12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9686
1   2   3   4   5   6   7   8

Абайтану

Ұлы  Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың  ғасырлар  бойы

маңызын  жоймайтын  рухани қазынасы.  Абайды  тану,  бағалау,  насихаттау,

оқыту – қоғамдық ой-санада  тың серпілістер  туғызып,  мақсаткерлікке

жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан

тану, ғылыми  тұрғыдан  тың байламдар  жасалуы  заңдылық. Ақынның мұрат-

мақсаттарын  бүгінгі  жастарымыздың санасына  сіңіру  абыройлы  борышымыз

болмақ.


11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсының бағдарламасы  2012 жылы

27  сәуірде  бекітілген «Қазақстанның ішкі  саясатындағы  идеологиялық



менеджментті қайта  жаңғырту  жөніндегі  2012-2013  жылдарға  арналған

Жалпыұлттық іс-шаралар  жоспарының» 41  және  42-тармақтарына  сәйкес

әзірленді.

12  жылдық оқытуға  көшу  экспериментінің  қоғамдық-гуманитарлық

бағытындағы    11-сыныптарына  арналған  «Абайтану»  курсының жылдық оқу

бағдарламасына  34  сағат  бөлінген.  Оның  31

сағаты  бағдарламадағы

материалдарды  оқуға,  2  сағаты  шығармашылық жұмыстарды  орындауға,  1

сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.

11-сыныпта  Абай  мұрасының  XX  ғасырдың отызыншы-алпысыншы

жылдарындағы    зерттелу  жайы, қазіргі  абайтанудағы өзекті  мәселелер, өнер,

білім, қоғамдық  құрылыс,  тарих,  ел,  махаббат,  азаматтық көңіл-күй  туралы

қарасөздері, өлеңдері  және  аудармалары,  поэмалары  топтастырылып  берілді.

Абайдың талантты  ақын  шәкірттерінің шығармашылығына  да  көңіл  бөлінді.

Абай  шығармашылығындағы  тұлға  болмысы,  толық адам  танымдарының

идеялық-көркемдік ұстаным  негізіндегі  байламдарын  байыпты  бағдарлауға

назар аударылды.

Курстың соңына қарай күллі қазақ халқына: «Қалың елім, қазағым, қайран

жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер, ойшыл Абай «Қазақтың бас

ақыны» ретінде танылады.


29

Бағдарлама ұлы  ақын,  жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы,  философ

Абай Құнанбайұлының шығармаларын  терең де  жан-жақты  танытуды  мақсат

тұтады.


Курсты оқытудың мақсаты:

- ақын шығармаларын оқыту арқылы отансүйгіш, халқымыздың әдебиетін,

өнерін,  тілін,  салт-дәстүрін құрметтейтін,  оны  ең жоғарғы құндылық ретінде

бағалайтын,  эстетикалық талғам  деңгейі  жоғары,  алған  білімін,  білігін,

дағдыларын өз  кәдесіне  жарата  білетін, ұлттық сана-сезімі  мықты, өркениетті

қоғамда өмір сүруге бейім, терең білімді дара тұлға қалыптастыру.



Курсты оқытудың міндеттері:

-

ақын  шығармаларындағы

ғылым,  білім,  ақындық  өнер,  елдік

мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;

- ақынның  қоғамдық  құрылыс,  азаматтық көңіл-күй,  тарихи  таным үрдісі

туралы  жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы  көзқарастарымен

таныстыру;

- Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол

мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

- қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау,

жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

- ақынның көркем-әдеби  туындыларындағы ұлттық таным  мен  рухани,

мәдени құндылықтарды  оқушылардың бойына  сіңіру  және  ақын  идеяларын

күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу;

- Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;

- Абайдың ақындық мектебі,  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық

ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту;

Абай  және қазіргі қазақ  әдебиетінің рухани  байланысын ғылыми  негізде

пайымдау;

ақын қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының, ән мен

күйлерінің мазмұны  адамгершілікті,  имандылықты,  махаббатты,  достықты,

әділеттілікті,  татулықты,  бірлікті  жырлайтындығын  келер ұрпаққа үлгі-өнеге

ету.

Шешендік өнері (риторика)

«Шешендік өнер» курсы қоғамда өздігінен іске асыруға және әлеуметтенуге

дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған қазіргі мектепке аса

қажет. Өйткені тіршілік қарекетінің  әртүрлі  салаларында  адамдар  арасындағы

өзара түсіністік, өзара әрекет ету, орынды сөйлей алу – бұл заманауи әлемдегі

баға жетпес байлық және ірі жетістіктің құраушысы.



Курстың негізгі  мақсаты – мәдениаралық коммуникация  жағдайында

нақты  сөйлеу  жағдаяттарында  тиімді  сөздік қарым-қатынасты  жүзеге  асыра

алатын тілдік тұлғаны қалыптастыру.

Курсты  оқыту міндеттері:

‒ Шешендік өнер  туралы ғылым  ретінде,  оның басты  міндеттері  мен

ұғымдық аппараты туралы көзқарас қалыптастыру;


30

‒ сөздік қатынас, коммуникативтік  жағдаят  және  оның сөйлеу әдебі,

риторикалық канондар,  риторикалық троптар  мен  фигуралар,  сөз  сапасы

(адамгершілік, 

дұрыстық,

тіл 


байлылық,

нақтылық,

мәнерлілік,

айқындық)туралы білімді қалыптастыру;

‒ табысты  коммуникацияны  іске  асыру үшін  практикалық    ұсынымдармен

танысу  (сөз  сөйлеуге  дайындық, аудиторияны  есепке  алу,  байланыс  орнату,

коммуникативтік  талаптарды  тұжырымдау;  ынта-ниеттерін  іске  асыру,  сөзді

бағалау,  коммуникативтік сәтсіздіктер мен ағаттықтарды анықтау);

‒ сөздік қарым-қатынастың

монологтық және  диалогтық түрлерімен

танысу;

‒ белгіленген  коммуникативтік  бағытталу  мәтіндері  ретінде  сөйлеу



жанрлары туралы білімді қалыптастыру;

‒ сөйлеу  стратегиялары  мен  сөйлеу  тактикалары  туралы  білімді

қалыптастыру;

‒ талдау икемділіктерін дамыту, сөздік қатынасты бағалау;

‒ айналадағы  адамдармен қазақ, орыс  және  ағылшын  тілдерінде  тиімді

іскерлік қарым-қатынас жасау машығын жетілдіру;

‒ көптілді  және  көпмәдениетті  коммуникативтік  жағдаяттарды  есепке  ала

отырып, сөздік қатынас іскерліктерін дамыту;

‒ өзара  сөздік әрекетке  және әлеуметтік  бейімделу қабілеттерін  дамыту

және жетілдіру;

‒ шешендік өнердің маңызды элементтерін меңгеру;

‒ пікірталастарға, пікірсайыстарға қатысудағы іскерліктерін қалыптастыру;

‒ әртүрлі типті және стильді мәтіндер құрастыру білімдерін жетілдіру;

‒ әртүрлі жанрларда монологтық ойларын жеткізу білімдерін қалыптастыру

және жетілдіру;

‒ қарым-қатынастың түрлі салаларында әдеби тілдің және сөйлеу мәнерінің

нормалары туралы білімді жүйелеу және бекіту;

‒ орфоэпикалық,

стилистикалық,

орфографикалық,

пунктуациялық

сауаттылықты жетілдіру;

‒ оқушылардың

бойына 


адамгершілік-эстетикалық

көзқарастарды,

жалпымәдени құндылықтар талғамдарын қалыптастыру;

‒ өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау,

өзін-өзі түзету дағдыларын дамыту.

Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруды  ескере

отырып,  шешендік өнерге үйретудің негізгі  бағыты  коммуникативтік  және

практикалық-бағдарланған  бағыт  болып  табылады.  Бағдарламаның мазмұны

оқушылардың

сөйлеу-коммуникативтік  икемдерін  дамытуға  бағытталған:

практикалық 

қызмет


үдерісінде 

негізгі 


риторикалық

категориялар

қарастырылады,  суреттелген  жағдай  мен  сөйлеу  рөліне  ену ұсынылады,

көпшілік  алдында  сөз  сөйлеу үдерісінде  (ұсынылған  мәселе  бойынша

пікірсайыстарда,  пікірталастарда) өзінің сауатты  және  дәлелді ұстанымынан

ауытқымауға  негізделген құрамдас  бөліктерді  есепке  алатындай  ой-пікір



31

құрастыру.  Сонымен қатар,  шешендік өнерді  оқытудың маңызды  тәрбиелік

және  дамытушылық мәні  бар:  адамгершіл-риторикалық идеялар қабілеттері

қайта қаралады  (айтылған  сөзге  деген  жауапкершілік, қазақ және  орыс

тілдерінде сөйлеу әдебінің ережелерін сақтауды ескере отырып, қарым-қатынас

жасай  білу.  Мектеп  оқушыларының көп  тіл  білуін  дамыту  шеңберінде

оқушылардың

дайындық


денгейін  ескере  отырып,  мұғалімнің

тандауы


бойынша  практикалық

тапсырмалар үш  тілде  (қазақ, орыс  және  ағылшын)

беріледі.

«Шешендік өнер»  курсының бағдарламалық материалы  екі  бөлімнен

тұрады:  курстың түсінік  негіздерін  ашатын  теория  (коммуникативтік  жағдаят,

қарым-қатынас  түрлері,  сөйлеу  жанрлары,  олардың  құрылымдық және  стилдік

ерекшеліктері)  және

қызмет  тәсілдері  туралы  инструменталдық

білім

ұсынылады  (нұсқаулықтар  мен



ұсынымдардың

түрлері);

қарым-қатынас

жасауға,


қарым-қатынасты 

талдауға 

және 

бағалауға,



қарым-қатынас

жағдаяттарына сәйкес сөйлеу жанрын, оның ішінде тыңдаушы сипаттамасымен

бірге  коммуникативтік  міндеттерді  іске  асыруға  бағытталған  тапсырмалар

берілетін практикалық жұмыс.

«Шешендік

өнер» 


курсы 

жылға 



есептелген 

(11-12-сыныптар).

Бағдарламалық материалдың мазмұны  желілі-шоғырланған  тәсілмен  бөлінген:

тәжірибелік-бағдарланған  тақырыптар қарқынды,  сыныптан  сыныпқа  барған

сайын тереңдетіле, нақты сөйлеу жанрлары үлгісінде қарастырылады.

Әлемдік көркем мәдениеті

«Әлеуметтік-экономикалық

жаңғырту

-

Қазақстан  дамуының



басты

бағыты»  атты Қазақстан  Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың  2012

жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру тек оқытып

қана


қоймай,  сондай-ақ

алған  білімін

әлеуметтік  бейімделу

үрдісінде

пайдалануға икемделуі керек» деп белгіленген еді.

«Әлемдік 

көркем 

мәдениеті» 



курсы

өнердің


дамуының

ортақ


заңдылықтарын    және мәдениеттін  социо-серпініндегі  оның  әралуан  түрлерін,

тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде адам мен қоғам өміріндегі өнердің рөлін

қарастырады.

68  сағатқа  есептелінген  жұмыс  бағдарламасы базалық деңгейде  11-12

сыныптарында әлемдік  көркем  мәдениетті  зерделеуді  болжайды  және  де

мәдениеттің тарихындағы  мәнмәтінінде  көркем  мәдениет  пен өнер  туралы

біртұтас түсінікті қамтамасыз етуде танылған.

«Әлемдік көркем мәдениеті» курсының мазмұны

1) эмоционалды  және  орынды  білім  мен  сенімнің бірлігінде  біртұтас

дүниетанымды қалыптастыру;

2) Тұлға – Қоғам–Табиғат тығыс өзара байланысындағы қоршаған әлемнің

мәнін түсіну;

3) Жоғары 

сынып 


оқушыларының

көркемдік-шығармашылық

қабілеттерін,  бейнелі  және  ассоциациялық ойлауларын, қиялдарын,  көру-

бейнелі естерін, талғамдарын, көркемдік қажеттіліктерін әрі қарай дамыту;



32

4) бейнелеу 

және 

сәндік-қолданбалы



өнер, 

сәулет 


пен

әрленімнің,әдебиеттің, музыканың, киноның, театрдың туындыларын қабылдау

мәдениетін дамыту;

5) алуан 

түрлі 

көркемдік



қызметтің

икемдері 

мен 

дағдыларын



қалыптастыру;

6) көркем 

мәдениеттің

алуан 


түрлі 

салаларына 

тұрақты

қызығушылықты,оның



тарихи 

және


ұлттық

ерекшеліктерін

қабылдау

қабілеттерін қалыптастыру;

7) қоршаған ортаны және оның қайта жасалуын эмоционалды-практикалық

меңгерілу тәсілі ретінде өнер жайлы білімдерді қалыптастыру;

8) өнер  мен әдебиеттің  әралуан  түрлерінің суреттеу құралдары  және

әлеуметтік қызметтері туралы білімдерін білдіру;

9) шығармашылықпен өз  ойын  білдіру  және өзін-өзі  таныту,  сондай-ақ

өнер құралдарымен  психологиялық жеңілдену  мен  релаксация  мүмкіндіктерін

ұсыну үшін мүмкіндік береді.

Әлемдік 

көркем 

мәдениетті

үйрету 

мақсаты

мәдениет


негіздерінкөркемдік ерекше құбылыс ретінде тану және адам мен қоғамға әсер

ететін,


әлемді 

меңгеруде 

социомәдениетінің

нысаны 


ретінде

өнерге


эмоционалды-құндылықты қарым-қатынас тәжірибесін дамыту.

Оқу курсының міндеттері:

1) эстетикалық және  адамгершілік  тәрбие  беру, қоршаған  орта  мен қоғам

жайлы түсініктерін кеңейту;

2) өзіндік  мәдени  ортаны

қалыптастыру,  сезімдерді,  эмоцияларды,

бейнелі-ассоциациялық ойлауды  және  көркемдік-шығармашылық  қабілеттерді

дамыту, ой-өрістерін кеңейту;

3) әлемдік  көркемдік  мәдениетіндегі  стильдер  мен  бағыттар,  оларға  тән

ерекшеліктері туралы білімдерін мәлімдеу;

4) Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге,

мемлекеттік тілге құрмет көрсетілетін, белсенді азаматтық ұстаныммен тұлғаны

тәрбиелеу;

5) мұражай-экскурсиялық,

көрмелік 

және 

музыкалық-театральді



қызметтің көмегімен оқушыларды әлеуметтендіру;

6) өнер туындыларын талдай, олардың көркемдік ерекшеліктерін бағалай,

олар туралы өз пікірін айта білулерін қалыптастыру;

7) әрі қарай өздігінен  білім  алу үшін  ақпараттық технологиялардың

көмегімен алынған ақпаратты көкейтесті ету икемдерін қалыптастыру.

Функционалды  сауаттылықты  дамытудағы

ұлттық

жоспар


әрекеті

Қазақстанның бәсекеге  жарамды  факторы  ретінде, ұлттың  өркендеу әлеуеті,

азаматтардың жеке  басы  мен әлеуметтік  жетістіктері  ретінде  отандық білім

беру мен мәдениетті жайғастыруға бағытталған.



33

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым вице-министрі

___________________    М. Әбенов

«_____» ____________   2013 ж.

Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша эксперименттік мектептердің 11-

12 сыныптарына арналған байқау Типтік оқу жоспары

Оқыту қазақ тілінде



Қоғамдық-гуманитарлық бағыт



Білім салалары және

оқу пәндері

Сыныптар

бойынша апталық

сағаттар саны

Жүктеме, сағат

11

12

апталық

жылдық

Инварианттық компонент

Бейіндік пәндер

І

Тіл және әдебиет

9

9

18

612

1

Қазақ тілі



1

1

2



68

2

Қазақ әдебиеті



3

3

6



204

3

Орыс тілі



2

2

4



136

4

Орыс әдебиеті



2

-

2



68

5

Әлем әдебиеті



-

2

2



68

6

Ағылшын тілі



1

1

2



68

ІІ

Адам және қоғам

5

5

10

340

7

Қазақстан тарихы



2

2

4



136

8

Дүниежүзі тарихы



1

1

2



68

9

Адам. Қоғам. Құқық



1

1

2



68

10

Өзін-өзі тану



1

1

2



68

Бейіндік емес пәндер

ІІІ

Математика және

информатика

4

4

8

272

11

Алгебра және анализ



бастамалары

2

2



4

136


12

Геометрия

1

1

2



68

13

Информатика



1

1

2



68

ІV

Жаратылыстану

4

5

9

306

14

Биология



1

1

2



68

15

География



1

1

2



68

16

Физика



1

1

2



68

17

Астрономия



-

1

1



34

34

18

Химия



1

1

2



68

V

Технология

1

1

2

68

19

Технология (ер және



қыз балаларға арналған)

1

1



2

68



Дене шынықтыру

3

3

6

204

20

Дене шынықтыру



2

2

4



136

21

Алғашқы әскери



дайындық

1

1



2

68

Инварианттық оқу



жүктемесі

26

27

53

1802

Вариативтік компонент

Мектеп   компоненті

Қолданбалы курстар

5

5

10



340

Оқушы компоненті

Таңдау курстары

5

4

9



306

Вариативтік оқу

жүктемесі

10

9

19

646

Оқу жүктемесінің жоғары

шекті көлемі

36

36

72

2 448

ҚГБ  бейіндік  сыныптарының

вариативтік  компонентінде  жүзеге

асырылатын қолданбалы курстар мен таңдау курстарының атаулары

Қолданбалы  курстар:

1. Абайтану

2. Риторика (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

3. Әлемдік  көркем мәдениет



Таңдау курстары:

1. Саяхаттану

2. Компьютерлік іс жүргізу

3. Дизайн және компьютерлік графика

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 

пәндер 

«Қолданбалы



экономика»,  «Экологиялық мәдениет»,  «Графика  және  жобалау»  курстарында

қамтылған.



35

Графика және жобалау

11-сыныптарда  таңдау  бойынша  оқытылатын «Графика  және  жобалау»



қолданбалы  курсы  оқу  бағдарламасының мазмұны ЖЖО-ның  1 курсының

графикалық циклдағы ЭЕМ негізінде меңгерілетін жалпы білім беру пәндерінің

(«Инженерлік  графика»,  «Сызба  геометрия  және  перспектива»,  «Сәулет-

құрылыс 


графикасы», 

«Ақпараттық

графика») 

мазмұнымен 

кірігуіне

бағытталған. Ол вариативтік-модульдік негізде іске асырылады.

Пәннің вариативтік  бөлімінің мазмұнын меңгерудің жалпы  мақсаты

графикалық кескіндер  мен  технологиялар  пайдаланылатын  кәсіби қызметтер

(зерттеу,  жобалау-конструкторлық

графикалық

іс-әрекеттер)  салаларында

оқушылардың саналы  кәсіби  таңдауын  іске  асыру үшін  кәсіби  бағдарлауды

қамтамасыз ету болып табылады.

Оның міндеттер:

- ақпараттарды  кескіндеу,  жасау,  сақтау,  тасымалдау  және өңдеудің

графикалық  үлгілері,  (қолдық, компьютерлік) құралдары  туралы  түсініктерді

қалыптастыру;

- кәсіби қызметтердің  әрқилы  түрлерінде  пайдаланылатын  графикалық

түрдегі ақпараттарды графикалық үлгілеу, кескіндеу және оқу әдістерін зерттеу

және меңгеру;

- әртүрлі  графикалық

және


қолданбалы  тапсырмаларды  орындау

жолымен оқушылардың бейнелік  (кеңістіктік), қисындық, абстрактлық және

шығармашылық ойлауын дамыту;

- техникалық  құрылымдау  салаларындағы  жобалау

қызметтерінің

мазмұнымен және кезеңдерінің бірізділігімен таныстыру;

- эстетикалық талғамдарын (техникалық эстетиканы) қалыптастыру және

дамыту;


- графикалық

кескіндерді 

тұрғызу 

және 


конструкторлық-жобалау

құжаттамаларын құрамдау үшін компьютерлік технологияларды меңгеру.



«Графика  және  жобалау» қолданбалы  курсының  құрылымы.  11-ші

сынып

Графикалық

білім  беру  мазмұнының

модульдері  кәсіби  жобалау-

графикалық қызметі салаларының ауқымын ескере таңдалған. Әрбір модуль екі

құрамдық компоненттен тұрады: 1-ші компонет – кескіндер теориясы негіздері,

2-ші компонент – компьютерлік жобалау (үлгілеу).

1-ші  модуль.  (Техника,  технология және  графика) – «Инженерлік



графика», «Компьютерлік графика – І».

2-ші  модуль  (Көркем  бейне  және  графика) – «Сәулеттік  графика»,



«Компьютерлік графика – ІІ».

3-ші модуль (Жобалық графика) – «Сызба геометрия және перспектива»,



«Компьютерлік графика – ІІІ».

Бұнда  «Компьютерлік  графика – І,  ІІ,  ІІІ»  пәндеріндегі  компьютерлік

жобалаудың (үлгілеудің) мазмұны келесідей болады:

«Компьютерлік  графика – І» – техика  нысандарын құрылымдау  және


36

визуализациялау  барысында  КОМПАС,  AutoCAD  бағдарламалық пакеттерін

қолдану амалдары.

«Компьютерлік  графика – ІІ» – сәулет  және  монументальдық  өнер

нысандарын

құрылымдау  және  визуализациялау  барысында  AutoCAD,

ArchiCAD, КОМПАС бағдарламалық пакеттерін қолдану амалдары.



«Компьютерлік  графика – ІІІ» – дизайн  және  сәндік қолданбалы өнер

нысандарын құрылымдау және визуализациялау барысында «Adobe Photoshop»,

«Corel Draw», бағдарламалық пакеттерін қолдану амалдары.

Қолданбалы экономика

Қазақстанда  Шығыс  Еуропа  мен  Орталық Азияның  өзге  де  барлық

елдеріндегідей  тұрғындардың  қаржылық сауаттылық деңгейі өте  төмен.  Бұл

социалистік  кезеңнің уақыттық мұрасы  болып  табылады,  яғни  жанұяның

қаржылық

жоспарлауы  тұтынудың

шектеулі  мүмкіншіліктерімен  және

табыстың салыстырмалы  түрде  тұрақты  болуымен  байланысты.  Сондықтан  да

қоғамның экономикалық  өмірдегі  жаңа құбылыстарға  бейімделуімен қатар,

айналадағы заттарға байыпты көзқараспен қарайтын, болашаққа сенім білдіріп,

іскерлік  мәселелер  бойынша  жоспар

құрайтын,  уақыт өте

құндылығы

өзгермейтін  негізгі  түсініктер  мен  білімдердің жиынтығын қамтитын  базалық

бағыт-бағытты сақтау маңызды болып табылады.

Қазіргі  таңда қаржылық білім  берудің маңыздылығы  мынадай  екі  негізгі

себептерге байланысты біршама артты:

1) өмірге  және  болашаққа  маңызды

әсер  ете  алатын,  шешімді

қабылдаудың жауапкершілігі мен тәуелділігі мемлекеттен азаматтарға берілуде.

2) қаржылық 

қызметтер 

күннен 

күнге 


түрленіп 

келеді, 


бұл

тұтынушыларға  таңдау  нұсқаларының көптігінен қиын  да  болса  таңдау  жасау

керектігін білдіреді.

Несие,  жинақтау,  сақтандыру  және  ақша  аударымдары  сияқты әртүрлі

қаржылық  қызметтерді  пайдалану  және  жанұялық  қаржылық

басқару


сұрақтарында жаңа талаптар мен ескі тәжірибе мен тәсілдер арасында маңызды

мәселелер кездеседі. Басқаша айтқанда, мұндай жанұялар мен шаруашылықтар

ақшаны  табу  және  оны  жұмсау,  жинақтау, қарыз  алу  және  инвестициялау

сұрақтарында  ақшаны  басқарудың оңтайлы  тәжірибесін  меңгеруге  мүмкіндік

беретін  білім,  дағды  және  тәсілдемелерді қамтитын  базалық  қаржылық білім

беру  пен  ағартушылықты қажет  етеді.  Мектеп  оқушыларына  арналған

қаржылық сауаттылық бағдарламасы  мәселелерінің  өзектілігі Қазақстанның

экономикалық

және  саяси

өміріндегі  түбегейлі

өзгерістермен

қатар,


экономиканың бұл  бөлімінің мектептегі  білім  беру  ісіндегі  орны  туралы

ұғымның жоқтығымен айқындалады.

Қазіргі таңдағы мектептің концепциясы негізінде экономиканы, қаржылық

сауаттылықты,  менеджментті  және қолданбалы  сипатқа  ие  болған  басқа  да

бөлімдерді оқытудың негізгі мақсаттарын бөліп көрсетуге болады:


37

- қазақстандық 

қоғамның 

өмірінде 

болып 

жатқан


өзгерістерге

оқушылардың  әлеуметтік  бейімделуі  мен  бағдарлауына,  сонымен қатар

түлектердің

кәсіптік  бағыт-бағдар  алуына

қажетті  экономикалық

және


қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейін қалыптастыру.

- экономикалық

ойлаудың

мәдениетін

қалыптастыру:  экономикалық

құбылыстар  мен  олардың  өзара  байланысының мәні  жөнінде  оңтайлы

пікірлерді қарастыру,  экономикалық сұрақтар  бойынша  дәйекті  пайымдаулар

жасау, нақты экономикалық жағдайларды талдауда тәжірибе жинақтау;

Алға қойылған мақсаттарды іске асыру жастарды тәрбиелеуге бағытталған,

олар:


- өз елінің жауапкершілікті азаматтары болады;

- өзінің және қоғамның игілігіне өз  мүмкіншіліктерін  максималды  түрде

тиімді қолдана алады;

- ынталы, белсенді, өздігінен шешім қабылдай алады;

- жеке  тұлға  ретінде

өзін-өзі  дамыту  мен

өз  білімін  жетілдіруге

бағыттайды.

Оқушыларға  экономика  мен қаржы  сауаттылығы  негіздерінен  білім  бере

бастаған мұғалімдер жалпы білім беретін мектептерге енгізілген, экономикалық

тұжырымдамалар 

жинағы 


нақты

құрылған, 

сонымен

қатар 


осы

тұжырымдамаларды  оқытудың терең және  тиімді  тізбегі  айқындалған, қазіргі

заманғы оқу бағдарламаларын қажет етеді.

«Практикалық экономика: экономика және қаржы сауаттылығы негіздері»

бағдарламасы  12  жылдық мектептің  11 сынып  оқушыларына  арналған  және

қазақстандық оқушылардың базалық экономикалық түсініктер  мен  заңдарды

зерделеуге бағытталған.

Бағдарламаның мұндай  бағдар  алуы қаржылық және  экономикалық білім

берудің 

қазіргі  заманғы 

мектептің

тұжырымдамасына, 

мақсаты 

мен


міндеттеріне  сәйкес  келеді,  мектеп  оқушыларының бұл  білімі қазіргі  сәтте

қажет 


экономикалық

және


қаржылық

сауаттылық

бойынша 

білімге


үйлесімділікті қамтамасыз  етуге  ықпал  етеді.  Сонымен қатар,  бағдарлама

бойынша  жұмыс  бизнес  және  кәсіпкерлік қызметпен  байланысты  процесстер

туралы  мектеп  оқушыларына  жалпы  және  жеткілікті  бүтіндей  көрініс  алуына

мүмкіндік береді.

Бағдарламаны  «Экономика  және қаржы  сауаттылығы  негіздері»  деп

алуының себептерін бөліп көрсетеміз. Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстанда

шыққан, сонымен бірге шетелде де жасалған жаңа оқу-әдістемелік материалдар

таңдалып, қолданылды.  Бағдарламада  ағымдағы қаржылық оқиғалар  мен

жағдайларға  талдау  жасау, қазіргі  таңдағы  статистикалық және  экономикалық

мәліметтерді қолдану  секілді  жұмыстар  жоспарланған.  Бағдарлама  бойынша

жұмыс жасау компьютерлер, бейнетехника, интернеттік желі, мультимедиялық

бағдарламалар  мен  арнайы  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  сияқты қазіргі

таңдағы техникалық құралдарды қолдануды ұйғарады және ынталандырады.

Бағдарлама  бойынша  жұмыстың ең көп қайтарымы  оқытудың  қазіргі

таңдағы әдістемесін  (компьютерлік  модельдеу,  шағын  топтардағы  жұмыс,


38

рөлдік ойындар және т.б. қоса алғанда) кең түрде пайдалану арқылы алынады.

Білім мониторингісінің қазіргі заманғы әдістерін (автоматты түрде нәтижелерді

өңдеуден өткізетін  бақылау  тест  тапсырмаларын,  экономикалық есептерді

шығару,  экономикалық диктант,  реферат,  эссе,  іскерлік  ойын  барысында өз

бетімен қабылдаған  басқару  шешімін  бағалауды қоса  алғанда) қолдану

қарастырылған. Бағдарлама 34 сағатқа есептелген нұсқа ретінде жасалған.

Ұсынылған  оқу  жүктемесінің тақырыптар  бойынша  бөлінуі  бағыт  беруші

болып табылады. Мұғалім бағдарламаның берілген тарауларына оқушылардың

дайындық деңгейі  мен  олардың танымдық сұранысын  ескере  отырып,  акцент

жасауға құқығы  бар.  Мұғалім өзінің жеке  бағдарламасын  жасау  барысында

экономика  мен қаржы  сауаттылығы  курсының базалық мазмұнын  көрсететін

және  орта  білім  беретін  мектепте  негізгі ұғымдарды  жас  ерекшелегіне

байланысты  тізбектей  оқытуды ұсынған  негізгі  экономикалық түсініктердің

тізімін қолдануға болады.

«Практикалық экономика: экономика және қаржы сауаттылығы негіздері»

бағдарламасы  сабақты  жүргізудің белсенді  формаларын  кеңінен қолдануға

бағытталған.  Оларды қолдану  оқушыларға  пәнді  меңгеруді  жеңілдетеді  және

тездетеді,  практикада  экономикалық  ұғымдарды  бірінші  рет

қолдану


тәжірибесін  алады,  теориялық білімді  тереңдетіп  меңгеруге  көмектесетінін

тәжірибе  көрсетті.  Сабақты  жүргізудің белсенді  формаларын қолдану  іскерлік

және компьютерлік ойындардың ережелерін түсіндіру үшін және әсіресе алған

нәтижелерге талдау және өзінше пайымдау жасау үшін уақытты қажет етеді.

Оқу  сағаттарының жоғарыда ұсынылған  кестесі  сабақты  жүргізудің

белсенді формаларына 50% уақытты қолдануын ескерумен көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет