12.2. Трафареттік басылым әдісі
Трафареттік басылым - бұл бояуды қалып арқылы басып өткізу жолымен баспа-таңба алуға мүмкіндік беретін басылым әдісі. Басылым қалыбы ретінде трафарет пайдаланылады. Ол табиғи жібектен, синтетикалық материалдан немесе бейне түсірілген металл жіптерден жасалынған жұқа тор болады. Көпшілік жағдайларда синтетикалық материалдардан немесе металдан жасалынған тор қолданылады. Бейне тасымалдаушы тордың ашық ұяшықтары арқылы бояу басылушы материалға көшіріледі. Сөйтіп, трафареттік басылымның қалыптары - бұл тор мен шаблонның қосындысы болып табылады. Матаның (тордың) басу-техникалық және сапалық ерекшеліктері материалымен, линиатурасымен (тордың ұзындығының бір сантиметріне келетін жіптерінің санымен, трафареттің қалыңдығымен, торының ашықтығының дәрежесімен барлық ұяшықтардың аумағының қосындысының тордың жалпы аумағына пайыздық қоспасы) анықталынады.
Іс жүзінде трафареттік басылымда түйісуші беттердің өзара әрекеттесу принципі бойынша әртүрлі сұлбалар қолданылады:
- жазық-жазық (жазық басу аппараты): басылым қалыптары мен бастаушы материал бір жазықта орналасады;
- жазықтық-цилиндр (цилиндрлік басу аппараты): басу қалыбы жазық, бояу басылушы материалға айналма цилиндрден түседі;
- цилиндр-цилиндр (ротациялық басу аппараты): басу қалыбы (тор) цилиндрлік, басу қалыбы мен басылушы материал, басу цилиндрі синхронды қозғалады.
Трафареттік басылым үшін басылым қалыбы жақтауға керілген арнайы тордан және оның шаблонынан тұрады.
Трафареттік басылым үшін жақтаулар ағаштан, болаттан жасалады, бірақ ең көп тарағаны аллюминий профильден жасалынған жақтаулар. Торды жақтауға керіп, қыстырып қоятын қосалқы құрылғы құралдар бар. Қысқыш элементтері барлық жақтарына орналастырылған жақтаулар да шығарылады, олар бейненің құрылымын бұрмалау үшін керуді екі координат бойынша бөлуге мүмкіндік береді.
Басу сапасы үшін жақтау даярлаудың маңызы өте үлкен. Жақтаудың салмағының жеңілдігі, әсіресе, қолөнершілік өндіріс пен шағын кәсіпорын жағдайларында жұмыс істеу үшін аса қолайлы.
Трафареттік торды таңдау басылым әдісіне қойылатын талаптармен анықталынады. Тордың материалы шаблондар үшін материалға сәйкес болуы тиіс. Оны еріткіш пен тазалаушы зат зақымдамаулары керек. Top басылушы материалмен түйіскенде ракель қысымына шыдайтындай болуы керек. Көшірім қабаты үшін ірі пигменттері бар бояулар мен материалдар қолданылатын жағдайда ұяшықтардың көлемдері едәуір үлкен болулары тиіс. Екінші жағынан, растрлық басылым кезінде бейненің ең кішкентай құрылымдарын жаңғырту үшін ұяшықтар онша үлкен де болмаулары керек. Торға тікелей фотографиялық депозитивтерді көшіру және шаблонды жоғарғы сапалы етіп шығару талаптары тор материалының УФ-сәулеленуге жоғарғы төзімділігін қажет етеді. УФ сәулелену барысында тор талшықтарына сәуле таралуы бейнелеу сапасын нашарлатады, мұны сәулелену кезіне сәйкес келетіндей боялған торды пайдалану жолымен болдырмауға болады.
Top жасайтын материалдардың түрі көп. Тордың аса маңызды параметрлерінің бірі - ол 1 см-ге келетін жіптердің саны. Сантиметрге 10 нан 200 дейін жіп келетін торларды пайдалану ұсынылады. Тор сапасы онда қолданылатын ж:птердің қалыңдықтарымен анықталады. Ол «жеңілден» «ауырға» дейінгі төрт градацияға бөлінеді. Жіп/см дегі линиатура мен мкм-дегі жіптердің қалыңдығы ұяшық көлемі мен материал бетінің ашықтығының пайызын анықтайды (сурет). Бұл көлем мен қалыптың қалыңдығымен бірге бояу қабатының берілуіне әсер етеді. Торды оның үстін көшірім материалымен жабар алдында каландрда ақырғы өңдеу барысында басылым қалыбы шаблонының тегістігінің жоғары дәрежеде болуына, сол арқылы тор мен ракельдің тозу төзімділігін арттыруға қол жетеді. Растрлық бейнелердің басылу сапасы шаблон мен тордың параметрлерімен шектеулі. Шаблонның элементтері трафареттік торда бекітілулері үшін белгілі бір минималды көлемге иелік етулері керек.
Ашық бөліктерінің көлемдері, тым болмағанда, олар тор жіптері мен оладың айқастарымен жабылып қалмайтындай болулары керек. Одан соң, тесіктердің шаблонының қалыңдығының жартысынан кем болмауына көз жеткізу керек, өйткені олай болмаған жағдайда бояу жолдары бояудың басылушы материалынсыз беріліп тұрылуын қамтамасыз ете алмайды. Тордың линиатурасы, тіпті болмағанда, пайдаланылушы растрдан 4 есе жоғары болуы керек. Бұл градациялық қамтуды 5-тен 95% қамтамасыз етеді. Муар тордың линиатурасы, растрдың линиатурасы және бояу қабатының қажетті қалыңдығы (шаблоннан үлкендігі) араларындағы оңтайсыз сәйкестендірілу салдары ретінде пайда болуы да мүмкін. Торды дұрыс керу трафареттік басылымда жоғарғы сапаны қамтамасыз етудің маңызды параметрі болып табылады. Торды жеткіліксіз керу басу процесінде бейнені бұрмалауға алып келеді. Бұл тіпті басылым қалыбының бұзылуына да алып келуі мүмкін. Әсіресе, көп бояулы басылым кезінде тордың дұрыс керілуіне көңіл аудару қажет, мұндайда бейненің тұрақтылығына аса жоғары талап қойылады.
Тордың керілуі жасалған материалына, оның линиатурасына, сонымен бірге, оның жасалу және керу сапасына байланысты. Төсемге жүктеме талаптарға қарай 0-ден 25ж/см болуы мүмкін. Трафареттік тордың түріне және басу кезіндегі жүктемеге, сонымен бірге, басу жылдамдығына қарай керу босаңсуы мүмкін. Мысалы, екі күн жұмыс істегеннен кейін, синтетикалық тордың тартылуы 50% әлсірейді. Жақтаудың деформациясы да тордың біркелкі керілмеуіне себеп болып, басу кезінде қалыптың басу элементтерінің бұрмалануына алып келеді. Top төселім керетін қысқыш және өлшеуіш құрылғыларын қолданады. Пневматикалық өздігінен реттестіруші құрылғы тордың біркелкі керілуін қамтамасыз етеді және жақтаудың деформациясын түзетуге жәрдемдеседі.
Қазір де таралым төзімділігі жоғары (12-45 мың отт) және бейненің ұсақ элементтерін жеткілікті анық жаңғыртушы трафареттік қалыптарды шығарудың құрама тәсілі қолданылады. Бүл тәсілдің мәнісі сол, көшірім қабаты тікелей торда пленкалы жарық сезгіш материал мен қосалқы көшіру ерітіндісінің көмегімен құралады. Бұл бетінің тегіс және қабаттың торға жақсы жабысуын қамтамасыз етеді. Жалықтау мен шығару тікелей басылымдағыдай жолмен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |