IV-тарау. Жазық офсеттік басылым қалыптарын даярлау
4.1. Басу қалыбын дайындаудың жазу тәсілдері
Жазық офсеттік басылымының ерекшеліктеріне сәйкес, басылым қалыбын дайындау, фотоқалыптың диапозитивтерін пайдаланып көшірмелеу арқылы алуға болады. Көшірмелеудің екі тәсілі болады:
1. Негативтік көшірмелеу тәсілі;
2. Позитивтік көшірмелеу тәсілі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, жазық басылым қалыбының мынадай сұлбалық құрылымы болады.
1 . Металл жазық бет (алюминий).
2. Басылым бояуы.
З. Ерітінді жұғатын элемент (бос орын).
4. Аралық немесе бос қабаты.
5. Екінші металл (хром, сирек, никель).
Жазық басылым қалыбының сұлбалық құрылымы
Негативтік көшірмелеу тәсілі — негізгі ерекшелігі негативтік көшірім қабатын пайдаланып, оны құрастыру кезінде, фотопленкаға сәуленің әсерін тигізу. Офсеттік басылым қалыбын негативтік жарық сезгіш қабаты бар монометалдық пластиналар (мысалы, хромдалған ПВС, диазошайыр (диазосмола) мен полиэтилен эмульсиясы, фотополимерлеуші құрылым) қолданылады. Жарықсезгіш қабаты бар қалыптық пластинадан басылым қалыбын дайындау технологиялық процесі мынандай кезеңдер арқылы жасалады:
1. Негативтер арқылы жиыстырған көшірме қабатқа, фотопленкаға сәуленің әсерін тигізу. Сәуленің нәтижесінде көшірім қабаты полимерленеді және әлсіз сілті ерітінділерде еру қабілетін жоғалтады. Полимерлену процесінде жарықсезгіш қабат су сіңірмейтіндей қасиетке ие болады.
2. Сілтісі аз ерітіндіде өңдеп шығару. Полимерленбейтін көшірім қабаты еріп, босаралық (непечатающие) элементтерге айналады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, негативтік көшірім қабатын пайдаланып, фотопленкаға сәуленің әсерін тигізу.
3. Сусіңіргіштік бос аралық элементтері осындай қасиеттер беретін ерітіндімен іске асырылады.
4. Алдын-ала ылғалдандырылғаннан кейін дайын қалыпқа бояу жағу. Осы кезде қалыптың сапасы тексеріледі және басылынатын элементтерді қосымша су өткізбеушілігі іске асырылады.
5. Қорғаушы коллоидты жағу - қалыптарды техникалық зақымданулардан сақтайды және босаралық элементтердің ауамен қышқылдануын қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |