Ойыңқы басылым қалыбының ірілендірілген классификациясы Қалыптық цилиндрлерді зауыт мыс қабатының қалыңдығы 1,2-1,5мм болатындай, мысталған күйде немесе онсыз да жеткізіп береді.
Мыс қабатта қалыптарды даярлау процесінде басылу және босаралық элементтер алынады, ал таралым басылғаннан кейін оны кесіп, цилиндрден ажыратады.
Цилиндрлерді қайталап бірнеше мәрте пайдалану бірнеше есе аз уақыт алады және мыс қабатын ажырату, цилиндрдің бетін майсыздандыру, ажыратушы қабатты жағу мен мыс қабатты қалыңдатып, артынан тегістеуге әкеліп тіреледі. Цилиндрлерді даярлау үшін механикалық өңдеу станоктары мен бағдарламалық басқарылатын автоматтандырылған гальванизациялау тұрақты электр тогымен әсер етуБасу қалыбын оймалау тәсілімен даярлау процесі мынандай кезеңдерді қарастырады:
өңделінген қалыптық цилиндрді мыс қабатынан ажырату;
- цилиндрді жуу, бояу қалдықтарын кетіру;
- хром қабатын кетіру:
- мыс қабаттарын электрохимиялық немесе механикалық тәсілдермен кетіру;
- цилиндрді электролиттік мыстау процесіне даярлау (майсыздандыру, тотық қабаттарын тазарту, Баллард әдісі үшін — ажыратқыш қабатты реттестіру);
- мыс қабатын қалыңдатудың электролиттік процесін жүргізу;
- цилиндрдің сыртын станокта алмас кескішпен немесе қайрақпен қырнап, бетін тегістеп, не жұқа жылтыратқышпен әдемілеп өңдеу;
- басу қалыбын нақыштап тұрақты электр тогымен әсер етіп даярлау;
- алғашқы (тексерілетін) баспа-таңба алу;
- цилиндрдің бетіндегі баспа-таңбалардың көлемдерін, деңгейлерін ретке келтіру;
- хром қабатын электролиттік қалыңдату процесін жүргізу;
- бетін ысқылап жылтырату;
- даяр цилиндрді қоймаға өткізу немесе оны ойыңқы-басу машинасына орналастыру.
Ойыңқы басылымның қалыптық цилиндрінің үстіңгі қабаты тек бояуды басылған материалға беру үшін ғана емес, сонымен бірге, басу процесінде ракельге тірек құру үшін де пайдаланылады. Әр кезде, растрлық ұяшықтардың (басылушы элементтердің) араларындағы бөгет болып табылатын босаралық элементтердің беттерінен бояуды қырып тастайды.
Басу қалыптарын күйдірмелеу әдісімен даярлайтын классикалық тәсіл барысында реңдік бояу жұғудың бірқалыптылығы ұяшықтардың деңгейлерінің әртүрліліктерімен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі кезде ойыңқы басылым технологиясындағы негізгі процесс электронды-механикалық оймамалау (гравирование) әдісі кеңінен қолданылады (басылушы элементтердің аумағы мен деңгейінің әртүрлілігіне қарай). Қазіргі баспаханаларда реңдік бейнелерді ұдайы өндіру сапасының жоғарылығына қарамастан, ойыңқы басылым қалыптарының күйдірмелеу әдісі сирек қолданылады. Дегенмен, біздің шолуымыздың толықтығы болуы үшін, процестің негізгі тұстарын қысқаша қарастырып көрелік.