12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Ойыңқы басылымның бір бояулы табақтық машинасының сұлбасы



бет89/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Ойыңқы басылымның бір бояулы табақтық машинасының сұлбасы
Басылым аппараты қалыптық және басылым цилиндрінен тұрады. Машинаның құрылысына қарай, олардың диаметрлері бірдей, не әр түрлі болып келеді: басылым цилиндрінің диаметрі қалыптыққа қарағанда екі есе үлкен болады. Басылым цилиндрінің сыртқы декелі қапталған және басылым процесі кезінде қағаз табағын ұстап тұратын қысқыштары бар. Бояу аппараты бояу беретін, жағатын және ракельдік қондырғыдан тұрады. Кейбір машиналардың құрылыстарындағы бояу беретін қондырғы сұйық бояумен толтырылған, қалыптық цилиндр салынған резервуарлы 4 ыдыстан тұрады. Цилиндр айналғанда оның сыртына бояу қабаты жұғады. Резервуар бояу құйылған бакпен жалғасады. Машинаның жұмыс істеу процесі кезінде бояу үздіксіз айналып, бактан резервуарға және керісінше құйылып отырады.
Ракельдік қондырғының негізгі бөлігі – ракель – жүзі өткір серпімді құрышты алмас пышақ. Пышақтың ұзындығы қалыптық цилиндр жасаушысының ұзындығынан бірнешеге артық. Пышақ тұтқышқа бекітілген және басылым кезінде айналып тұрған қалыптық цилиндрге біртегіс жанасады, ашық элементтердегі бояуды түгелімен, ал баспа элементтеріндегі бояудың артығын алып тастайды. Бұл бояу резервуарға қайта құйылады.

Ойыңқы басылым машиналары



Рулондық

Табақтық



Көп бояулы

Бір бояулы



Екі жақты

Бір жақты



Арнайы

Әмбебап



Кіші, орта және ірі пішімді

Қалыптан бояуды кетіру және қалыпты тозудан сақтау үшін, ракель машинаның жұмыс барысы кезінде ось бағытымен (30-55мм) айналады.


Машинаның жұмыс істеп тұрған кезіндегі қағаз бергіш 1, берген қағаз парағы басылым цилиндрінің тұтқышына ілінеді де, басылым байланысы аймағында қалыптық цилиндрге жанасады. Алынған баспа-таңбаны қағаз өткізу қондырғысы қабылдау столына береді. Басылым аппараттарынан тасымалдау кезінде баспа-таңба құрғату аппаратының ыстық ауасымен үрленіп, құрғайды.
Құрғату қондырғысы – бұл суық, не ыстық ауа беретін камера.
Табақтық көпбояулы машиалар, көбінесе, көлденеңінен орналастырылған бірдей басылым секцияларынан тұрады. Құрылыстарына қарай, машиналар бір айналымда қағаз табағының бір жағына да баса алады. Ойыңқы басылымның табақтық басылым машиналарының өнімділігі 6-6,5мың баспа-таңба, бұл жазық офсеттік басылымның машиналарына қарағанда екі есе төмен. Ойыңқы басылымға жоғары сапалы және бейненің ұсақ бөліктерін ұдайы өндіруге төзімді етіп, тіпті, жұқа және иілімді орама материалдарын жартылай реңді етіп әдемілеп ұдайы өндіру тән болып табылады.
Жаңашыл полиграфиялық кәсіпорындарда ойыңқы басылымның табақтық машиналарының пайдаланылуы өте шектеулі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет