12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет134/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Түпті желімдеу алдында қысудың қызметі.


2. Блоктардың түптерін желімдегеннен кейін кептірудің қандай түрлері бар?
3. Блоктарды неліктен үш жағынан кеседі?
4. Кітап блоктары түптерінің пішіндері.
5. Кітап блоктары түптерін өңдеу операцияларын атаңдар.


15.4. Мұқаба қаптамалары

МесСТ тыстамалардың 1-ден 4-ке, 5-тен 9-ға дейін мұқаба қаптамаларының 4 типі белгіленген, олар құрылысы, жиектемелері мен бұрыштарырың түрі, түбінің пішіні бойынша жіктелінеді. МесСТ бөлшектері пісірумен біріктірілген пластмасса мұқаба қаптамалар, сонымен бірге арнайы тапсырыстар бойынша даярланатын сирек қолданылатын тыстамалар мен мұқаба қаптамалары да қарастырылған.


Тыстамалар мен мұқаба қаптамаларының әрбір типіне өзінің катар саны мен атауы берілген:
1 тип - желбегей жабу үшін тыстама
2 тип - қарапайым жабу үшін тыстама
3 тип – салпақ жабу үшін тыстама
4 тип - түпті жиектеумен құрама тыстама
5 тип - құрама мұқаба қаптамасы
6 тип - бip бөлшектен тұратын мұқаба қаптамасы
7 тип- тұтас жабылатын мұқаба қаптамасы
8 тип - жапсырма өңді жапсырмалы түпті мұқаба қаптамасы.
9 тип - жапсырма өңді және жиектелген түпті мұқаба қаптамалы.
Құрылыстары жағынан тыстамалар 1 бөлшектен (1,2,3 типтер) тұратын немесе екі өңнен, түптен және блокты жиектегенде өңдеудің үстіне жапсырылатын көмкерме материалынан құралатын құрама болып келеді.
Әрбір типтегі мұқаба қаптамаларының құрылысы әртүрлі болып келеді.
5 тип. Мұқаба қаптамасының бұл типі «құрама» деп аталады. Мұндай қаптаманың құрылысы жабын өңірлерден, отставтан және техникалық матамен қапталған түптен тұрады. Жабын өңірлері материалдың жыртындысымен (қағаздың немесе матаның) жабылған. Түп дөңгеленген (тікте болуы мүмкін). Бұрыштары тік (жұмыр немесе желімделінген тік те болулары мүмкін). Қатырма өңірлер мен отстав түбірімен түрлі материалмен бекітілген, ал өңірлері басқа түрлі материалмен (жабын материалы өңірдің үстіңгі, төменгі және алдыңғы жиектерімен түбірдің үстіңгі жағына қайырылады) жабылады.
6 тип - 1 бөлшектен жиетемелі немесе жиектемесіз бір материалдан, мұқаба қаптамасының түбі тек (жұмырланғанын да қолдануға болады), қатырма өңірлерінің бұрыштары тік (жұмырланғанын де қолдануға болады) - қаптама кең қолданыс таппады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет