12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Машинада жіппен тігу түрлері



бет132/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Машинада жіппен тігу түрлері: а-қарапайым кітапшалық сырмақ;
б- айқас кітапшалық сырмақ; в-қарапайым түптеу.

Қазіргі кездегі жіппен тігу машиналарында жұмыстың ең жоғарғы техникалық жылдамдығы артқан: БНШ-6А және БНШ 6БА (Киев ПМЗ, Украина) машиналарында 115 цикл/м дейін; Р145 автоматтарында («Шталь» фирмасы, Германия) - 140 цикл/м дейін. Оларда тігін аппараттарын айқас кітапшалық сырып тігуге ауыстыру жоқ, өйткені оны қолданғанда ирек тігісте жіптердің созылуынан әрбір екінші дәптердің едәуір сырғуларынан (2,5мм дейін) тігілген блоктардың сапасы төмендейді.


Кітап блоктарын бекітудің басқа түрлері кітапшалау процестері деген тарауда сипатталынған, себебі олар кітаптарда да, кітапшаларда да бекітуде қолданылады.


Қайталау үшін сұрақтар

1. Кітап блоктары қалай жинакталады?


2. Кітап блоктарын бекіту түрлері.
3. Кітап блоктарын бекіту.


15.3. Кітап блоктарын өңдеу

Кітап блоктарын өңдеу басылымның түбінің беріктігі мен жинақтылығын арттыратын, сыртқы түрі мен пайдалануға қолайлылығын жақсартатын операцияларды біріктіреді.


Операциялардың құрамдарына қарай блоктарды өңдеудің үш нұсқасын ажыратады:
1) Толық;
2) Ішінара;
3) Болмашы.
Кітап блоктарын толық өңдеудің технологиялық процесінің сұлбасы:
- блок түбін бірнеше мәрте сығымдау;
- дәкеге тігілген блок түбін желімдеу;
- түпті кептіру;
- түпті бірнеше мәрте сығу;
- блокты үш жағынан кесу;
- кесілімдерді бояу (алтындау);
- түпті дөңгелектеу;
- түп бүгілімдерін тойтару;
- түптеу материалын желімдеу;
- таспа бет-белгіні жапсыру;
- капталды жапсыру;
- қағаз жолақты жапсыру.
Кітап блоктарын ішінде өңдеудің технологиялық процесінің сұлбасы:
- түпті желімдеу;
- түпті кептіру;
- түпті сығу;
- блокты үш жағынан кесу;
- түпті дөңгелектеу;
- түптеу материалын жапсыру.
Блоктарды болмашы ғана өңдеудің технологиялық процесінің сұлбасы:
- түпті кептіру;
- түпті сығу;
- блокты үш жағынан кесу.
Блоктарды болмашы ғана өңдеу тігу-желімдеу және тігусіз желімдеу тәсілдерімен бекітілген блоктарды жиектеуде де қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет