12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Төрт бояулы офсеттік басылым машинасының сұлбасы



бет74/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Төрт бояулы офсеттік басылым машинасының сұлбасы

Көп бояулы басылым машиналарында секциялы құрылым кеңінен қолданылады, оларды әлемге әйгілі КВА, Heidelberg, Adast, Hamada т.б. жетекші фирмалар басылымның құрал жабдықтарында шығарады.


Бес цилиндрлі схема бойынша агрегаттық жолмен екі бес цилиндрлік секцияны біріктіріп, төртбояулы машиналарды да жасап шығаруға болады. Секциялық машинадағылардай, парақ бір секциядан екіншісіне беріліп отырылады.
Төрт бояулы машиналар планетарлық тоғыз цилиндрлі құрылымды да шығарады. Үлкен диаметрлі бір цилиндрдің айналымына диаметрлі бірдей ылғалдағыш және бояу аппараттары бар төрт офсеттік және төрт қалыптық цилиндр орналастырылады. Әрбір парақ осы цилиндр бір айналып шыққанда офсеттік цилиндрден бірінен соң бірінің үстіне төрт бояулы бейне алынады. Бояу кезінде парақты аралық берудің жоқтығы бояулардың баспа-таңбада өте анық және қанық шығуын қамтамасыз етеді. Бірақ секциялық құрылымдағы машиналармен салыстырғанда мұндай машиналарды пайдалану қолайсыздау.
Жаңашыл көп бояулы табақтық машиналар әр түрлі бақылау-реттеу және бақылау қондырғылармен, жүйелермен жабдықталған, олар басуға дайындық уақытын қысқартуды және тиражды басудың белгіленген оңтайлы режимін, сонымен бірге, баспа-таңбалардың қажетті саласын да қамтамасыз етеді.
Екі жақты табақтық офсеттік машиналар мәтіндік және мәтіндік-бейнелік басылымдарды аз тиражбен басып шығару үшін қолданылады. Бұл машиналар секциялық та (үш цилиндрлік), төрт цилиндрлік схемамен де жасалынады.
П-басылым цилиндрі
О-офсетті цилиндр
Ф-қалыптық цилиндр
У-ылғалдағыш аппарат
К-бояу аппараты
Б-қағаз
Екі немесе көп секциялы жазық офсетті басылымның құрылым сұлбасы
Бірінші жағдайда, парақ, алдымен, бірінші секцияда бір жағынан басылады да, содан кейін арнайы (парақ аударғыш) қондырғымен ауыстырылады да, оны артқы жиегімен екінші секциялық тұтқыштары іліп әкетеді, мұнда ол екінші жағынан басылады.
Екінші жағдайда машинаның басылым цилиндрлері болмайды, олардың қызметін офсеттік цилиндрлер орындайды. Басылым секциясы диаметрлері бірдей екі офсеттік және екі қалыптық цилиндрден, екі ылғалдағыш және екі бояу аппаратынан тұрады. Қағаз парақтары екі офсеттік цилиндрдің арасынан өтеді де, нәтижесінде екі жақты баспа-таңба шығады. Бірақ аударатын қондырғылы машиналар акциялы машинаға қарағанда, құрылымдары қарапайым, ықшамды болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет