5.2 Флексографиялық басылым қалыбын даярлау
Эластомерлерден (мысалы, резіңкеден немесе фотополимерден) жасалынған басылым қалыбы, бұл - флексографияда қолданылатын шығыңқы басылымның бір, екі, көп қабатты созылмалы серпінді қабықшасы бар қалыбы. Созылмалығына байланысты мұндай қалыптарды іс жүзінде ешнәрсе қосарламай-ақ азғана қысымда әртүрлі материалдарға, қағаздың барлық флексографиялық қалыптар мына түрлеріне, өте жұқа, майысқақ және қатты фольгаға, қалың қатырмаға, сырты кедір-бұдыр қаптама материалдар мен маталарға, целлофанға, полиэтилен және басқа да синтетикалық пленкаларға басуға болады.
Құрылымына қарай, төмендегідей болып бөлінеді:
- созылмалы майысқақ материалдан жасалынған, мысалы, резіңкеден, каучуктен немесе фотополимерден жасалынған бір қабатты пластиналық қалыптар;
- екі және үш қабатты пластиналық, бұлардың қабаттарының басу қалыптардың деформациялық сипаттарын жақсартатын серпімді-созылмалы қасиеттері бар;
- созылмалы, майысқақ материалмен қапталған цилиндрлер немесе білік (мысалы: резіңкелі) түріндегі цилиндрлер. ТФПМ қолданған жағдайда флексографиялық форма үшін арналған ФПП-ны қолданады.
Флексографиялық басу қалыптары үш тәсілмен шығарылады:
1) жоғарғы басылымның түпнұсқаның қалыптарын (мысалы: микроцинктік) пайдаланып, резіңкелі стереотиптерді даярлау технологиясы бойынша престеумен;
2) сұйық, әрі қатты фотополимерленуші материалдардан шығыңқы басылымның полимерлік басу қалыптарын даярлау технологиясы бойынша фотохимиялық тәсілмен;
3) электронды – механикалық немесе лазрлік оймалау жолымен, мысалы, ойыңқы басылым қалыбын даярлау принципі бойынша, тек бос элементтер ғана ойылады, бұл тәсіл тек цилиндірлік қалыптарды алу үшін қолданылады.
Резіңкелі басу қалыптарын даярлау тәсілі қарапайым, олар - жоғарғы деңгейде созылмалы және әртүрлі еріткіштерге жеткілікті түрде төзімді. Бірақ оларды даярлау процесі – көп сатылы еңбекті қажет етеді, түпнұсқалық қалыптар мен матрицаларды даярлауды талап етеді. Орама және қаптама жасау өндірісінде флексографиялық басылым тәсілі жиі қолданылады. Басылым қалыбының иілгіштік, созылғыштық қасиеттері бояудың нашар жұғатын түрлері мен бетіне бояу жұғу қабаты төмен материалдарды пайдаланғанға қарамастан, сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, флексографиялық басылым, әсіресе, майысқақ материалдарды (мыс, пленкаларды) жапсыруға аса қолайлы. «Клише» деп аталынатын басылым қалыптары резіңкеден немесе фотополимерленуші материалдардан жасалынады. Басылатын (орама, қаптама) материалдар ретінде гофрокартон, қағаз, полимерлік пленка мен фольга жиірек қолданылады. Оларға арнайы талаптар (мысалы, өндіріс тауарлары мен азық-түлік тағамдарының қаптамалары мен салынып-құйылатын қаптамаларына) қойылулары мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |