12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет131/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Кітаптың бірінші және соңғы дәптерлерін даярлау нелермен сипатталынады?


2. Өңірбеттердің түрлері.
3. Қандай қосымша элементтер бар?
4. Кітап шығару технологиясының өзгешелігі неде?


15.2. Кітап блоктарын жинақтау және бекіту

Кітап блоктарын жинақтау көпшілігінде тыстамалы кітаптарды шығару кезіндегідей әдетте секцияларының саны (12 ден 36 дейін) баратын парақ сұрыптаушы машиналарда іске асырылады. Дәптерлерінің саны машина секцияларының санынан көп блоктар болек жинақталынып, кейінірек қолмен өзара біріктіріледі.


Кітап блоктарын бекіту басылымның көлеміне, форматына, қызметіне, кәсіпорынның техникалық жабдықталу және басқа да жағдайларына қарай тігу, желімдеу және тігіп-желімдеу тәсілдерімен іске асырылады. Операциялық құрал-жабдықта даярланатын кітаптар үшін бекітудің төмендегідей тәсілдері қолданылады. Әрбір дәптерді жіппен түптеу материалына тігу бекітудің ең берік түрі, бірақ ол тиімсіз. Оны ұзақ және жиі паидаланады және көлемі үлкен кітаптар үшін қолданады. Дәптерлер бойынша тігу арнайы және әмбебап жіппен тігу машиналарында орындалады. Арнайы жіппен тігу машиналары блоктарды дәкесіз қарапайым кітапшалық сырып тігуге арналған, бұл тігіс блоктары кейіннен автоматты ағынды желілер мен агрегаттарды өңделінетін өңдеу процесінде мұқаба қаптамасының блокпен берік байланысуын қамтамасыз етуші, түптеу материалы тігілмей, желімделінетін көлемі үлкен кітап басылымдарын орташа және көп таралыммен шығаруда қолданылады. Мұндай автоматтар қағаз бергіштен, шынжырлы транспортерлі және итергіш полимері бар ершік тәріздес қозғалмайтын үстелден, ине мен шиберлерді шаншитын механизмдері бар тербелгіш үстелден, тігін инелері мен ілгектер салатын күймешеден, жіп беруші құрылғыдан және итергіш планкалы қабылдау үстелінен құралады.
Әмбебап жіппен тігуші жартылай автоматтар мен автоматтар блоктарды тігістің екі түрімен - дәкеде және дәкесіз қарапайым және айқас кітапшалық сырып қолдану арқылы бекітуге мүмкіндік береді.
Дәкеде түптеу тігісінің ерекшелігі блокты түбірге дәптерлер бойынша бекіту процесінде мұқаба қаптамасын блокпен мықтап бекітуге арналған түптеу материалы (полиграфиялық дәке немесе тоқылмаған материал) түпке тігіледі: осыған байланысты әмбебап жіппен тігу машинасы дәке бергіш механизммен және дәке қақпақшаларын жасау үшін қажет блок араларында дәке тұзақтарын жасау үшін құрылғымен жабдықталынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет