12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Қалыптарды элементтері бойынша жазу әдісімен даярлау



бет43/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   183
4.3. Қалыптарды элементтері бойынша жазу әдісімен даярлау

Лазерлер полиграфия өндірісінде ақпаратты, тек, фотоматериалдарға (фотоқалыптарды даярлауда) ғана емес, әртүрлі тәсілдердің басу қалыптарын даярлауда тікелей қалыптарын материалдарға элементтері бойынша жазу үшін қолданылады.


Қалыптарды лазерлік ақпаратта электрографиялық қабатымен даярлау принципі түпнұсқада тікелей электрофотосуреттеумен бірдей. «Компьютер-басу қалыбы» технолгиясын енгізу үшін, негізгі алғышарттары - өнімді баспа жүйелерін қолдаушы қуатты жеке компьютер мен дамыған жоғарғы технологиялық бағдарламалық жүйелерді жаппай және кеңінен қолдану; жарықтандыру қондырғыларында сәулелендіру көзі ретінде әртүрлі типтегі лазерлерді пайдалану; жоғарғы қабілетті және таралым төзімділігін қамтамасыз етуші қалыптық пластиналарды сериялық шығаруын игеру мен дамытылуы прогреске жету болып табылады.
Computer-to-Plate (компыютер — басу қалабы, СtР) - бұл қалыптағы бейненің тікелей компьютерден алынған сандық мәліметтердің негізінде белгілі бір қалыптарын жасау тәсілі. Мұндайда фотоқалыптар, репродукцияланушы түпнұсқа - үлгілері жинақтаулар т.т. аралық заттай жартылай даяр өнімдер болмайды. Өзінің мәні жағынан, СtР — компьютер басқаратын басу қалыбын бейнені қалыптық материалға тікелей жазу тәсілімен даярлау процесі. Бір немесе бірнеше компьютердің көмегімен іске асырылатын бұл процесс дәліректеу, өйткені әрбір пластина бір сандық мәліметтерден даярланған алғашқы түпнұсқа көшірме болып табылады. Ол арқылы:
• нүктелердің көбірек анықтылығы;
баспа-таңбаның дәлдігі;
• бейненің реңін бүкіл ауқымдық ұдайы өндірісте дәлірек кескіндеуін қамтамасыз етеді;
• машинадағы даярлық және реттестіру жұмыстарының едәуір жеделдетілуімен бірмезгілде растрлық нүкте азырақ таратылады.
СtР-технологиясы дәстүрлі фотошығарумен салыстырғанда, мынандай артықшыларды қамтамасыз етеді:
- басу қалыптарын даярлаудың технологиялық циклінің уақытын қысқартады;
- репродукциялық фотоаппарат, айқындаушы автоматтар, көшіру құрал-жабдықтары өндіріске қатыстырылмайды;
- шығыс материалдарының саны мен олардың шығыны азаяды;
- полиграфиялық кәсіпорындардағы экологиялық жағдайлар жақсарды;
- дәстүрлі фотоматериалдарды жарықтандыру мен өңдеу қалыптық пластинаға көшіру кездерінде пайда болатын кездейсоқ және тұрақты кедергілердің азаюына байланысты, басу қалыптарындағы бейнелердің сапасы артады;
- қызмет көрсетушілердің саны қысқарады.
«Компьютерден басылым қалыбына дейін» (СtР-технология) өңдірістік процесі мәтіндік ақпаратты шартты белгілерімен белгілеу, полиграфиялық басылымдардың беттемелерін бейнелеу жартылайреңдік қара-ақ және түрлі-түсті, көркемсурет бейнелерді саралап, талдау, түр-түсін ажырату және өңдеу (жиіліктік және үдеме өзгертулер), корректура мен редакциялау үшін болашақ басылымның корректуралық баспа-таңбаларын алу болып табылады. Түстерді таңдау, жинақтап ретке келтіріп экранға шығару, түсті бөлу және электронды түрде басылым қалыбын пішімдеп, беттерді жиыстырып құрастыру, оны лазерлік автоматтарда жазу, серверлердің жадында (память) сақтау туралы сандық (цифровые) мәліметтерді және архивте сақтау жұмыстары жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде шығыңқы (флексографиялық) басылымдардың офсеттік және полимерлік қалыптарын шығаруға бағдарланған СtР жүйелерінде үш негізгі түрдегі лазерлік жарықтау құрылғылар (рекордерлер) қолданылады:
• «сыртқы барабан» технологиясы бойынша даярланған қалып қозғалмайтын цилиндрдің сыртқы беттеріне орналастырылған барабандық құрылғылар;
• «ішкі барабан» технологиясы бойынша даярланған, қалып қозғалмайтын цилиндрдің ішкі беттеріне орналастырылған барабандық құрылғылар;
• көлбеу жазығында орналасқан қалып бейнесін жазу перпендикулярлық бағытта қозғалатын планешеттік құрылғылар.
Жиірек пластиналарды жарықтау үшін ішкі барабан, құрылысы жағынан пленкаларды жарықтау үшін, фото шығару қондырғыларына ұқсас рекордерлер қолданылады.
Лазерлік сәулелерді қабылдайтын қабаттарының түрлеріне қарай қалыптық пластиналар фотополимерлік, күмісқұрамдас, ылғалды қабылдау қабатты, термоқабатты болып бөлінеді.
Флексографиялық немесе офсеттік басылымдар үшін фотополимерлік пластиналар фотополимерлік композицияларды қамтиды, оларды сәулелендірілген бейнелер жарықтандырудан кейінгі өңдеу барысында баспа-таңба элементтерін құра отырып, технологиялық ерітінділерде өздерінің еру қабілетін жоғалтады, ал жарық учаскелері бос элементтер, ерітінділермен шайылып кетеді.
Күміс құрамдас қалыптық пластиналарда баспа-таңба және бос элементтер астарға жабылған галогенді-күміс қабатта жарықтандыру және химиялық өңдеу нәтижесінде пайда болады.
Rip программалық бағдарламасы баспалық жүйеден алынған қара-ақ немесе түске бөлінген полосаларды Post-Script форматтағы мағлұматтарды мәтіндік иллюстрациялық офсеттік формамен жұмыс жасау қолайлы болуы үшін, биттік формаға ауыстырады.

лазерлі тәсілмен алу

магниттік тасымалдаушы және ЭВМ

қағаз және полимерлік





элементті жазумен алынған



мәтінді-бейнелік

түпнұсқа макеті





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет