалар тек блоктың түбіне желімделінеді, бұл жұмысты орындауды жеңілдетеді, бірақ блоктың көлемі кіші болса, біріктірудің беріктігін онша қамтамасыз ете алмайды. Аса беріктік тарқама жабындауды қамтамасыз етеді, өйткені тыстама түбірге ғана емес, сонымен бірге блоктың шеткі беттерінде де (5-7 мм) жапсырылады. Сонымен бірге, сыммен түбінен тігілген блоктардың қапсырмалары жабылады.
Тыстамаларды баспа және тыстама қағаздардан және басқа да материалдардан - полимерлік жабынды қағаздардан және токылмаған материалдардан жасайды. Тыстамалар үшін пайдаланылатын материалдарға және басылымның рәсімделуіне қарай, оларда басу мен өңдеудің бірнеше түрлері қолданылады: лактайды, мөлдір синтетикалық материалдарды жапсырады т.б., әдетте, бір парақта бірнеше тыстама басылады. Сондықтан да жабындау кезінде парақтарды кеседі. Тыстамалар үшін қалың және қатты материалдарды пайдаланғанда тыстамаларда бүгілім іздер салады, яғни болашақ бүгілімдердің ұзына бойына тереңдетілген штрихтар түсіріледі. Бұл жұмыстар арнайы станоктарда өтпейтін пышақтармен жасалынады. Бүгіліміздер блоктарды жабындауды жеңілдету және оқығанда басылымның жақсы ашылуын камтамасыз ету үшін қолданылады. Блоктарды тыстамалармен жабындауды қолмен, механикаландырылған және автоматтандырылған тәсілдермен іске асырылады. Қолмен жабындау еңбекті көп қажет ететін жұмыс және кішігірім кәсіпорындарда таралымдары аз кітаптарды шығаруда қолданылады. Механикаландырылған жабындау арнайы машиналарда қолмен салу арқылы орындалады, ал автоматтандырылған - басқа кітапшалау жабдықтарын қосарланған автоматтарда немесе автоматтық бөлімдерде іске асырылады.
1. Қағаз беруші транспортер
2. Блоктың қысқышы
3. Желімдеу аппараты
4. Ашық тыстамалар бумасы
5. Қысу механизмі
6. Қабылдау үстелі
Достарыңызбен бөлісу: |