12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет122/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Сыммен тігу түрлері. а-в-дәптерлер бірінің-ішіне бірі енгізілген; б-түбінен;
в-бөлектеп; г-түбінен қарама-қарсы қапсырмалармен.

Сыммен бөлектеп тігу қаптамалы кітаптарды шығаруда қолданылады. Қалыңдығы 4мм дейінгі шағын көлемді блоктар салмалы тәсілмен, ал қалыңдықтары үлкен блоктар - жинақтау жолымен құрастырылады.


Желбегей және түптеп тігулерден өзгешелігі сыммен бөлектеп тігу түптеу материалында іске асырылады. Қорыта келе, айтар сөз сым қазір шектеулі қолданылады, келешекте металдың ауада тез тотығуына, тігілуші блоктың сыртқы парақтарының беріктігінің бұзылуына, түп жағының қалыңдығының артуына байланысты оны қолдану азая түсетіндігіне күмән жоқ.
Тігусіз желіммен бекіту - кітап блогының барлық парақтарын жіппен тігусіз, желімнің көмегімен бекіту.
Тігусіз бекіту тігілмелі бекітумен салыстырғанда едәуір техникалық-экономикалық пайда береді, өйткені бекітудің бұл түрі блоктар бойынша және оның еңбек сыйымдылығы блоктағы дәптер санына тәуелді емес.
Қазіргі тігусіз желіммен бекіту принципі (ТЖБ) 1811ж Австрияда тұңғыш қолданылды. 1900 жылдары бірсыпыра елдерде парақтардың иілімділігін арттыру үшін глицерин араластырылған сүйек желімімен бекітілген шағын пішімді «қалта» басылымдары көптеп шығарылған болатын, бірақ мұндай кітаптардың беріктігі мен шыдамдылығы онша болмайды, ТЖБ шын мәнісінде жарық көру уақыты 1931 ж деуге болады, сол жылы Германияда винилацетатты полимерлеу реакциясы іске асырылып, поливинилацетаттық дисперия (ПВАД) алынды, ол қағаз парақтарының берік желімдеулерін және желіммен жапсырудың беріктігінің ұзақ уақыт бойына сақталуын қамтамасыз етті. Ресейде ТЖБ-ны алдымен Англиядан, одан соң Швейцариядан сатып алынған шетелдік жабдықтарды пайдаланып, 1948ж бастап қолдана бастады, 1965ж. АҚШ-та термоклей алынып, ТЖБ үшін Еуропа елдерінде (Германияда, Англияда және Францияда) 1965 жылдан, ал Ресей мен ТМД елдерінде 1970 жылдан қолданыла бастады.
Тыстамалы кітап басылымдарының блоктарын «Суық» (қалыпты үй температурасындағы) желімді пайдаланып, тігусіз желіммен бекіту үшін «Мюллер-Мартини» фирмасы (Швейцария) 1998 жылы өнімділігі сағатына 1500 даналық «Алиго» жартылай автоматын және ең жоғарғы техникалық жылдамдықтары тиісінше 60, 116, 125 және 200-300 цикл/мин «Тигра», «Старплюс», «Тренд-биндер» және «Корона» автоматтарын шығарған болатын. ТЖБ жартылай автоматтарында бар болғаны үш қана операция жасалынады: 1) түпті оймалау; 2) түпті желімдестіру; 3) блокты тыстамамен жабу. Блоктарды жоғарғы жиектерінен түпке итеріп түсіргеннен кейін машинаны жүктемелеу мен өнімді түсіру қолмен атқарылады. Басылымдарды кішігірім бумаларға салғаннан кейінгі үш жақты кесу алдындағы табиғи кептіру үстелі мен арбаның қайырмалы сүрелерінде іске асырылады.
Көпсериялы тыстамалы басылымдарды шығаруда көп функциялы агрегаттар қолданылып, олар мынандай операцияларды орындайды: 1) блоктарды итереді; 2) түпті терең оймалау; 3) бетті оймалау; 4) түбірді қағаз шаңынан тазартады; 5) түпті алдын-ала желімдейді; 6) қысқа уақыт кептіреді; 7) түпті екінші мәрте желімдейді; 8) блокты тыстамамен жабады; 9) түп аймағын қысқа мерзімдік жоғарғы жиілікпен қыздырады. Басылымның жартылай даяр өнімдерінің суытылуы қосарларынан ажыратуға немесе үш жақты кесуге жеткізіп тұратын ұзын транспортерде іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет