12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Оттискілердің сапасына жалпы талаптар



бет93/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Оттискілердің сапасына жалпы талаптар. Басылып шыққан өнім негізінен, басқа басылым өнімдеріне де қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек. Бұл талаптар сәйкестендірудің дәлдігіне, бейнені градациялық және түстік беру, жиектерінің көлемі т.б. қатысты көрсеткіштерді регламенттейді. Ойыңқы басылым баспа-таңбаларында ракельдің немесе басу қалыбының зақымдануы кезінде пайда болатын бояу жолақтары, баспа-таңбаның бос аралық бөліктерінің бояу фоны болмауы тиіс.
Қайталау үшін сұрақтар

1. Басуға даярлық кезінде қандай даярлық операциялары іске асырылады?


2. Қандай бояулар қолданылады?
3. Басу машинасын жұмысқа даярлау туралы әңгімелеп беріңдер.
4. Әр түрлі өнімдерді басу ерекшеліктері және баспа-таңбалардың сапасына жалпы талаптар.

XII тарау. Арнайы басылым әдістері


12.1. Негізгі мәліметтер

Қалыптасқан дәстүр бойынша танымал (баяғыдан келет жатқан және жаңадан жасалынушы) арнайы басылым әдістерінен мынандай негізгі топтарды бөліп көрсетуге болады: 1) дәстүрлі (басу қалыптарымен), 2) түйіспесіз басылым (басылым қалыбынсыз).


Басылымның дәстүрлі әдістеріые (басу қалыптарын қолданумен) шығыңқы басылым (флексография және Орлов басылымы), жазық басылым (құрғақ офсеттік және фототиптік), трафареттік, ойыңқы (тампондық) басылым жатады.
Түйіспесіз басылымға (басу қалыбынсыз) электрография, монография, магнитография, ағысты басылым, термография мен фотография жатады. Басылымның арнайы әдістерінің бір түріне мынандай түсті топтар жатады:
1. дәстүрден тыс материалдарда, мысалы, полимерлік немесе металдандырылған жиынды қағаздарда, полимерлік пленкаларда, металл табақтарында т.б. жазу үшін қолданылатын классикалық басылым әдістері (шығыңқы тік, жазық офсеттік және ойыңқы тампондық).
2. классикалық басылым әдістерінен бояу қабатын басылым қалыбынан басылушы материалға көшіру әдісімен ерекшеленетін басылым әдістері.
Шығыңкы офсеттік басылым, ойыңқы офсеттік басылым және электростатикалық басылым.
3. классикалық әдістерден басылым қалыбының құрылысымен ажыратылатын басылым әдістері: фототиптік басылым, ылғалдаусыз жазық офсеттік басылым, түйіспелі (тік жазық), флексографиялық басылым, формомагниттік басылым.
4. классикалық әдістерден басу қалыбының құрылысы және бояу қабатын басылушы материалға көшіру әдісімен ажыратылатын басылым әдістері: трафареттік (тік және офсеттік) басылым, голографиялық «rp.mobel - бүкіл + grapho-жазамын) басылым, лазерлік басылым.
5. басылым қалыптарын пайдаланбайтын басылым әдістері: бояулы бейнені тікелей басылушы бетке тұтқырлығы төмен бояуды майда тамшылап себу жолымен қалыптастыруға негізделінген үздіксіз және тамшылап ағатын болып, екіге бөлінетін ағынды басылым.
Басылымның әрбір арнайы әдісінің өзіндік технологиялық ерекшеліктері, өндірістік мүмкіндіктері және экономикалық көрсеткіштері бар. Бірақ аталған басылым әдістерінің кейбіреулері қолданылмайды (жасалынуда және тәжірибеден өткізілуде) немесе өте сирек қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет