12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Блоктарды бұрамалар және тойтармалармен бекіту



бет125/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Блоктарды бұрамалар және тойтармалармен бекіту. Блоктарды бұрамалар және тойтармалармен бекіткенде түптеу аумағында диаметрі бекіту деталінің теспе тығынының немесе сәндік сырымының көлеміне тең ек-үш теспе саңылау жасалынады. Бекіту детальдары дайын саңылауларға қолмен сұғылады да, тойтармалар балғамен соғылып, не тіректік немесе бұрама преспен жаншылады. Бұрандалы бекіту детальдарын пайдаланғанда блокты бекіту бұрауышпен немесе бұраманың басында кертік болса, қолмен орындалады.
Бекітудің бұл түрі жиірек әртүрлі альбомдар мен дипломдық жұмыстар және жобаларға түсініктеме жазбалар үшін қағаздар папкаларын шығаруда қолданылады. Альбомдардың жақсы ашылуын блоктың парақтарын қатырманың түптеу жолақтарымен біріктіретін мата шарнирлерді қолдану есебінен қамтамасыз етіледі.
Блоктарды құлып - қысқыштар және құрсаулармен бекіту. Жеке парақтардан құрастырылатын блоктарды бекітуді серіппелі құлыптарды қолдану арқылы орындауға да болады, олардың пісірілген пластмасса мұқаба қаптамаларға тойтармалармен сенімді түрде бекітілген. Серіппелі құлыптың 4 тен 6 дейін қос жарты сақинасы болады, олар даяр өнімде берік сақиналар құрайды. Құлыптардың басқа нұсқауларында блоктың парақтары түптің ұзына бойына орналасуы тірек және ілгекпен бекітілетін, серіппеленген пленкамен тығыз сығылады. Құлыппен бекітудің алғашқы нұсқасы блоктың түптеу аймағында диаметрлері 4мм шамасындағы дөңгелек саңылауларды тесуді қажет етеді. Даяр өнімде блок парақтары тарақпен бекіту сияқты бекітіледі, бірақ бекітілуші блок элементтерінің саны әлдеқайда көп болады.
Серіппеленген планкалы құлыптарды пайдаланған кездерде блок парақтарын үйкелеу күштері түсірмей ұстап тұрады, үйкелу күштерінің шамасы серіппені алдын-ала керуге, блоктың қалыңдығына, қағаздың тегістігіне және парақтың блокта орналасу жағдайына байланысты. Блоктарды немесе қысқыш құралғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда блок парақтары түсіп қалулары мүмкін, сондықтан да блоктарды бекітудің бұл тәсілі блоктарды жинақтау тәртібінің ешқандай маңызы болмайтын жағдайларда қолданылады: ақ тауарларды, түрлі құжаттарды сақтау қаптамаларын шығаруда т.б. Блоктарды серіппеленген пленкалармен бекітудің артықшылығына блоктың ешқандай даярлық жұмыстарын қажет етпейтіндігін жатқызуға болады, ал негізгі кемшілігі - серіппелі құлып орнатылған мұқаба қаптамаларының құнының жоғарылығы. Түпкі мәнісіне келсек (П-бейнелі пішіндегі белгілі бір бұрышта «қанаттары» тоғысатын серіппелі бекітілуші элементтермен) бекіту блоктарды серіппелі планкалы құлыптармен бекіткенмен бірдей: екі нұсқада да блок парақтарын үйкеліс күштері ұстап тұрады. Айырмашылықтары құрсаулау, әдетте, дербес бекіту детальдары болып табылады. Құрсауларды пайдаланғанда оларды белгілеуші көлемде, блоктың қалыңдығынан сәл артық етіп таңдау және дайындамаларды блоктардың биіктігіне сәйкес кесу керек. Бекітудің дербес түрі ретінде бұл тәсіл негізінен мұрағат құжаттарын сақтау үшін қолданылады. Кейде құрсаулармен бекіту өнеркәсіптің дамып отырған салаларының бұйымдарының анықтамалары мен каталогтарын шығаруда қолданылады, өйткені бекітудің бұл түрі блокты қосымша парақтармен толтыруға немесе кейбір парақтарын алмастыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет