12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет130/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Ағынды өндірісті ұйымдастырудың негізгі шарттары қандай?


2. Салу-тігу-кесу агрегаттарының жұмысына қандай талаптар қойылады?
3. Блоктарды іріктеумен жинақтайтын ағын желісінің жұмысы.
4. Автоматты басу-кітапшалау желілерінің өзіндік ерекшеліктері.


XV тарау. Түптеу процестері


15.1. Жалпы мәліметтер

Мұқабамен қапталған кітаптар – бұл өз тарихында көптеген өзгерістерге ұшыраған, дамуы осы кезге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрлі баспа өнімдері. Өзінің эстетикалық маңызды жағынан кітап мәдени мұра болып табылады және адамзат коммуникацияларының күн санап виртуалдануына қарамастан, өз маңызын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ. Мұқабамен қапталған кітаптарды шығару технологиясы мынандай негізгі даярлық процестерін қамтиды:


Түптеу процестерінің жалпы технологиялық сұлбасы

Кітап блогын өңдеу


Кітап блогының түбін тіккеннен кейін қысу


Кітап блогының түбін желімдеу


Блок түбін кептіру


Блок түбін қысу


Блокты үш жағынан кесу


Қиындыны әрлеу


Блок түбін дөңгелектеу Мұқаба қаптамасы үшін


материалды пішу
Бүктеу сызықтарын
майыстыру Қаптаманы жасау

Таспа бетбелгіні желімдеу

Дәкені жапсыру


Қапталды жапсыру


Қағаз тілімін желімдеу Мұқаба қаптамасын өңдеу



Блокты қаптамаға біріктіру

Осыдан кейін кітаптарды престеу


Кітаптарды штрихтау


Кітаптарды тыстамамен орау


Бақылау және орау.


Басылған парақтардан кітап блоктарын жасау, кітап блоктарын өңдеу, мұқаба қаптамасын жасау және түрлендіру, блоктарды қаптамалармен біріктіру және кітапты түпкілікті өңдеу.
Мұқаба қаптамалы кітаптар үшін блоктар даярлау технологиясының негізгі ерекшелігі - бұл жай дәптерлерге өңірбеттерді (кейде басқа да қосымша элементтерді) қосу, яғни күрделі дәптерлер даярлау. Оның үстіне тыстамалы кітаптардың блоктарынан өзгешелігі, блокты бекітудің негізгі тәсілі ретінде оларды түптеу материалына дәптерлер бойынша жіппен тігу қолданылады.
Кітап блоктарының бірінші және соңғы дәптерлері мұқаба қаптамаларымен біріктіріледі, олар күрделі болып келеді, өйткені құрамдарында қосымша материалдар - безендірілуі, құрылысы және дәптерлерге бекіту тәсілдері жақтарынан әртүрлі өңірбеттер бар. Безендірілуіне қарай өңірбеттер ақ немесе түсті жай қағаздан жасалынған қарапайым, тақырыптары бойынша кітап мазмұнымен байланысы жоқ ою-өрнектер немесе сурет басылған сәнді-өрнекті, кітаптың негізгі мазмұнын бейнелеуші бейнелер басылған бейнелеуші-тақырыптық болып бөлінеді. Ең жиірек қолданылатындары қарапайым өңірбеттер. Сәндік-өрнекті және бейнелік-тақырыптық өңірбеттер жоғарғы көркемдік және балалар басылымдарында, бастауыш мектеп үшін дайындалатын оқулықтарды қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет