Флексографиялық басылым машинасының басылым секциясының сұлбасы
Бояу аппараттарының басқа да құрылымдары қолданылады. Жоғарыда аталғандардан бөлек, баспаханаларда планетарлық типтегі (Fischer & Krecke) сегіз бояулы флексографиялық машина жаңашыл басқару техникасымен және рулонды автоматты жүктеумен табысты жұмыс жасауда. Олардың құрғату құрылғысы рулондық қондырғы мен басылым аппараттарының аралығында орналасқан.
Машинаның негізгі жұмыс істеу принципі роботтытехника негізіндегі ауыстырмалы қалыптық техника цилиндрмен және траспорттық құрылғылармен жабдықталған. Сегіз цилиндрді ауыстыру, шамамен, 12 минут уақытты алады.
Флексографиялық басылымның одан әрі даму болашағы мен орама өндірісінде жақсы нәтижеге қол жеткізгендігі, бұл әдісті бүкіл дүние жүзіне танытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі флексографиялық растрланған баспа-таңбалар басылатын материалдар мен сюжеттердің сапасына қарай, офсеттік және ойыңқы басылымдарға жақын флексографиялық басудың жоғарғы сапалы өндірістік тәсіліне айналды.
Флексографиялық басылым әдісінің экономикалық тиімділігін арттыру үшін, машиналарда роботтытехника, бояумен автоматты түрде жабдықтау жүйелері, сонымен бірге, машинаның барлық бояу өткізетін бөліктерін тазалайтын қондырғылар орналатылған. Бұл жүйелер келешекте де дамып, флексографиялық басылым машиналарының сенімді түрде жұмыс істеуіне, басу сапасының артуына және осы машиналардың қызмет көрсетуін жеңілдететіндігін қамтамасыз етеді.
Қайталау үшін сұрақтар
Шығыңқы басылымның басылым машиналарының жіктелуі (тигельді, жазық басылым және рулонды).
Флексографиялық басылымның басылым машиналарының сипатты ерекшеліктері.
Флексографиялық басылымның басылым машиналарының даму болашағы.
10.3. Даярлық жұмыстары және өнімді басу
Басылымның нақты таралымын басу үшін, қағаз, бояу және басылым қалыптарын даярлау мен оларды басуға дайындау, негізінен, жазық офсеттік басылымдағыдай іске асырылады. Басылым машинасындағы дайындық операциялары олардың типтерінен тәуелсіз мынандай топтарға бөлінеді:
басылым қондырғысы мен бояу аппаратын дайындау;
қағаз бен жабдықтау және шығару-қабылдау қондырғысын дайындау;
сәйкестендіру және реттеу;
былғануға қарсы, құрғату және басқа да құрылғыларды (машинаның типі мен оның автоматтандырылу дәрежесіне қарай) дайындау;
Басылым қондырғысын даярлау: декель мен басылым қалыбын орнату, сонымен қатар, қажетті жағдайда жалпы қысымды реттеуден тұрады.
Бояу аппаратын, қағазбен жабдықтаушы және шығару-қабылдау қондырғыларын даярлау технологиясы, сонымен бірге, сәйкестендіру, негізінен, жазық офсеттік басылым машиналарын басуға дайындау кезіндегідей іске асырылады.
Реттеу – бұл дайындау операцияларының кешені, басылым процесі барысында басылым қалыбы мен басылым машинасының ерекшеліктеріне қарай, қысымның басылым қалыбының әр түрлі бөліктеріне бөлінуін қамтамасыз етеді. Реттеу бейненің берілген сапасын алу үшін және мынадай негізгі себептерге байланысты:
қалыптық бедерлі баспа элементтерін декельге қысқан кезде олардың жиектеріне кірлердің шоғырлануы;
басылым қалыбы мен оның элементтері мөлшерінің өсуі (қалыңдығы) метрлік ауытқумен;
жеке баспа элементтерінің көлемдері мен олардың бір-бірлерімен орналасуының ара қашықтығының әр түрлілігі;
басылым қондырғысын дайындаудың дәлсіздіктері (талердің, басылым және қалыптық цилиндрдің сыртқы беттері) және олардың тозуы.
Барлық дайындық операциялары аяқталған соң және қол қою парағы бекітілгеннен кейін, таралымның алғашқы баспа-таңбаларының бірі – «таза парақтар» - түгелдей оқылып, жинақта берілген барлық нұсқаулардың орындалуын бақылау үшін, корректураға жіберіледі. Әрбір 25-50 мың баспа-таңба басылып шыққаннан кейін, «таза парақтар» қайта корректорлық оқуға түсіп отырады.
Басылым процесін бақылау және реттеу. Шығыңқы және жазық офсеттік басылымдарда басылым процестерінің көптеген параметрлерін бақылау мен реттеудің (сәйкестендіру, бояуды қалыпқа беру, баспа-таңбалардың сапасы т.б.) ерекше өзгерістері жоқ. Барлық даярлық операциялары аяқталып, басылым режимі белгіленіп, үлгі баспа-таңба (қол қойылған парақ) бекітілгннен кейін, таралымды басу басталады.
Басылым процесінің режимі басылым барысында тұрақты және оңтайлы болып барлық баспа-таңбалардың үлгі параққа ұқсастығын қамтамасыз етуі тиіс.
Жазық офсеттік басылымнан өзгешелігі, басылым процесінің қажетті режимі (қалыптың ылғалданбауына байланысты) машина дайын болғаннан кейін немесе оның тоқтауы анағұрлым жылдамырақ болғанда, қағаз қалдықтары макулатураға азырақ кетеді.
Басылым процесінде машинаға қызмет ететін штат басылым машинасының үздіксіз жұмыс істеуі мен берілген баспа-таңба сапасының ойдағыдай болып шығуын қамтамасыз ететіндей операцияларды орындайды. Бұл операциялар басылым машинасының типіне, оның автоматтандыру дәрежесіне және басылым өнімінің түріне қарай, әртүрлі болып келеді. Бірақ олар жазық офсеттік басылымда орындалатын операцияларға ұқсас болады.
Даярлық операциялары мен флексографиялық басылым әдістерімен таралымды басу басылымның басқа әдістерінен ерекшеленбейді. Флексографиялық басылым үшін қара, ақ және түсті флексографиялық бояулардың әр алуан үкен құрама жинағы пайдаланылады, олардың құрамдары мен қасиеттері басылатын матералдың ерекшеліктеріне және басылған өнімнің ары қарай пайдалануына қарай іріктелінеді. Мысалы, этикетка және орау өнімдерін басу үшін, сіңіргіш материалда – қағазда құрамында еритін бояғыштары бар спиртті-сулы бояулар қағаз талшықтарына бояғыштың сіңуі арқылы бекітіледі. Баспа-таңбадағы бейнелер күңгірт, су мен жарыққа төзімсіз. Құрамында пигмент, аздаған бояғыштар, органикалық ұшып кететін еріткіштер мен шайыр араласқан бояулар сіңірілмейтін материалдарға – целлофанға, полиэтиленген т.б. басу үшін қолданылады. Бұл материалдардағы бояу пленкасы, негізінен, еріткіштің ұшып кетуінен, шайыр мен пигменттің материалдың сыртына бекітілуі есебінен құралады. Мұндай пигменттелген флексографиялық бояулар, басылымның басқа да тәсілдерінде пайдаланылатын бояуларға тән оптикалық қасиеттерге ие.
Флексографилық органикалық еріткіштерің уландырғыштық ерекшеліктерінен сақтану үшін спиртті сулы-пигменттелген бояуларды жасап шығаруды қажет етті, олар қазір әр түрлі материалдарға басу үшін қолданылып отыр. Мұнымен, тек, қоршаған ортаны қорғау мақсаты орындалып қана қоймай, шығарылған өнім сапасының жоғары болуында да өз шешімін тигізуде.
Таралымды басуға кіріспес бұрын, басылым машинасы мен материалдар даярланады. Бұл жұмыстардың кейбірі ойыңқы басылымдағы даярлық жұмыстарына ұқсас та, кейбірі – өзіндік ерекшеліктергі бар. Бояулар түсіне, жабу қабілетіне және басқа да көрсеткішіне қарай, басылатын материалдың түсіне жаңартылған түпнұсқаның сипатына және басылып шыққан өнімнің тағайындалуына қарай таңдалады. Таралымды басар алдында бояуларды қажетті жабысқақтық деңгейде араластырылады.
Басылатын материалдарды даярлау технологиясы олардың түрлеріне байланысты. Мысалы рулондық қағазды (этикетка т.б. басу үшін) басылымның басқа әдістеріндегідей даярлайды. Ал, полимерлік пленкаларда бояуы жақсы жабысуы үшін, әдетте, арнайы жылу электрлік және химиялық өңдеулерден өткізеді. Басылымға машинаны дайындау операцияларына жататындар: машинаның басылым қалыбымен бірге орнату, бояу ыдысына бояу толтыру мен қалыпқа берілуін реттеу, сәйкестендіру, сынама баспа-таңбаларды алу және оларды таралымды басуға сынама (эталонный) данасымен салыстыру т.б.
Басылым процесінде басылым қалыбының серпімді-созылмалы деформациясы баспа элементтерінің бойындағы геометриялық ауытқудың машинадағы басылым аппаратының және басылатын материалдың дәлдігінің орнын толтырады, оның арқасында басылым іс жүзінде декельсіз және аз қысымды реттеумен іске асырылады.
Таралымды басу ережесі: жылдамдық, қысым, бояудың жабысқақтығы мен оның қалыпқа берілу мөлшері, баспа-таңбаларды құрғатудың тездігі т.б. әрбір жеке және нақтылы жағдайларға байланысты таңдалынады. Мысалы, қағазға басқан кезде баспа-таңбаларды жедел құрғатудың қажеті жоқ, полиэтиленге немесе оған ұқсас материалдарға басқан кезде қажет, қағазға басу жылдамдығы полиэтиленге басқандағыдан 2-2,5 есе жоғары. Мөлдір түссіз пленкаларды (целлофан сияқты) тікелей таза беттерде алдын-ала басылған ақ немесе түсті фонда да баса береді. Көбінесе, бояуларды жағудың кері тәртібін қолданып, мөлдір пленкаға басады. Осылайша алынған бейне нақты ағартқыштармен басылып, пленканың екінші жағынан байқалады.
Флексографиялық басылым басты жағдайда этикетка және орама өндірісінде әр түрлі материалдарды – қағаз, пленка, қатырма, сонымен қатар, жарнама, бланкі, түсті түсқағаздарды басуда кеңінен қолданыс табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |