12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Флексографиялық басылым машиналары



бет86/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

10.2. Флексографиялық басылым машиналары

Өнім бояуларына қарай, машиналар 3 топқа бөлінеді:



  1. әр түрлі рулондық материалдарға: қағазға, полимерлік үлдерге (пленка), аллюминий фольгаға т.б. басу өнімдері рулон немесе табақ күйінде шығады;

  2. мамандандырылған, мысалы, газеттік және кітап-журналдық дәптерлер шығаратын арнайы машиналар;

  3. басқа қондырғылармен жабдықталған арнайы біртекті, көлемі онша көп емес өнім шығаруға арналған машиналар.

Мұндай машиналарға жататындар, мысалыға:

  • полиэтилендік пленкадан қапшықтар даярлайтын агрегаттар (өнімді басады, дәнекерлейді, кеседі);

  • орау өнімдерін шығаратын, басылым және өңдеу процестерін орындайтын агрегаттар;

  • мектеп дәптерлері мен соған ұқсас өнімдер шығаратын агрегаттар.

Флексографиялық машина, әдетте, басылатын материалдар үшін рулондық қондырғыдан, арнайы басылым секциясынан (машинаның бояулығына байланысты) құрғату, суыту және шығару-қабылдау қондырғысынан, сонымен бірге, басылым процесін бақылау және реттейтін электронды қондырғыдан тұрады. Кейбір флексографиялық машиналарда басылым секциялары басқа да басылым секцияларымен біріктіріледі.
Флексографиялық басылымның негізгі белгілік ерекшелігі – басылым секциясының бояу аппараттарының құрылысының қарапайымдылығында. Соңғысы басылым қондырғысы мен (1 қалыптық цилиндр және 2 басылым цилиндрі, араларынан 3 басылым материалы өтеді) бояу аппараттарынан тұрады. Ол 4 бояу құятын резервуардан тұрады, онда 5 дукторлы резеңкелі білік айналып тұрады. Оған 6 жағатын білік жанасады, ол 7 басылым қалыбына бояу жағады. Жағатын біліктің анилоксті (арнайы білік, бетінде расторлы ұялар 120-180 сызық/см ұнғыланған) сыртына ойылған кішкентай ойықтардан бояу басылым қалыбына мөлшерлі қалыңдықпен жағылады.



  1. қалыптық цилиндр

  2. басылым цилидрі

  3. басылатын материал

  4. бояулы ыдыс (резервуар)

  5. дукторлы резеңкелі білік

  6. жағатын білік

  7. қалып





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет