12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


«Систембиндер КМ» агрегатының



бет123/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

«Систембиндер КМ» агрегатының ағым желісінің сұлбасы:
1-блоктарды беретін транспортер;
2-блоктарды кептіру және шығару транспортері;

Шығарылымдарды мұқаба қаптамасында шығару үшін «Колбус» фирмасы (Германия) ТЖБ автоматтарының үш модификациясын шығарды - Рациобиндер KM 470, Систембиндер KM 490 және Систембиндер 495, бұлардың жоғарғы техникалық жылдамдықтары 100, 166 және 216 цикл/опиен, Зиглох фирмасының (Германия) 8В-3000 және 8В-6000 автоматтарының жоғарғы техникалық жылдамдығы - 100 цикл/мин. КМ және 8В агрегаттарының маңызды айырмашылығы біріншілерінде блок түбін әдіптеу көлденеңінен пішілген түптеу материалымен, ал 8В агрегаттарында ұзынынан пішілген түптеу материалымен жасалынады.


ТЖБ автоматтарын тыстамамен жабылған немесе әдіптелінген блоктарды іріктеуші автомат пен табиғи кептіру және суыту транспортері енетін ағынды желілердің құрамына қосады.
ТЖБ агрегаттарында жинақталынған блоктар орындаушы механизмдердің үстінен саны орындалынатын операциялардың санына агрегаттың жұмыс жылдамдығына және желім қабатының ілінуі мен бекітілуіне қажетті уақытқа тәуелді жалпақ қысқыштар тізбектерінен тұратын таусылмайтын шынжырлы транспортердің көмегімен өткізіледі. Сол себепті «Колбус» фирмасының KM агрегаттарының әртүрлі модельдерінде тізбектер саны 15 тен 39 дейін өзгеріп отырады. Технологиялық нұсқаулықтарға оймалау кезінде түптік бүктемелерді кесу енін блоктың дәптерлер санын ескеріп барып белгілеу ұсынылады. Егер блоктар 16-беттік дәптерлерден жинақталынса, онда бүгілімдерді кесу ені 3,5 мм артық емес, ал 32 беттік дәптерлер үшін – 5 мм-ден артық болмауы керек.
Алғашқы терең оймалаудың мақсаты блоктың барлық түптік бүктелістерін, дәптердің ішкі ендерінің бүгілмелерін қоса, кетіру болып табылады. ТЖБ агрегаттарында бұл жұмыс қағаздың ірі бөліктерін жұлу мүмкіндігін азайту үшін екі оймамен бірінен соң, бірі әртүрлі тереңдікке жасалынады. Қайталап оймалау кезінде бірінші оймалау кезінде пайда болған тұрпайы кедір-бұдыр бетті тазалау жүргізіледі, кғаздың ірі жұлындылары кетіріледі, кедір-бұдырлықтың орташа тереңдігі азаяды. Бұған оймалаудың тереңдігінің аз (5-10 есе) болған және оймалар орынына металл дискілерге бекітілген әртүрлі абразивтік материалдарды қолданғанда ғана қол жетеді.
Түпті желімдеу екі кезеңде орындалады. Алғашқы желімдеуді желімнің жұқа қабатын жағу арқылы іске асыру - беттің ылғалдануына мүмкіндік беру ұсынылады. Түпті екінші мәрте желімдеудің мақсаты -салыстырмалы қалың және берік пленка түзуі, сондықтан бұл операцияда сұйылтылмаған ПВАД желімі қолданылады. Тыстамамен жапқаннан немесе түптеу материалын жапсырғаннан соң (8В-3000 және 8В-6000 агрегаттарында түпті әдіптегеннен кейін) түп аймағы ылғалды тезірек кетіру мақсатымен жоғарғы жиіліктікпен қыздырылады.
Басылымдардың түптерін оймалаудан басқа блоктардың бүгілімдерін ішінара бұзумен тігіссіз желіммен бекіту де бар. Бұл технологиялық процестер бір-бірлеріне жақын үш тәсілмен іске асырылады: түптік бүгілістерді перфорациялаумен, бірнеше кіші аумақты (оймакілтектерді) оймалаумен және түптің орташа бөлігін оймалаумен іске асырылды.
ТЖБ барлық үш нұсқаларында да бүгілімдерді перфорациялау және блоктың түбінің бөлігін оймалаумен түптік бүгілімдердің 60 тан 80% дейінгі бөлігі бұзылады, бұл түпті желімдеуге, дәптерлерді бір-бірлерімен бекітуге, желімнің ішке өтіп, дәптердің ішкі ендерін бекітуге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдер тек 16 және 8 беттік дәптерлерге қолдануға болады, өйткені 32 беттік дәптерлерді қолданған кезде олардың бүгілімдерінің бос тартылуы оймалаулардың тереңдігінің аса үлкен болуын талап етеді, желімнің блоктың дәптерлерінің ішкі еніне өтуін қиындатады, басылымдардың немесе бұйымдардың ашылуы нашарлайды және беріктігі төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет