Ойыңқы басылымның рулондық машиналары
Ойыңқы басылымның цехтарының негізгі қондырғылары рулонды машиналар – бейнелі бір және көп бояулы журнал, жапсырмалы-орамалы және табақтық өнімдерді басуға арналған. Басу үшін қағаз ғана емес, әр түрлі пленкалы материалдар пайдаланылады. Рулонды машиналар табақтықпен салыстырғанда артықшылығы, басқа да басылым әдістерінің машинасындағыдай. Басты артықшылығы – 50мың айн/с, яғни 14-18 м/с тебетін басылымның жоғарғы жылдамдығы. Мұндай машиналарда алынған өнімнің сапасы табақтық машиналарда басылған оттискілерден сәл ғана төмендеу.
Рулондық машиналардағы басудың жоғарғы жылдамдығы тез бекитін бояуларды, қуатты құрғақ қондырғыны пайдаланып, басылым аппаратының құрылысында кейбір өзгертулерді және машинаның басылым процесін тұрақтандыратын бақылау-реттеу қондырғыларымен жабдықтауды талап етеді. Ойыңқы басылымның рулондық машиналары жоғарыда келтірілгендерге қосымша, басқа да белгілері, мысалы, рулондық қондырғылардың санына (бір және көп рулонды машиналар) қолданылатын қағаздың еніне (бір, екі, үш ендік), басылым аппараттары мен рулондық қондырғыларының орналасуларына (бір және көп қабатты) қарай да бөлуге болады.
Басылған өнім машинасының құрылысы мен басылымның тағайындалуына байланысты, қабылдау қондырғысына бүктелмеген жеке табақтар, бүктелген дәптерлер, жинақталған және сыммен тігілген журналдық басылымдар немесе рулонға оралған қағаз төселімі түрлеріне бөлінеді. Басылымдарды үш жағынан автоматты түрде дискілі пышақпен кесу үшін қондырғымен жабдықталған рулондық машиналар да бар.
Ойыңқы басылымның рулондық машинасы, негізінен, рулондық қондырғылардан, құрғату қондырғылары бар басылым секцияларынан, қабылдау-шығару қондырғысынан, әр түрлі бақылау-реттеу және басқару жүйесінен тұрады, олар басылым процесінің автоматтандыру деңгейін қамтамасыз етеді. Рулондық және қабылдау-шығару қондырғылары, сонымен қатар, кейбір бақылау-реттеу және басқару жүйелері офсеттік жазық басылымның рулондық машиналары жүйелері мен қондырғыларынан еш айырмасы болмайды.
Рулондық машинаның басылым секциясы басылым және бояу аппараттарынан, құрғату қондырғысынан тұрады. Басылым аппараттары қалыптық цилиндрден, жоғары иілімді тысты аралық басылым білігінен және қысатын маталл престі цилиндрден тұрады. Соңғысы, машинаның жұмыс істеу кезінде басылым білігіне салмақ салып, басылымға қажетті қысымымен қамтамасыз етеді. Шағын пішінді машиналарда қысатын цилиндр болмайды, ал ірі пішіндіде әрбір басылым білігіне диаметрлері шағын екі қысатын цилиндр орналасады.
Бояу аппараты табақтық машинадағыдай ракельдік 4 қондырғыдан, бояу ыдысынан тұрады. Бірақ бояу қалыпқа арнайы 6 қондырғымен шашыратылады. Артық бояу резервуардан ыдыстарға құйылады да, сүзгіден өткеннен кейін қалыпқа қайта түседі.
Әрбір басылым секциясының құрғату қондырғылары, әдетте, екі камерадан тұрады (суретте көрсетілген). Сорғыштан түсетін ауаның ағыны мен температурасы реттеледі. Кейбір машиналарда баспа-таңбалар құрғататын цилиндрмен кептіріледі, басылып шыққан қағаз төсемдері қозғалып келіп, қысылып кептіріледі. Аралас қондырғылармен қатар, олар ауасы бар камера мен жылытатын цилиндрлер де пайдаланылады.
Қалыптық цилиндр
Аралық басылым цилиндрі
Қысатын престі цилиндр
Ракельдік қондырғы
Бояу үшін қондырғы
Арнайышашыратқыш қондырғы
Қағаз (басылым материалы)
Достарыңызбен бөлісу: |