Қайталау үшін сұрақтар
Материалдарды дайындау (қағаз, қатырма, бояу, пленка, целлофан және синтетикалық материал).
Шығыңқы және флексографиялық басылым материалдарын дайындау.
Бояу аппараттарын, қағаз өткізетін және шығару-қабылдау қондырғыларын даярлау технологиясы.
Реттеу және сапалы баспа-таңбалар алу үшін қажетті шарттар.
Баспа-таңбалар мен бүкіл таралымды басу және олардың сапасын бақылау.
ХІ Тарау. Ойыңқы басылым қалыптары мен өнім басу
11.1. Ойыңқы басылымның басылым машиналары,
табақтық басылым машиналары
Ойыңқы басылымның табақтық машиналарының жалпы түрі мен жұмыс принципіне қарай, жоғары басылымның ротациялық машиналарына ұқсас. Олар – принципі жағынан, қағаз беретін аппаратты және қабылдау құрылысымен, әрі басқа да бірқатар механизмдерімен (бақылау-реттеу) бірдей. Ойыңқы басылым машиналарының негізгі ерекшеліктері:
бұл машиналар тек ротациялық типті, олардың әрқайсысы ауысымды қалыптық цилиндрдің арнайы жиынтығымен жабдықталынады;
ойыңқы басылымда сұйық басылым бояулары қолданылатындықтан, ал басылым қалыбындағы баспа элементтері ойылғандығынан, бояу аппараттары құрылыстары жағынан қарапайым, бояу беретін жағатын және жаятын жүйелері жоқ;
әрбір бояу аппараттарында ракель қондырғысы бар, басылым қалыбының ашық элементтерінен бояуды алып тастап және баспа элементтеріндегі артық бояудың алынып тасталуын қамтамасыз етеді
әрбір басылым секциясының басылым процесінде сұйық бояудың (ұшып кететін еріткіші бар) баспа-таңбаларда тез бекуін қамтамасыз ететін құрғату қондырғылары бар.
машинаның басылым секциясы мен құрғату қондырғылары арнайы қаптамалармен жабылады, бұл улы еріткіштер буының қоршаған ауаға араласуына кедергі жасайды. Толуолдың буы, мысалы, желдеткіш сорғыштармен рекуперациялық қондырғыларға бағытталады. Олар буды алғашқы сұйық жағдайға келтіріп, қоршаған ортаның ластануын едәуір азайтады.
Полиграфиялық кәсіпорындарда бір-бірінен құрылымдық ерекшеліктерімен, технологиялық мүмкіндіктерімен, технологиялық мүмкіндіктерімен, автоматтандыру дәрежесі және басқа да көрсеткіштерімен ерекшеленетін ойыңқы басылым машиналары жұмыс істейді. Бұл машиналарды әр түрлі белгілеріне қарай, мысалы, басылатын материалдың түсіне, бояулығына, материалдың бір немесе бір уақытта екі жағынан басу мүмкіндігіне, тағайындалуы мен пішініне қарай жіктеуге болады.
Ойыңқы басылымның парақтық машиналарының қолдану аясы шектеулі және олар, ең алдымен, жоғары көркемдеген бір немесе көп басылымдарды: альбомдарды, қабырғалы күнтізбелер, көркем ашық хаттар, портреттер т.б. басу үшін қолданылады. Құрылымы жағынан қарапайымы – бір бояулы парақтық машиналар. Олар пневматикалық қағаз беретін және басылым аппарттарымен, бояу аппаратынан, парақ шығарғыш қондырғыдан, құрғату қондырғысынан, қабылдау қондырғысынан, сонымен қатар, жетектен және кейбір бақылау-реттеу қондырғысынан тұрады.
1 - пневматикалық қағаз бергіш
2.3 – басылым аппараты
4.5 – бояу аппараты
6 – табақ шығаратын қондырғы
7 - құрғату қондырғысы
8 - қабылдау столы
Достарыңызбен бөлісу: |