Өңделінуші бұйымдарды ауық-ауық ауыстырып тұратын алтыбақан түріндегі Бип-5 сияқты автоматтар кеңінен таралды.
Автоматтың блоктар үшін қысқышты айналып тұратын дөңгелек үстелі бар.
Оның айналасына бірізділікпен атқарушы механизмдер: блок бергіш, желімдеу аппараты, тыстамаларды бергіш, басылымды сығатын, шығаратын механизмдер, қабылдау үстелі жайғастырылған. Машина сонымен бірге жетекпен, блок санағышпен және теңестіруші құрылғылармен жабдықталған.
Қағаз бергіш айналмалы үстелдің қысқаштарына берген блок онымен бірге үзілмелі айналып, әрбір циклде 45° бұрылыс жасайды. Үстел кідіріс жасаған кезде жеке жұмыстар орындалады. Алдымен блок желімдеу аппараттарына жақындайды да, түбіне (және оның ішкі беттеріне де) желім жағылады. Осыдан соң блок сәл ғана кептіріледі де, сыртқы беттері төмен қаратылып жинақталған ашық тыстамалар үйіндісі жатқан блок бергішке қарай жылжиды.
Блок бергіш көтеріледі де, буманы блоктың түбіріне итеріп, төмен түседі, нәтижесінде үстіңгі тыстама түбірге желімделінеді.
Бақылау позициясынан кейін тыстамалы блок сығу механизмдеріне келеді. Механизмдер оны түбірге жапсырады, бүгеді және бүгіліміздер салады. Үстел әрі қарай бұрылғанда желім кебеді, одан соң қысқыштар ашылады да, басылым қабылдау үстеліне түседі. Қысқыштарда орналасқан сегіз блок жабындау операциясының әртүрлі кезеңдеріне қатысады. Қабылдауды жүктемелеу ауық-ауық қолмен іске асырылып отырылады. Машинаның өнімділігі - 1600-1800 блок/с.
Кесу.Кітап-журнал басылымдарын әдетте оларға қажетті пайдаланушылық қасиеттерін беру, сыртқы түрлерін жақсарту және басылымның көлемін МемСТ сәйкестендіру мақсатында тыстамаларымен бірге үш жағынан кеседі. Салмалы тәсілмен жинақталған басылымдарды оларды тіккеннен кейін, ал іріктеу мен жинақталғандарын тыстамамен жапқаннан соң кеседі.
Басылымдарды әдетте үш пышақты кесу машиналарында кеседі, ол бір жұмыс циклінде басылымдардың тобын үш жағынан кеседі. Бұл пышақтар алуан түрлі, өздерінің технологиялық мүмкіншіліктеріне, автоматтандырылу дәрежелеріне және басқа да белгілеріне қарай ажыратылады. Іштерінде ең көп тарағандары басылымның бір тобын кесу құрылғысына автоматты түрде беріп, одан автоматты шығаратын машиналар болып табылады. Машиналар кесудің қажетті дәлдігін, жоғарғы еңбек өнімділігін және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басылымның теңестірілген бумасын (биіктігі 8см дейін) бергішке жайғастырады. Алдын-ала қысқыш басылымды қысып тұрады, бергіш оны қысқышпен қоса үстел бойымен кесу аумағына жақындатады, бұл жерде басты (жұмысшы) қысқыш төмен түседі де, алдыңғы қысқыш бұрынғы қалпына оралады. Сығымдалған басылымға бүйірдегі пышақтар түсіп, оны бір мезгілде жоғарғы және төменгі жиектері бойынша кеседі. Бүйірдегі пышақтар көтерілгеннен кейін үшінші алдыңғы пышақ басылымның алдыңғы жиегін кеседі. Қырқылған бума қысқыштардан босатылып, транспортерге (8) беріледі де, одан қолмен түсіріледі.
1. Басылымдар бумасы 2. Бергіш 3. Алдын-ала қысу 4. Үстел 5. Басты (жұмысшы) қысым 6. Бүйір пышақтары 7. Алдыңғы пышақ