12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет92/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Ойыңқы басылым машиналарының негізгі ерекшеліктері.


2. Ойыңқы басылымның парақтық машиналары неліктен сирек қолданылады?
3. Ойыңқы басылымның бір бояулы машинасының құрылысы және жұмысы.
4. Мына сұраққа ойланып барып, жауап беріңдер: құрғату құрылғысына суық және ыстық ауаның қайсысы беріледі.
5. Бояуды кетіру және қалыптың тозуын азайту үшін ракель қалайша орналасуға тиіс?
6. Ойыңқы басылым тәсілінің даму болашағы қандай?


11.2. Даярлық жұмыстары және өнімді басу

Ойыңқы басылым үшін қағаз бен бояу дарялаудың материалдарды басқа басылым әдістері үшін даярлаудан өзгешелігі жоқ. Парақтық көп бояулы басылым үшін қағаз пайдалану алдында цехта арнайы жайларда акклиматизциядан өткізілуі тиіс. Ойыңқы басылым үшін қағаз жоғарғы сіңіргіштік қабілетті (жылтыр, күңгірт, бедерлі т.б.) болуы керек, бұл ойыңқы басушы қалып элементтерінен бояуды қабылдау жағдайларын жақсартады. Басу бояуларын басылымның түрі мен тағайындалымына, пайдаланушы қағаз бен басылым машинасының типіне қарай таңдайды. Бір бояулы өнімді қара түсті бояумен басады, ал көптүрлі басылымдар үшін стандартты түстердегі үш түсті бояуларды пайдаланады, қажет болғанда аралас бояулар дайындайды.


Машинадағы даярлау операциялары. Машинаны басуға даярлау жөніндегі барлық операцияларды жоғарыда қарастырылған басылым әдістеріндегідей, мына төмендегі негізгі топтарға бөлуге болады:
- басу аппаратын даярлау;
- бояу аппаратын даярлау;
- қағаз беруші және қабылдау-шығару құрылғыларын дамыту;
- сәйкестендіру (парақтық машиналар үшін және демдеу);
- құрғатушы және бақылау-ретестіруші құрылғылар мен жүйелерді даярлау.
Бұл операцияларды орындау күрделілігі мен олардың ұзақтығы басылымның түріне, басылым машинасының түрін және оның автоматтандырылу дәрежесіне байланысты. Мұндайда қағаз бергіш және қабылдаушы-шығарушы қондырғылардың, құрғату және басқа бақылау-ретестіру құрылғылары мен жүйелерінің даярлығы, сәйкестендіру ойыңқы басылым машиналарында да, шығыңқы басылымның ротациялық машиналарында да іс жүзінде бірдей орындалады. Басылым құрылғысын дарялау декельді басу цилиндріне қондыру, қалыптық цилиндрді орнату мен қысымды реттеуден тұрады.
Бояу аппараты мен ракельдік құрылғыны даярлау басу резервуарын тазалаудан, оны жана бояумен толтыру және ракельді орнатудан тұрады. Ойыңқы басылымда тұтқырлығы төмендеу бояулар қолданылады. Олардың құрамына ұшып кететін еріткіш (көп жағдайларда толуол) және пигментті байланыстырғыш заттар енеді. Ойыңқы басылым машиналарының әрбір басу секциясының міндеті элементі ракельдік құрылғы болып табылады. Ракель бояуды басылым қалыбының бос аралық элементтерінен кетіру үшін қолданылады және баспа-таңбаның сапасы оның құрылысы мен жұмысына байланысты, оны көбінесе ойыңқы басылымның «жаны» деп атайды.
Сынама басу процесінде сәйкестендіру дәлдігін, оңтайлы қысымды, табақтық машиналар үшін демдеудің сипатын, ракельдің көлбеу бұрышын және оның қалыпқа жабысу күшін, басу бояуының тұтқырлығын, кесу мен бүгу дәлдігін (рулондық машиналарда) анықтайды.
Табақтық машиналарда басқанда қалыпқа қысымды иректеп түсіреді. Бейненің ашық бөліктері басу кезінде үлкен, ал күңгірт жерлері кіші кысымды қалайды. Бұл, әдетте, қолмен жасалатын демдеудің (шығыңқы басылымдағы сияқты, баспа-таңбаларды кесу және жапсыру жолымен) және алынған бедерді декельдің құрамына енгізу жолымен іске асырылады. Рулондық машиналардың престеу цилиндрлерінің созылмалы жабыны басу қалыбының жеке бөліктеріне қысымды өзгерусіз (демдеусіз) басуға мүмкіндік береді.
Даярлық операциялары басылымның басқа да әдістеріндегі сияқты, тексерумен және егер, қажет болса, құрғату құрылғыарын, статикалық электр зарядтарын битараптандырғыштарын, сонымен бірге, машинадағы бар бақылау-реттестіру жүйелері мен басқа да құрылғыларды реттестірумен аяқталады.
Барлық даярлық операциялары мен үлгі парақты бекіткеннен кейін таралымды басуға кіріседі. Барлық таралым баспа-таңбалары мен үлгі парақтың араларындағы ұқсастықты қамтамасыз ету үшін белгіленген оңтайлы басу режимі (жылдамдығы, қысым, бояудың тұтқырлығы, ракельдің жұмысы, баспа-таңбаларды құрғату температурасы т.б.) бірқалпты болуы керек. Бірақ таралымды басу процесінде белгіленген параметрлердің әртүрлі бұзылушылығы орын алуы мүмкін.
Өнімді басу кезінде бояу резервуарындағы бояудан ерітінділер буланып, үздіксіз ұшып жатады. Бұл бояудың тұтқырлығының артуына, оның баспа-таңбалардағы жиілігі мен түсінің өзгеруіне алып келуі мүмкін. Бояудың тұтқырлығын тұрақты күйде ұстап тұру үшін оған ауық-ауық белгілі мөлшерде ерітінді араластырып тұру қажет.
Басу барысында ракель астына тап болған қатты заттар «жолақтануға» алып келеді, яғни бояу осы жерде қалыптың сыртынан толық алынбай, жолақтар түрінде қалыпқа көшеді. «Жолақтану» қалыбын қатты заттар тырнап өткен жағдайда да пайда болады. Басу кезінде сәйкестендіру дәлдігінің нашарлауы, бояудың баспа-таңбаларға онша берік бекітілмеуі, қағаз лентаны кесу мен дәптерлерді бүгудің бұзылулары шығыңқы басылымның ротациялық машиналарындағыдай себептерге байланысты пайда болулары мүмкін.
Сонымен, басу режимі үздіксіз бақылануы тиіс және қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізілуі керек.
Түрліше өнімдерді ойыңқы басылым әдісімен басу ерекшеліктері негізінен мыналарға келіп тіреледі:
- нақтылы басылымның қажетті сапалық және экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін процестің ең оңтайлы технологиялық сұлбасын, материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау;
- басылымның түрін, оның таралымын, қалыбын, көлемін, бояулылығын және шығару мерзімін таңдау;
- басылым үшін бекітілген сапалық көрсеткіштерге сәйкес өнімді басудың оңтайлы режимін белгілеумен сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет