12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Басу қалыбын тікелей фотосуретке түсіру әдісімен даярлау



бет42/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

    Бұл бет үшін навигация:
  • 1-түрі
4.2. Басу қалыбын тікелей фотосуретке түсіру әдісімен даярлау

Жазық офсеттік басылым қалыбын тікелей фотосуретке түсіру әдісімен даярлаудың технологиялық процесі проекциялық жарықтандыру - репродукцияланушы түпнұсқа-үлгіні қалыптық пластинаға фотосуретке түсіру және оны физика-химиялық өңдеумен қамту.


Технологияның ерекшелігі, фотоқалып даярлау нәтижесінде, ақпаратты қалыптық пластинаға тікелей жазу болып табылады, бұл басу қалыптарын даярлаудың бүкіл процесін жеделдетуге алып келеді.
Жазық офсеттік басылым қалыптарын даярлауға арналған репро-дукцияланушы түпнұсқа - үлгі мәтін мен барлық басылған көркемсуреттің бет-бет болып реттеліп жинақталуы болып табылады. Басу қалыптарын тікелей фотосуретке түсіріп даярлау үшін, қалыптық пластинаның жарықсезгіш қабатының фототехникалық пленкаларын жарықсезгіштігімен тең түсетіндей жеткілікті жоғарғы жарықсезгіштігі болуы керек. Бұл талаптарға қалыптық пластиналардың мына түрлері сәйкес келеді:
1-түрі. Жоғарғы сезімталдықты көшірім қабатты қалыптық пластиналарды жарықсезгіштігі жағынан техникалық фотопленкалардың жарықсезгіштігімен салыстыруға болады.
2-түрі. Күміс құрамды фотоқабылдағыш қабаты бар қалыптық пластиналар. Басылушы және бос қалатын элементтерінің калыптасу тәсіліне қарай, екінші түрдегі қалыптық пластиналар екі топқа бөлінеді:
- күміс кешендері мен айқындалушы затты диффузиялық тасымалдайтын қалыптық пластиналар;
- көшірімдік және галогенді күміс қабаттардан тұратын көпқабатты құрылымдар.
Бейнелі күміс кешендерінде диффузиялық көшіру нәтижесінде қалыптасатын қалыптық пластиналар — Diffusion Transfer Reversal (DTR—жүйесі) қолданылады. Бұл пластиналар көпқабатты позитивті күміс жарықсезгіш материалдарға жатады.
Қазіргі кезде DTR-жүйесінің екі модификациясы қолданылады. Бір модификациясының қалыптық пластиналары мынандай қабаттардан құралған:
- астар;
- жарықсезгіш галоген-күмісті қабат;
- физикалық айқындауыш орталықтары бар жарықсезбейтін қабылдау кабаты.
Басқа модификациясының қалыптық пластинасының біріншісінен айырмашылығы, айқындаушы зат енгізілетін қосымша қабатының бар екендігінде.
Бұл модификацияның қалыптық пластинасы сулы-сілтілі («белсенділендіруші») ерітіндіде өңделеді. «Белсенділендіруші» ерітіндінің қолданылуы оның экологиялық қауіпсіздігіне, пайдаланудың қойлылығына, ерітінді қасиеттерінің ұзақ сақталуына байланысты. Кемшілігі, басу қалыптарының таралым төзімділігінің кемуінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет